Көңілді старттар
Көңілді старттар

Сынып: 4
Дене шынықтыру
Тақырып: Көңілді старттар
Мақсаты: Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін түсіндіру, ерекшеліктерін ескерту; Сонымен бірге қабілетті балаларды анықтап, олардың спорттық ойындарда көрсеткен икемділігін, ынтасын дарынын байқай келе онан әрі жетіле түсуіне жағдай жасау, үлкен спорт түрлерінің сол балаға ыңғай келетін түрімен тұрақты шұғылдануына мүмкіндік жасау; Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.
Құрал - жабдықтар: доптар, парта, сақина, шеңбер, секіртпе т. б.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сапқа тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сынып санын түгелдеу. Себепсіз оқушыларды анықтау. Оқушыларды бір қатар етіп жүргізе отырып топқа бөлу.
I. Құлагер тобы.
Топ құрамында төрт адам
II. Тайбурыл тобы.
Топ құрамында төрт адам

Доппен жарысу
Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, орындықты айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді. Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады. Ойынның мақсаты - мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.

Шарды түсірме
Саптың ең алдында тұрған ойыншы шарды екі тізесінің арасына қыстырып алып орындықты айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

Кім жылдам
Саптың ең алдында тұрған ойыншылардың қолында шеңбер болады. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.

Секіртпемен секіру
Әр бір топ өз тобынан бір ойыншы шығарады. Белгі берілгенде ойыншы бір - бірінен қашықтау тұрып, секіртпемен секіре бастайды. Қайсы топтың ойыншысы бірінші болып тоқтап қалса сол топ жеңілген болып саналады. Бұл ойында ойыншының секіртпемен тоқтамастан секірген саны есептелінеді.

Сақина салмақ
Екі топ араласып отырады. Мұғалім олардың ашық қолына сақина салып шығады, балалар бірден қолын жұмады. Болған бойдан мұғалім; Тұр, сақинам тұр дейді. Қарсылас топтың баласы қасындағы қарсылас топтың баласын ұстап қалуы тиіс. Осылай үш рет сақина салынады. Қайсы топ үш рет яки 2 рет ұстатпай тұрып кетсе 3: 0 немесе 2: 1 болса жеңіске жетеді.

Қол күрес
Екі топтан бір – бір бала шығып күш сынасады. Бір рет жыққан жаққа бір ұпай беріледі.
Бұл ойында Құлагер тобы ойыншысы Әсет, Тайбурыл тобы ойыншысы Сабитпен күш сынасады.
II. Қорытынды
Кері қайту ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Гимнастика. Саптық жаттығулар

Гимнастика. Саптық жаттығулар

Гимнастика. Саптық жаттығулар Оқушыларды саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау: Бір орында. - Бір қатардан екі қатарға тұру. - Екі қатардан бір...
“Футбол ойынның негізгі ережесі” әдіс - тәсілдері

“Футбол ойынның негізгі ережесі” әдіс - тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: “Футбол ойынның негізгі ережесі” әдіс - тәсілдері Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту. Дамытушылық: Қимыл...
Ойын ережелері мен ерекшеліктері

Ойын ережелері мен ерекшеліктері

Ойын ережелері мен ерекшеліктері Ашық сабақ тақырыбы: Ойын ережелері мен ерекшеліктері Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын...
Волейбол. Допты астынан қабылдау және беру тәсілдері

Волейбол. Допты астынан қабылдау және беру тәсілдері

Волейбол. Допты астынан қабылдау және беру тәсілдері Сыныбы: 8 сынып...
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫ!

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫ!

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫ! Күш сынаспақ Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру