Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы
С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектеп
|
Авторлық бағдарлама «Генетика және селекция негіздері» |
Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі
10 сыныптарға арналған қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламасы.
Жаратылыстану- математикалық бағыт.
|
Биология пәнінің мұғалімі: Исмагулова Акзия |
2015-2016 оқу жылы
«Бекітемін»
Мектеп директоры
Н.Кәттебеков
1 қыркүйек 2015 ж
Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі
10 сыныптарға арналған қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламасы.
Жаратылыстану- математикалық бағыт.
Биология пәнінің мұғалімі Исмагулова А
«Генетика және селекция негіздері».
Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
Түсінік хат
«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының негізгі ерекшелігі биология ғылымының салалары генетика және селекция негіздері бойынша білімдерін, толықтыруға мүмкіндік береді. Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт бере алады. Курс генетика және селекция ғылымдарының жаңа жаңалықтарын білуге негізделген. Биология сабақтарында алған білімдерінің яғни, тірі ағзаларға тән тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын және генетика ғылымы мен селекция ғылымының арасындағы байланысты зерттеп, зерделейді. Курсты оқыту кезінде оқуышлардың биология базалық білімінде алған білімдері кеңінен пайдаланылады. Генетика ғылымының заңдылықтарын есептер шешуде пайдалана білу. Адам генетикасының ерекшеліктерін, өзгергіштік заңдылықтарын. Қазақстандағы генетика мен селекция ғылымдарының табыстарын,гендік инженерия , биотехнология негіздерін оқып-үйрену болып табылады. Курс жоғары сынып оқушыларына арналған
Курстың мақсаты:
Генетика ғылымының негізгі заңдылықтарын оқыта отырып оқушылардың өздік білімдерін кеңейтіп, теориялық білімді практикада қолдануға, яғни генетикалық есептерді шешу жолдарын қарастыру. Селекция ғылымы мен генетика ғылымының арасындағы байланысты оқып – үйрену
Міндеттері:
- Генетика және селекция негіздері бойынша алған білімдерін тереңдету
- Оқушылардың өздігінен шығармашыл ізденуге, генетикалық есептерді сауатты шеше білуге тәрбиелеу
– ғылымның әлемдік бейнесін жалпы адамзаттық мәдениетттің компонентті ретінде қалыптастыру;
– генетика және селекция негіздерін оқып білу үрдісінде, пәнге қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
– экологиялық және жалпы мәдениетке, өзінің және өзгелердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, адам өмірі ең жоғарғы құндылық екендігін жетік түсінуге тәрбиелеу.
– оқушылардың ғылыми-жаратылыс танымдық білімін және өздігінен білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету
– Оқушыларға өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын кеңейту
– Оқушылардың бейіндік оқуын таңдауға көмектесу
– Жеке бас гигиенасын сақтай білу
– Әртүрлі генетикалық жұқпалы аурулар туралы білімдерін кеңейту, және алдын- алу шараларын білу
– Зертханалық жұмыстар арқылы теориялық білімді практикамен ұштастырып отыру
Сабақтың негізі түрлері: лекция; зертханалық жұмыс; сарамандық сабақ; есептерді шешу сабақтары
Бақылау түрлері: суреттер; формулалармен жұмыс жасау, кестелермен жұмыс істеу, тәжірибе қою және қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, алынған қорытындыларға қалыпты жағдаймен салыстыра отырып аналитикалық сараптама жасау, алынған зерттеу қорытындыларымен жеке сипаттамалар жаза білу
Курсты оқытуды аяқтау формасы:
-рефераттар жазып қорғау, оны әрі қарай шығармашылықпен жетілдіру,ғылыми жоба жасап қорғау.
-түрлі генетикалық есептер шығару.
-тест сұрақтарына жауап беру.
Оқу жетістіктерін бағалау:
-деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-Оқушыларға:
1. мектеп оқулықтары, 10-11-сыныптары.
2. Гуляев Г.В Генетика Москва 1977.
3.Интернет желісін пайдалану.
-Мұғалімге:1. Мұхаметжанов К. «Генетика және селекция негіздері», 1996.
2. «Биология салауаттылық негіздері» журналдары.
3. «Биология анықтамалығы» журналдары.
4. Инге-Вечомов: Генетика с основами селекции. Москва 1989.
Рефераттар тақырыптары:
1.Генетика жетістіктері.
2. Г. Мендель өмірі мен қызметі.
3. Денсаулық және медицина.
4. Қазақстандағы биотехнологиялық жетістіктер.
5. Әлемдік гендік инженерия. т.б.
Бақылау түрлері мен формасы:
- Әртүрлі қиындық деңгейдегі тест тапсырмалары
- Семинар сабақтар
- Кестемен жұмыс істеу
- Есептер шешу
Әртүрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмалары бар жеке карточкалар.
Тақырып жоспарының мазмұны.
Генетика негіздері.
Генетика ғылымы және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны. Генетика ғылымының даму кезеңдері. Генетика саласындағы ғылым зерттеулер. Грек ойшылдарының еңбектері (Демокрит, Гипократ, Аристотель). Эвалюциялық ілім (Ч.Дарвин). Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының ашылып қалыптасуы. Г.Мендель, Т.Бовери, У.Сзттон, Т.Морган, В.Иогансен, Гуго де Фриз, К.Коренс, Э.Чермак, Н.Вавилов т.б.
Г.Мендель, оның еңбектері. Гибродологиялық әдіс. Моногибридтік будандастыру. Доминанттық, рессивтік белгілер.
Аллельді гендар. Фенотип және генотип. Гомомзиготалы, гетерезиготалы особьтар. Г.Мендельдің 1-2 заңдары. Белгілердің ажырау себептері. Гаметалар тазалығы гипотезасы. Талдаушы шағылыстыру. Моногибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздері. Тіркес тұқым қуалау. Тіркесу топтары. Генетикалық карта. Т.Морган заңы. Хромосомалық теория. Кроссинговер. Ген, құрылымы, қасиеті. Гендердің ара-қатынасы. Генотип.
Жыныс генетикасы. Жынысты анықтау. Жыныспен тіркес тұқымқуалау. Гемофилья және дальтонизм. Гендердің өзгеруіне ортаның әсері. Медициналық генетика. Адамның тұқымқуалайтын арулары, олардың алдын алу.
Өзгергіштік заңдылықтары.
Өзгергіштік және оның түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктер. Мутациялардың жиілігі. Мутацияның пайда болуына ортаның әсері. Геномдық, хромосомалық және гендік мутациялар. Эксперименттік мутациялар. Селекциядағы мутацияның рөлі. Н.И.Вавиловтың гомологиялық қатарлар заңы. Генетика және эвалюциялық теория. Популяциялар генетикасы. Аллельдер және генотиптер жиілігі. Харди-Вайнберг заңы. Табиғи Сұрыптаудың түрлері: тұрақтандырушы және қозғаушы сұрыптаулар.
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы.
Селекцияны генетикалық негіздері. Селекция үшін бастапқы матералдарды іріктеп алу, бағалау. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Өсімдіктер селекциясы. Өсімдіктерді қолдан сұрыптау және будандастыру. Селекциядағы табиғи сұрыпталудың маңызы. Айқас тозаңданатын өсімдіктердің өздігінен тозаңдануы. Гетерозис. Жасанды мутагенез, оның селекциядағы маңызы. Полиплоидия. Жануарлар селекциясы. Үй хайуанаттарын әріден будандастыру. Қазақстандағы жануарлар селекциясының жетістіктері. Микроорганизмдер селекциясы, оның өнеркәсіптегі маңызы. Биотехнология, оның бағыттары. Генетикалық инженерия.
Лабораториялық жұмыстар.
Вариациялық қатарды құру және жапырақ ұзындығының өзгергіштігінің вариациялық қисық сызықтарын сызып көрсету.
Көрсетілімдер.
Мендель заңдарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін көппешөп материалдарын, жинақтамаларды, нақнұсқа-жапсырмаларды, сызбанұсқаларды, тәжірбиелерді көрсету.
«Генетика мен селекция негіздері» курстың тақырыптық жоспары
Аптасына 1сағат
Жылына 34 сағат
|
р/с |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
мерзімі |
|
1 |
Генетика- тұқым қуалау мен өзгергіштік заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Қазіргі кездегі гендер мен генотиптер ұғымдары мен терминдері. |
1 |
|
|
2 |
Г.Мендель заңдылықтары. Моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері. Есептер шығару |
1 |
|
|
3 |
Полигибридті будандастыру. |
1 |
|
|
4 |
Тұқымқуалауда көптік аллельдер типі |
1 |
|
|
5 |
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі |
1 |
|
|
6 |
Комплементарлық және эпистаз |
1 |
|
|
7 |
Плейотропты және полимерлі гендердің әрекеттесуі.Ажырау типтерінің жүруі |
1 |
|
|
8 |
Генетикалық әрекетттесудің табиғи қатынасы |
1 |
|
|
9 |
Тұқымқуалаудағы тіркес гендер.Томас Морган заңдылығы |
1 |
|
|
10 |
Жыныстық хромосомалар. Жынысын анықтау есептер шығару |
1 |
|
|
11 |
Сүтқоректілердің аталығындағы Х-хромосоманың көріну ерекшелігі.Құстар мен бунақденелілерде аналық жыныстарының белгілері |
1 |
|
|
12 |
Тұқым қуалайтын жыныстық және аутосомдық хромосомалар арқылы берілетін аурулар |
1 |
|
|
13 |
Тұқым өзгергіштігінің сәйкес қатарлар заңы |
1 |
|
|
14 |
Гендік , хромосомалық , геномдық мутация түлері |
1
|
|
|
15 |
Адам генетикасы және әдістері |
1 |
|
|
16 |
Адамның хромосомалық және генетикалық шежірелігі |
1 |
|
|
17 |
Адам генетикасында генетикалық әдістің зерттелуі |
1 |
|
|
18 |
Жасушадағы биологиялық құбылыстың әсерінен қатерлі ісіктің өсуі |
1 |
|
|
19 |
Популяциядағы генотиптер арақатынасы. Харди –Ваинберг теңдеуібойынша есептеулер жүргізу |
1 |
|
|
20 |
Генетика және эволюция теориясы |
1 |
|
|
21 |
Медициналық генетикасы |
1 |
|
|
22 |
Сұрыптау.Сұрыптаудың негізгі әдістері |
1 |
|
|
23 |
Жақын туыстық будандастыру(инбридинг). Гетерозис |
1 |
|
|
24 |
Көпплоидтылық және бағытты мутагенез өсімдіктерде қолданылуы |
1 |
|
|
25 |
Саңырауқұлақтар мен ұсақ ағзаларды сұрыптау ерекшеліктері |
1 |
|
|
26 |
Биотехнология. Гендік инженерия |
1 |
|
|
27 |
Жасушалық және ферменттік инженерия |
1 |
|
|
28 |
Генетика мен селекцияның табыстары. Жануарлар және өсімдіктердің гендік инженериясы |
1 |
|
|
29 |
Биотехнологияның медицинада және селекциядағы маңызы |
1 |
|
|
30 |
Моногибридті, дигибридті будандастыруға , аллельді емес гендердің әсерлеріне есеп шығару |
1 |
|
|
31 |
Полигибридті будандастыру , көптік аллельдер типіне есептер шығару. |
1 |
|
|
32 |
Жыныстық тіркес белгілері бойынша есептер шығару |
1 |
|
|
33 |
Қазақстандағы жасөспірімдер мутацияға және кемістік ауруларына ұшырау себептері |
1 |
|
|
34 |
Қазақстандағы генетика мен селекция негіздерінің табыстары |
1 |
Бағалау шкаласы**
|
Таңбалау жүйесі бойынша бағалау |
Бағаның сандық баламасы |
Бағаның пайыздық мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
|
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
|
А- |
3,67 |
90-94 |
|
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
|
В |
3,0 |
80-84 |
|
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
|
С |
2,0 |
65-69 |
|
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
|
Д+ |
1,33 |
55-59 |
|
|
Д |
1,0 |
50-54 |
|
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Пәннің саясаты
- Оқушы түзілген кестеге сәйкес дәріс және тәжірибе сабақтарына қатысу міндетті;
- сабаққа кешікпеу;
- сабақты жібермеу;
- оқу процесіне белсенді араласу;
- ішкі тәртіпке бағыну және орындау;
- үй тапсырмаларын өз уақытында және нақты орындау;
- тапсырмалар орындалмаған жағдайда және дәріске себепсіз қатыспаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талып.
- Генетиканың шығу тарихын оқушылар білуі тиіс;
- Мендель зандарын пайдалана отырып, есептер шығара білуі тиіс;
- Т.Х. Морган зандарың теориясын менгере отырып, практикада пайдалана білуі тиіс;
- Гендердің өзара әрекеттесуін ажырата отырып менгеруі тиіс;
- Генетика теориясының қазіргі жағдайын пайдалана білуі тиіс;
- Тұқым қуалайтын аурулардың болу себептерін анықтай алуы тиіс.
Бағалау критерийлері.
- Оқушының ақпараратты жинақтау жұмысы;
- Оқушының топпен жұмыс істеу қабілеті;
- Даму деңгейін анықтау;
- Тақырып бойынша оқушының өз пікірін жеткізе білу;
- Уақыт үнемдеу қабілеті;
- Танымдық белсенділігі;
- Тұсау кесер;
- Түйсіну (рефлексия);
- Оқушының зерттеу құзыреттілігін дамыту.
Көрсеткіштер.
- «Генетика» тақырыбы қарастырылған әдебиеттер тізімін ұсыну;
«Генетика» тақырыбын анықтымалықтан қарастыру,интернетпен жұмыс істеу;
- «Генетика» тақырыбына есептер шығару.
«Генетика» тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру;
- Биология құбылыстарын анқтай білу;
Табиғаттан биологиялық құбылыстарды білу;
- –Тірі табиғаттағы механизмдерді анықтай білу;
-Тұқым қуалаушылықтын тірі организмдерге әсерін білу;
- Мендель заңдарымен есептер шығару;
- «Генетика» тақырыбында викторина,сөзтізбек т.б. құрастыру; қосымша баяндама жасау;
- Әзірленген материалды қорғауға ұсыну;
- Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды әзірлей білу;
- Алған білімдерді медицинада пайдалана білу.
Шағын жоба тақырыптары.
- Генетика ғылымның ашылу тарихы;
- Гендердің дефференциалдық белсенділігі;
- Гендердің алелсіз өзара әрекеттесуі;
- Ген теориясының қазіргі жағдайы
- Генетикалық карталар;
- Адам генетикысы (Шежіре әдісі);
- Селекция методтары;
- Генетикалық есептер шығару жолдары.
Мұғалімдер пайдаланатын әдебиеттер.
- 1. Автор: Ә.Қалиев, Е.Жұмабаев. Өсімдік генетикасы.
- 2. Автор: В.Корунская. Жалпы биология сабақтары.
- 3. Биология және салауаттану журналы.
- 4. Автор: А.Н. Мечкова.Жалпы биологиялық оқыту методикасы.
- 5. Автор: М.Е. Лобалиева, К.В. Ватти, М.М.Тихомирева. Алматы. Генетика және селекция негіздері.
- 6. Автор: Е.Ж. Стамбеков. Алматы 1993. Жалпы генетика.
- 7. Алматы 2005. Биология оқыту әдістемесі.
Оқушылар пайдаланған әдебиеттер.
- 1. Автор: К.Мұханбетжанов, Л. Аманжолова. Алматы 1993. Генетика есептерінің жинағы.
- 2. Автор: М.Жұмажанов. Қарағанды 1996.Жалпы генетика курсының есептер жинағы.
- 3. Автор: М.Гильманов, А.Сартаев. Алматы 2006. Биология және салауаттану журналы.
- 4. Автор: А.Сартанв. Алматы 2006. Адам генетикасы.
- 5. Автор: М.Гильманов, А.Сартаев. Алматы 2006. Жалпы биология.
- 6. Қазақтілі терминднрінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Биология.
- 7. Автор: А.Сртаев, С.Жолымбетова. Алматы 2006. Жалпы биология есептері.
- 8. Автор. Р.Сәтімбекұлы, Ғ.Ережепова, Б.Унасбаева. Алматы 2007. Тәрбие тағлымдары.
Негізгі құжаттар.
- 1. ҚР «Білім туралы» Заң. 2007ж
- 2. ҚР 2015 жылға дейінгі стратегиялық білім бағдарламасы.
- 3. «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы.
- 4. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім бері стандарты, Алматы 2006
- 5. «Жалпыға міндетті білім беру және бейіндік оқуға дайындау тұжрымдама жобасы» Алматы 2006
- 6. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
ЕСКЕРТУЛЕР
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
өрсеткіштер.
- «Генетика» тақырыбы қарастырылған әдебиеттер тізімін ұсыну;
«Генетика» тақырыбын анықтымалықтан қарастыру,интернетпен жұмыс істеу;
- «Генетика» тақырыбына есептер шығару.
«Генетика» тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру;
- Биология құбылыстарын анқтай білу;
Табиғаттан биологиялық құбылыстарды білу;
- –Тірі табиғаттағы механизмдерді анықтай білу;
-Тұқым қуалаушылықтын тірі организмдерге әсерін білу;
- Мендель заңдарымен есептер шығару;
- «Генетика» тақырыбында викторина,сөзтізбек т.б. құрастыру; қосымша баяндама жасау;
- Әзірленген материалды қорғауға ұсыну;
- Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды әзірлей білу;
- Алған білімдерді медицинада пайдалана білу.
Шағын жоба тақырыптары.
- Генетика ғылымның ашылу тарихы;
- Гендердің дефференциалдық белсенділігі;
- Гендердің алелсіз өзара әрекеттесуі;
- Ген теориясының қазіргі жағдайы
- Генетикалық карталар;
- Адам генетикысы (Шежіре әдісі);
- Селекция методтары;
- Генетикалық есептер шығару жолдары.




