Балықтар
Манғыстау облысы Бейнеу ауданы.
Манашы орта мектебі
Куандыкова Гаухар
Тақырыбы: Балықтарға жалпы сипаттама
Мақсаты: балықтардың сыртқы, ішкі құрылысымен және олардың сулы ортада тіршілік етуімен таныстыру.
Білімділігі: оқушыларға балықтардың сыртқы, ішкі құрылыстарының ерекшеліктерін үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың биолигия пәніне деген сүйіспеншілігін дамыта отырып,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды табиғатты сүюге, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ-жауап, ауызша айтып түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слаид, ылғалды препарат, үлестірме.
Пәнаралық байланыс: география, экология.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезең: оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Тест жұмысы арқылы үй тапсырмасын қайталау.
1. Арқа жағында ішкі қанқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан оларды қандай типке жатқызады? А) жұмыр құрттар В) ұлулар С) желілер
2. Құрлықта тіршілік ететін омырқалыларда желбезек саңылауларының орнына қандай мүше пайда болады?А) өкпе В) бауыр С) жұтқыншақ
3. Қандауыршаның қанының түсі қандай?А) қызыл В) түссіз С) қоңыр
4.Қандауыршада болмайтын мүше? А) өкпе В) қарын С) жүрек
5. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген орыс ғалымы?
А) Ковалевский В) Мечников С) Мюллер
6. Қандауыршаның дене тұрқы неше сантиметр? А) 2-4 см В) 1-3 см С) 5-8 см
7. Желілілер типіне жататын жануарлар неше топқа бөлінеді? А) 3 В) 2 С) 4
III. Жаңа сабақ.
Балықтар – сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. Балықтың жаны- суда деген халық даналығы. Қазіргі кезде дүние жүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі мекендейді. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін ғылым саласын ихтиология ( грекше ихтис –балық, логия-ілім,ғылым) деп аталады. Балықтардың денесі бас тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек, жұп құрсақ және дара арқа жүзбеқанаттары орналасқан.Құйрық бөлімінде сыңар құйрық және аналь жүзбеқанаттары бар. Балықтардың терісі сыртынан қабыршақтармен қапталған. Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.
Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар деп 2 класқа бөлінеді.
Шеміршекті балықтар класы. Бұл класқа қазіргі кезде 750-дей түрі бар. Олардың қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар (скаттар) және тұтасбалықтар жатады. Шеміршекті балықтарға тән белгілер. Олардың дене пішіні әр түрлі. Акулалардың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда белсенді жүзеді. Скаттардың денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан су түбінде мекендейді. Шеміршекті балықтардың басында алға қарай созылыңқы тұмсығы болады. Жұтқыншағының екі бүйіріндегі 5-7 жұп саңылаулары болады. Шеміршекті балықтардың терісі 2 қабаттан тұрады. Сыртқысы эпидермис, көп қабатты эпетелий, ал ішкісі – нағыз тері қабаты. Шеміршекті балықтардың бас қаңқасында ми сауыты,жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. Шеміршекті балықтардың тынысалу мүшесі-желбезектер. Желбезектерінде желбезек доғалары, желбезекаралық перде және желбезек шашақтары болады. Балықтардың жүрегі 2 қуысты: бір құлақша және бір қарыншадан тұрады. Қанайналым шеңбері біреу. Жүрегі арқылы үздіксіз көмірқышқыл газына қаныққан вена қаны ағады. Желбезек шашақтарында оттегіне қаныққан артерия қаны арқа, қолқа қан тамыры арқылы бүкіл денеге таралады. Акуланың денесінде таспа тәрізді бүйрегі бар. Зәр заттары клоакадан тікелей сыртқа шығарылады. Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған. Қанның иісін 5 шақырымнан сезеді. Көз бұршағы шар пішінді балықтардың қаңқасында майда сүйектер өте көп болады. Қаңқа бөліктері шеміршекті болып келеді. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Шеміршекті балықтар дара жынысты. Балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Аналықтары ұрықтанған ұрықты шашады.Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді. Олар: тақтажелбезектілер және тұтасбастылар деп аталады.Сүйекті балықтар класының 20 000 нан астам түрі бар. Дене пішіндері әр түрлі. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Сүйекті балықтардың денесіқабыршақтармен қапталған және қаңқасы сүйектен құралған Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы жағында орналасқан.Сүйекті балықтарда ерекше мүше – торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезінде ішектен бөлінеді. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Сүйекті балықтардың қанайналым жүйесі шеміршекті балықтарға ұқсас. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар болады. Оларда алғаш рет қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік сыртқа жеке ашылады.Сүйекті балықтар миының құрылысы шеміршекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы миы –шағын, екі миы сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға ұқсас. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады,сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырып, шабақтар өсіріледі. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Балықтар мұхиттарда,теңіздерде, өзендерде, басқа да су айдындарында кездеседі. Әсіресе, теңіз жағалауының 200 метрге дейінгі қабаттарында көбірек таралған. «Балдырлы көлде балық көп» деген халқымыз. Сүйекті балықтардың екі класс тармағы бар.
1 Сәулеқанатты балықтар класс тармағы негізгі отрядтары.
- Бекіретәріздестер
- Майшабақтәрізділер
- Албыртәрізділер
- Көзауықтар
- Тұқытәріздестер отряды.
2 Қалаққанатты балықтар клас тармағы. Оларға саусаққанатты балықтар және қостынысты балықтар жатады. Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен. Қазіргі кезде оның бір ғана- латмерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пікірі бойынша, құрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі, осы саусаққанатты балықтар. Қазақстанның су айдындарында 180-ге жуық балық түрлері кездеседі. Оның 17 түрі сирек кездесетіндіктен Қызыл кітапқа тіркелген. Солардың ішінде біздің елімізде ғана кездесетін (эндемик) балқаш алабұғасын, іле шармайын сақтап қалудың маңызы зор.
IV. Сабақты бекіту. «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы бекіту.
1.Балықтардың қанша тип тармағы бар?
2.Балықтарды зерттейтін ғылым қалай аталады?
3.Балықтардың денесі неше бөлімнен тұрады?
4.Бас бөлімінде қандай мүшелер бар?
5.Шеміршекті балықтарға қандай балықтар жатады?
6.Сүйекті балықтарда ерекше қандай мүшесі бар?
7.Балықтардың жүрегі неше қуысты?
8.Шортан, аққайран, сазан, табан қандай балықтарға жатады?
9.Сүйекті балықтар неше класс тармағына бөлінеді?
10.Сүйекті балықтардың неше мыңнан астам түрлері бар?
V. Сабақты қорыту. Балықтар теңіз, мұхит, су қоймаларында тіршілік ететінін білдік. Олардың неше класы бар екенін, және қандай отрядқа бөлінетінін үйрендік. Олардың ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерімен, және пайдасы мен зияны бар екенін байқадық. Оның пайдасы көздің жақсы көруіне зор ықпал етеді және мидың жұмысын жақсартады. Ал зиян жағы адам ағзасында түрлі құрттардың пайда болуы.Олардың 20 мың түрі мекендейтінін үйрендік
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Балықтарға жалпы сипаттама. №6 зертханалық жұмысты орындап келу. 1. балықтың сыртқы құрылысына көңіл бөліп, бас, тұлға, көкірек бөлімдерін анықтау.
2.балықтардың сыртқы және ішкі құрылысын зерттеу.
Кесте толтыру, 141-суретті салу. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру