
Жиентаева Ақерке Сулейменовна
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Озерное орта мектебінің биология пәні мұғалімі
9 сынып. Биология.
Сабақтың тақырыбы: Фотосинтез
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Фотосинтез жайлы толық ұғым беру. Фотосинтез
фазаларына, факторларына тоқталу, фотосинтез бен
тыныс алудың өзара байланысы жайлы ұғым беру.
Дамытушылық: Сабақта ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған өлке табиғатын бағалауға, қоршаған
ортаға жанашырлықпен қарауға ықпал ету.
Көрнекіліктер: Кестелер, жасуша құрылысы, жеміс – жидектер.
Пәнаралық байланыс: Химия, физика, әдебиет.
Жаңа технология Сызбалар, Венн диаграммасы, ассоциациялық аймақ.
элементтері: Ас туралы мақал – мәтелдер, биологиялық диктант,
биологиялық домино.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Сәлеметсіздер ме оқушылар. Бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп
отыр. Сабағымызды бастамыс бұрын, сабағымыз сәтті өту үшін бір – бірлеріңе жүректен шыққан жылы лебіздеріңізді білдіре ғойыңыздар. Мен сендерге осы сабақтан өздеріңе керек мағұлымат алады деген ойдамын. Оқушылар бір – бірлеріне тілек айтады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Менің қолымда өсімдіктің жасыл жапырағы. Бұл жай
жапырақ емес – ол органикалық заттар фабрикасы. Міне,
мына жемістер осы үрдіс нәтижесінде пайда болады.
Әрқайсысының өзіндік дәмі бар, олар көмірсулар. Мысалы:
сахароза, фруктоза, глюкоза т.б. заттар алынады. Осы
фабрикада 450 млрд тонна органикалық заттар
синтезделеді. Осы синтез реакциясына 600 млрд тонна
көмірқышқыл газы жұмсалады.
Бұл қандай үрдіс?
Иә, бұл үрдіс фотосинтез.
Біздің бүгінгі тақырыбымыз фотосинтез деп аталады.
Бүгінгі күнді, тақырыпты жазып алыңдар.
Фотосинтез нәтижесінде өсімдіктерден 20 мыңдай зат
өндіріледі. Олар: минералды заттар, дәрі- дәрмектер,
майлар, көмірсулар, құрылыс материалдары, киім- кешек
жеміс – жидектер, дәрумендер т.б. заттар алынады.
Бүкіл жануарлар әлемін және адамзатты энергиямен,
азықпен және оттегі газымен қамтамассыз ететін
фртосинтез үрдісі. Фотосинтездің құпиялары өте көп. Ол
АТФ синтезінің көзі. Ал синтез бен ыдырау үрдісі
метаболизмге тікелей байланысты. Ендеше зат алмасу
туралы білімдеріңді еске түсіріңдер.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
Биологиялық домино.
Мына тақтада зат алмасу сатылары берілген соны дұрыс
орналастырыңдар.
Метаболизм, катаболизм, ақуыз, ыдырау, энергия, қалдық,
көмірсу, май, энергетикалық алмысу, пластикалық алмасу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ал қазір фотосинтез туралы білімдеріңді ортаға салайық.
Ассоциациялық аймақ құрайық.
Ашылу тарихына тоқталады.
Фотосинтездің ашылу тарихы кімнің есінде бар?
Фотосинтез жүру үшін қандай жағдайлар қажет?
Жарық, көмірқышқыл газы, су, жасыл жапырақ
қажет.
Суретпен жұмыс.
Сутетті түсіндіру. Фотосинтез үрдісі.
Мына суретте фотосинтез үрдісінің сызбасы. Жарықта
жасыл жапырақта күн энергиясының қатысуымен су
мен көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі.
Фотосинтез нәтижесінде органикалық зат глюкоза
түзіледі.
Фотосинтез үрдісінің жиынтық теңдеуін кім
жазады?
6СО 2 + 6Н2 О С6 Н12 О6 + 6О 2
Суретпен жұмыс.
Сутетті түсіндіру. Хлоропластың құрылысы.
Жапырақтың түсі жасыл болу себебі неде?
Хлоропласт пластидтерінде хлорофилл пигменті бар
Mg атомы болуына байланысты. Күзде Mg атомын
Н атомы алмастырады да жапырақ түсі қызыл, қоңыр
түске айналады.
Дәптермен жұмыс
Хлоропласт хлорофилл дәндері граналар тилакойд
Бүкіл мәліметтерді пайдаланып фотосинтез анықтамасын қорытып шығарайық
Фотосинтез – дегеніміз күн энергиясын химиялық
байланыстар энергиясына айналдыру механизімі.
Айтылып жатқан мәліметтер мен дәйектерді
күрделендіріп фотосинтез фазаларына тоқталайық.
Оқулықпен Оқулықтан фотосинтез сатылары мәтінін оқыңдар.
жұмыс.
Венн диаграммасы бойынша салыстырайық
Дәптерге жазыңдар
Жарық сатысында оттегі 20-30 есе көп бөлінеді, қараңғы
сатысында өсімдіктер өздері О2 тұтынады яғни тыныс алады.
Сондықтан дәрігерлер өсімдіктері өте көп бөлмеде ұйықтауға
рұқсат етпейді.
Фотосинтез үдерісінің қарқындылығына көптеген факторлар
әсер етеді
Факторлар
Ішкі факторлар Сыртқы факторлар
Хлоропласттардың мөлшері; Жарық мөлшері; СО2 конц;
хлофилдің саны, мөлшері, ауа t; ылғал мөлшері;
типі; фрменттер тиімділігі
жапырақтардың мөлшері,
пішіні, орналасуы;
Таныс алу мен фотосинтезді салыстыру
Тыныс Фотосинтез
алу
Фотосинтез үрдісінің негізі – азық-түлік
Олай болса азық- түлік туралы мақал-мәтелдер айтып
жіберейік.
1.Ас атасы- нан,
Нан атасы- дән.
2.Ас адамның арқауы.
3.Аға бардың – бағы бар.
4.Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп.
ІІІ. Пысықтау: Тест жұмысы
IV.Үйге тапсырма
V. Бағалау



