Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, онтогенез, көбею, қартаю, организмнің өлуі

Ашық сабақ тақырыбы: Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі,онтогенез,көбею ,қартаю,организнің өлуі.

Мақсаты: Организмнің эмбриондық дамуы жөнінде түсінік беру. Организмдегі биологиялық заңдылықтарға тоқталу.

Міндеттері:

а) Организнің постэмбрион және эмбрион дамуын ұғындыру, организмдерге тән биологиялық заңдылықтар- көбею, қартаю, өмірден өту немесе тіршілігін тоқтату жөнінде түсінік қалыптастыру.

ә) Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, терең ойланып, еркін жүйелі сөйлеп , ой түйін жасай білуге дағдыландыру. Биологиялық білімін тереңдете отырып, ес, зейін дағдыларын дамыту.

б) Тіршілік ең жоғарғы құндылық екенін ұғынып, осы өмірде игілікті істер жасап, өмірде өз іздерін қалдыратын биологиялық, экологиялық білімді салауатты ұрпақтарды тәрбиелеу.

Түрі: Аралас

Әдісі: Тірек- белгілер, баяндау,сұрақ-жауап, іздену топтық жұмыс, оқыту стратегиясы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, математика,

 

 

Жоспар:

Барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Сергіту сәті «Психологиялық тренинг»

3.Білім минуты

4.Ми қозғау

5.Жаңа сабақ

6.Білгенің біліміңе жол ашады

7.Біліміңді сына

8.Қорытынды

9.Үйге тапсырма

10.Бағалау

1. Сергіту:

● Мен ойымды тез жинақтаймын

● Білімге қызығушылығым жоғары.
● Терең ойлап, нақты жауап беремін.

● Өз біліміме сенімдімін.

Бүгінгі сабақта бәріне сәттілік тілеймін!

Оқушылар тақтадан бір оқып шығып, көздерін жұмып, іштей қайталайды.

2. Білім минуты

Тікелей сұрақтар:

● Онтогенез дегеніміз не?

● Эмбриология ғылымы нені зерттейді?

● Эмбриология ғылымының негізін салған ғалымдар ?

● Зертханалық жұмыс № 5

Электрондық оқулық. Зертханалық жұмыс № 5

Постэмбриондық даму түрлерін талдау.

3. 1 Слайд“Ұрық сөзі” Жатыр ішінде дамып жатқан ұрық сөзі тыңдалады.

Ана-өмір басталады.

  Бүгін менің өміріме бастау алды. Мен қыз баламын. Мен адаммын. Менің анам барда менде бар боламын. Менің ауызым ашынады. Болашақта мен көремін, сөйлеймін. Алғашқы сөзі - АНА болады. Бүгін менің жүрегім соға бастады. Бұдан бұлай өмірі бойы тоқтамай, үздіксіз соға береді. Көп жылдардан кейін ол шаршайды. Ол тоқтаса мен өлемін “Жоқ – Жоқ ! ” мен күн санап өсіп келемін! Менің аяқтарым, қолдарым бірікпейінше ие болып келе жатыр. Шаштарым өсіп келеді, мен аздап көре аламын. Менің айналам қараңғы, су. Менің анам маған әлемнің есігін ашып берсе де, одан сәулесінен жарық көп болады. Кейбір бала өмірге ауыр болып келеді. Менің денім сау. Мүшелерім,жүрегім мықты.Ана, сенің кішкентай денің сау қызың болады.

4. “Білім мен Білік”

1. Тіршілік негізі – жасуша.

2.Ұлпа – жасушалар тобы.

3.12 мүшең сау болсын!

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, осы тақырыптарын ғылыми тұрғыда түсіндіреді.

Электронды оқулықтан суреттер көрсетіледі, толықтырылып.

1. Бластула

2. Гаструла

3. Нейрула

Осы 3-уі негізінде организм қалыпты.

5. Тақтада: Жасуша – ұлпа – мүше – организм - біртұтас құрылым – тән биологиялық заңдылықтар.

  1. Көбею
  2. Қартаю
  3. Өмірден өту
  4. Білгенің біліміне жол ашады.

Алдын ала тақырыптарберілді.

Қысқаша эссе жазу немесе қосымша хабарламалар.

6. Біліміңді сына

Тарау бойынша ҰБТ кездесетін терминдер мен сандар.

1.Жасуша бөлінуі.

2.Интерфаза кезеңдері.

3.Қосарынан ұрықтануға қатысатын тозаң саны?

4.Дене классы бөлінгенде хромосома жиынтығы ?

5.Бластула қабаты ?

6.Зигота ?

7.Гамета ?

8.Интерфаза?

9.Кроссинговер?

10.Конъюгация ?

7. Қорытынды: “Ой түйін”

Көбею – ұрпақ саны

Мәңгілік ел !

8. Өзіңді бағала.

Оқушыларға бағалау парақтары алдын ала беріліп қойылады. Жазылған критерийлер бойынша оқушы өзін бағалайды.

9. Үйге тапсырма: Мен болашақ анамын! Мен болашақ әкемін

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру