Сабақтың тақырыбы: Генетика және селекция негіздері. Генетиканың даму тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Генетика және селекция негіздері. Генетиканың даму тарихы олардың маңызы туралы жалпылама түсінік беріп, студенттер білетін ақпаратты толықтыра отырып, білімдерін арттыру.
Дамытушылығы: Өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыра келе, сұрақ – жауап, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар негізінде студенттердің бір – бірімен пікірлесе отырып ортақ қорытынды шығаруға, өз ойларын еркін жеткізе білуге баулып, білім, білік дағдыларын қалыптастырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу, салауатты өмір салтын сақтауға, тапқырлыққа, алғырлыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулып, эстетикалық және патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс, өзін- өзі бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау экраны, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Экология, генетика, т.б
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сергіту сәті. (оқушылар бір – біріне сабақта сәттілік тілеу)
Ә) «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдау туралы сипаттама беріп өту. (бейнебаян)
Мақсатын хабарлау.
Оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз қатарға бөлініп, деңгейлік тапсырмаларды орындауды мақсат етеді. Сол үшін мен сендерді үш қатарға бөлдім. Топ басшысын сайлау. Әр топ басшысы өз тобыңыздағы оқушылардың аты- жөнін бағалау экранына жазу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Ал балалар біз бүгін Маңғыстау өлкесінің Шерқала, Ақмыштау, Отпан тауларын «Саяхат» ойыны арқылы тамашалап, әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында үйге берілген тапсырманы пысықтаймыз.
Ойын шартымен таныстыру. Шарт бойынша «Қазақстан - 2050» яғни биікке жету үшін ІІІ аялдамадан өтесіздер. Әр аялдамадан өткен сайын белгі қойып кетіп отырасыздар да келесі аялдамаға дейінгі тапсырманы орындайсыздар. Бірінші аялдама «Шерқалаға» бару үшін сол аялдама туралы не білетінімізді ортаға салайық.
І. Аялдама «Қызықты сұрақтар» деп аталады. 3 балл.
Шерқала тауының керемет әсемдігін тамашалай отырып, І – ші деңгей сұрақтарына жауап бересіздер, үш топқа да бірдей сұрақ беріледі. Ойлануға уақыт берілмейді. Топ басшысы жауап берген оқушыларды белгілеп, балын қойып отырасыздар.Әр дұрыс жауапқа 3 балл. Экраннан тапсырманы көрсету.
1. Аталық жыныс жасушаларының дамуы мен процесін және аналық жыныс жасушаларының дамуы мен қалыптасуын не деп атайды? (овогенез)
2. Жалпы жыныс бездерінде аталық және аналық гаметалардың дамып жетілуін не дейміз? (гаметогенез)
3. Гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы (ұрықтану)
4. Моноспермиялы ұрықтану дегеніміз не? (сүтқоректілердің бір ғана жұмыртқасының ұрықтануы)
5. Ұрықтанған жасушаны не деп атайды? (зигота)
6. Гаметогенез дегеніміз- (жыныс бездерінде аталық және аналық гаметалардың дамып жетілуі)
Келесі аялдамаға кедергісіз жету үшін «Ақмыштау» туралы білетінімізді ортаға салайық.
ІІ. Аялдама «Ақмыштау» «Кім көп біледі?» 4 балл
Ақмыштау аялдамасына тоқтала отырып, ІІ – деңгей тапсырмаларын орындаймыз. Биологиялық диктант.
1. Кейбір жағдайда жұмыртқа жасушасына бірнеше спермотозоидтер енеді, мұндай құбылысты ... деп атайды?(моноспермиялы ұрықтану)
2. ... организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым? (эмбриология)
3. Жасуша ұрықтанған соң организмнің жеке дамуы ... басталады. (овогенез)
- Оқушылар сендер «Саяхат» ойынының екі кезеңінің шартын орындап жақсы жетістікке жеттіңдер. Келесі кезеңдердің тапсырмаларын жаңа сабақты өту барысында орындаймыз. Олай болса балалар біздің барлығымыздың ата – бабаларымыз бар біз олардың ұрпағымыз, әке – шешелеріміз бар біз олардың балаларымыз яғни, біздердің түр әлпетіміз, жүріс – тұрысымыз, болмысымыз оларға ұқсас болып келеді. Олай болса бұлар бізге не арқылы беріледі?.(Тұқымқуалаушылық). Дұрыс айтасыздар яғни осы қасиеттердің барлығы тұқымқуалаушылық арқылы беріледі. Олай болса осы тұқымқуалаушылықпен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика деп аталады. Сонымен бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы « Генетика және селекция негіздері. Генетиканың даму тарихы». Олай болса дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазып, жаңа тақырыпты тыңдаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыбы: Генетика және селекция негіздері. Генетиканың даму тарихы.
Генетика дегеніміз – белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым.
Генетика
Генетиканың даму тарихын зерттеушілер 3 кезеңге бөледі:
1-ші кезең- 1900-1910жылға дейін
2-ші кезең- 1911-1953жылға дейін
3-ші кезең- 1953 жылдан қазіргіге дейін.
Будандастыруды ж/е оның нәтижелерін сызбанұсқа түрінде жазу үшін төмендегі белгілер қолданады:
Р – ата-ана (лат. раrental - ата-ана)
Ғ – ұрпақ (лат. Filia-ұрпақ)
Ғ1 – бірінші ұрпақ, яғни олар Р-ның ұрпағы.
Ғ2 – реті бойынша екінші ұрпақ, яғни олар
Ғ1-дің ұрпақтары.
♀ - аналық жынысы
♂ - аталық жынысы
Χ – шағылыстыру белгісі
: - ұрпақтардың фенотиптері н/е генотиптері б/ша ажыраудың сандық арақатынасы.
Фенотип деп ағзаның ішкі ж/е сыртқы белгілерінің жиынтығын айтады, яғни тұқымның түсі мен пішіні, гүлінің реңі, сабығының ұзындығы т.б. Фенотип генотиптен ж/е сыртқы ортаның жағдайларына байланысты қалыптасады.
Генотип- ағзаның гендерінің толық жиынтығы.Генотип фентипті анықтайды.
Доминатты(басым).Гибридтерде 1-ші ұрпақта бірден фенотипте көрінетін белгі. Оларды үлкен әріптермен белгілейді. Мысалы, А, В, С ж/е т.с.с. Доминатты ген гомозиготада да (АА), гетерозиготада да (Аа) бірден көрінеді. Ал гетерозиготаларда фенотипте көрінбей қалған белгін рецессивті деп атайды. Оларды кіші әріптермен белгілейді. Фенотипте генотипі гомозигота күйінде (аа) болса ғана көрінеді.
ІV. Дәптерге термин сөздерді жазу.
V. Жаңа сабақты бекіту.
- Ал балалар келесі ІІІ – аялдама «Отпан тау». Ол аялдамаға бару үшін сол тау туралы не білеміз?
ІІІ. Аялдама «Отпан тау» «Сен білесің бе?» 5 балл.
Бұл сайыста ұяшықтарды ашамыз. Әр дұрыс жауапқа топ басшылары бағалау парағына 5 балдан қойып отырыңыздар. Интерактивті тақтамен жұмыс.
10. Генетикалық символдарды жаз
20. Будандасу түрлері
30. Сурет туралы әңгімелеу
40. Сәйкестікті табу
50. Сурет туралы әңгімелеу
- Міне балалар, біздер барлық аялдамалардан кедергісіз өтіп, «Қазақстан - 2050» келіппіз, Отанымыз Қазақстан, туған өлкеміз Маңғыстау, өскен жеріміз Жаңаөзен қаласына ораламыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауында “Қазақстан-2030» бағдарламасында айтылған 2005 жылғы жолдауында «Жасыл ел» бағдарламсын ұсынып, 1 айдан соң «Жасыл ел » ұйымы құрылып өз жұмыстарын атқарып келеді. «Жасыл ел»- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен Республика аймағын көгалдандыру мақсатында құрылған еңбек жасағы. Бұл ұйымды құрудың негізгі мақсаты: студенттер мен оқушыларды жазғы демалыста жұмыс пен қамту. Табиғатты қорғап, өсімдіктер мен жануарларды қорғау және өртенген ормандарды қалпына келтіру. Қазіргі уақытқа дейін бұл ұйым бірнеше маңызды жұмыстар атқарып келеді. Күн санап еліміз көркейіп келеді. Оған барлық Қазақстан халқы, соның ішінде біздің туған өлкеміз Маңғыстауда өз үлесін қосуда.
- Рефлексия
Мына сөйлемдерді аяқта:
- Бүгінгі сабақта маған жаңалық болды...
- 2. Бүгінгі сабақта басты ой ... болды.
- 3. Менің ұсынысым...
VІІ. Бағалау. (3мин)
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызда генетика және селекуия негіздері және генетиканың даму тарихы, генетикалық символдар, дигибридті, моногибридті, полигибридті будандасу туралы көптеген мәліметтер алдыңыздар. Тапсырмалар орындау барысында өз білімдеріңізді көрсеттіңдер. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталып келеді.
Топ басшылары тобыңыздағы оқушылардың алған ұпайларын есептеңіздер. Экрандағы бағалау критерилері бойынша өздеріңізді бағалаңыздар.
«5» алған оқушылар қолдарыңызды көтеріңіздер (осылайша 4,3 алған оқушыларды анықтап бағалау). Жеңіске жеткен топты марапаттау.
VІІІ. Үйге тапсырма
1. Генетика және селекция негіздері. Генетиканың даму тарихы туралы оқу.
2. Қазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуы туралы мәлімет жинау.




