Суды қорғау
Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау. Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы су көздері,олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Су қоймаларындағы судың бұзылу , азаю себептеріне тоқталу.Суды үнемдеуге,сақтауға үйрету. Оқушылардың дүниетанымын,ой-өрісін,пәнге деген қызығушылығын дамыту. Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,топтық жұмыс Сабақтың түрі: аралас Көрнекіліктер: слайдтар,мақал-мәтелдер,жұмбақтар,ережелер Сабақтың өту барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. «Психологиялық дайындық» - «Сатамын,сатып аламын» тренингін жүргізу. – «Су тіршілік көзі» сөзімен топқа бөліп алу. Әр топ өздері топ басшысын сайлап алады. 2. Үй тапсырмасы. 1-топ: а)- Венн диаграммасы арқылы өзен,көлдің айырмашылығын,ұқсастығын табады. (Ұқсастығы-екеуі де су, буланады,тартылады, сұйық. Айырмашылығы- өзен жылғалардан пайда болады, көл табиғи ойыстарға су толудан пайда болады) ә) -Ертіс өзенінің бойында қандай қалалар орналасқан? (Өскемен, Семей, Павлодар) 2-топ: а)- Кластер арқылы ,өзен мен көлде және тоғанда қандай шаруашылықты өркендетуге болатынын көрсетеді. (балық,құс, гүл,мал шаруашылығы) ә)-Көлдердің ең үлкені мен тереңін ата. (Үлкені:Каспий. Тереңі-Байкал) 3-топ: а) - Кластер арқылы тұзды және жасанды көлдің қалай жасалатынын көрсетеді. (Ағын сумен шайылып келген тұздар түбіне тұнып қалады да, тұзды айдындар пайда болады. Су тапшы құрғақшылық жерлерде жасанды көлдер жасайды) ә)-Қазақстандағы үлкенді кішілі өзендерді ата. (Жайық,Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, Торғай) Топтар бір-бірінің жауаптарын екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалайды. 3.Ой қозғау. «Жұмбақтар шешу» 1-топ: -Жылт-жылт еткен,жылғадан өткен. (су) 2-топ:-Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. (мұз) 3-топ:-Шешесі суда, Әкесі суық, Көктемде өлер, Күз күні туып. (мұз) 4.Жаңа сабақ «Мағынаны тану» Мұғалім сөзі;- Мінеки,балалар,жұмбақтардың жауаптары суға байланысты болды. - Яғни, бүгінгі өтетін сабағымыз «Суды қорғау» тақырыбында болады. Ұйымдастыру кезеңінде топқа қандай сөз арқылы бөліндік? (Су-тіршілік көзі) Еңдеше, осы сөзімізді дәлелдейікші. (Жауаптар айтылады; су барлық тірі ағза үшін қажет. Мысалы; Адамдар қажетіне жаратады. Өсімдіктің қорегі су. Жан-жануарлар,құстар суды ішеді,суда жүзеді, суда тіршілік етеді)

5.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді обзацтар бойынша оқыту. 1-топ: 1,2 обзацтар 2-топ: 3,4,5 обзацтар 3-топ: 6,7 обзацтар. Оқығандарын талдау. ( Оқушылар өз-өздерін бағдаршам түстері арқылы бағалайды.) Мұғалім сөзі: –Иә,дұрыс айтасындар, су барлық тірі ағзаға қажет. Тіршілік құбылысының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 50-пайыздан 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг.адамның бойында 50 кг.су болады. Егер осы судың мөлшері 17 пайызға төмендесе, адамның жағдайы нашарлайды. (слайдтан адам суретін көрсету) -Ауа қандай қажет болса, суда сондай қажет екен. Су-табиғатта ең көп таралған зат. Су табиғатта үш түрлі күйде кездеседі. (Слайдтан судың үш күйін көрсету) -Бірақ соның 98 пайызы жарамсыз, 2 пайызы ғана ішуге жарайтын тұщы судың үлесіне тиеді. Тұщы судың бір көзі-өзен. (Слайдтан өзен суретін көрсету) -Адам суды өз қажетіне,өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы үшін қолданады. Есептеулерге қарағанда, қаланың бір адамы алуан түрлі қажеттілігін өтеу үшін тәулігіне 700 литрге дейін таза суды тұтынады. Пайдаланған су шайынды суға айналады.(слайдтан құбырдан ағып жатқан суды көрсету) Ол-ластанған су. Суға құйылатын ластаушы заттар өте көп. Олар; өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының,мұнай өнеркәсібінің,су,темір жол және автомобиль көліктерінің шайындылары. Қазіргі кезде су тазартатын арнайы қондырғылар бар. –Арал жайында әңгімелеу: - Адам баласы ғасырлар бойы табиғатты пайдалануды ғана білді. Ірі-ірі құрылыстар салды. Өзендерге бөгеттер жасады. Суды өте көп пайдаланғандықтан, көлдерге құятын өзен сулары азайды. Оны тартылып қалған Арал теңізі мен Балхаш көлі тағдырынан анық көре аламыз. Арал теңізіне құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің тұщы суын Қазақстан және көршілес елдер бірігіп пайдаланады. Соның салдарынан теңізге су аз құйылады. Жаңбыр сирек жауады, жылына 1 м су қабаты буланады.(Слайдтан Арал теңізін көрсету) –Балхаш көлі жайында әңгімелеу: Іле өзеңінде Қапшағай су қоймасы салынғаннан бері, Балхаш көлінің су деңгейі 2 метрге төмендеді.Оның үстіне, көлге Балхаш қаласында орналасқан өнеркәсіптен өте көп зиянды заттары бар лас су ағызылады. 6.Дәптермен жұмыс. «Түртіп алу стратегиясы» 1-топ; мақал-мәтел (1) 2-топ; жұмбақ жазу (1) 3-топ; эссе жазу. (1) Топтар бір-бірін шапалақ арқылы бағалайды.
7.Қорытынды. Сұрақтарға жауаптар алу. 1.Суды қорғау үшін алдын ала қандай іс-шаралар жүргізу керек деп ойлайсындар? Ережелер; 1.Қайнамаған суды ішпе 2.Суда ластама 3.Суды үнемде Сабағымызды мынадай өлең шумағымен аяқтайық. Су. Е.Өтетілеу. Онсыз өмір сүрмейсің, Мұны «су» деп білгейсің. Өзен-көлге барғайсың, Суға түсіп тұрғайсың. Табиғатты сүйе біл , Қамқорға оны ала біл. Сусыз-құрғақ далалар, Кір-қожалақ балалар. Ескертемін ұл-қызға, Суды босқа ағызба. 8.Бағалау. Жақсы жұмыс жүргізген топтарды мадақтау,жекелеген оқушыларды бағалау. 9.Үйге тапсырма. Мәтіңді әңгімелеу, су туралы мақалдар жазып келу. 10.Рефлексия. «Бес саусақ» ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Өзен

Өзен

Сабақтың тақырыбы: «Өзен» Сабақтың мақсаты: Білімділік- оқушылардың өзен туралы тірек білімдерін еске түсіре отырып, өзен тақырыбын оқып үйрету....
Құрлық сулары.

Құрлық сулары.

Атырау қаласы М.О.әуезов атындағы №7 орта мектеп Калиева Гульмира Ғайсақызы География пәні мұғалімі География 10 сынып Тақырыбы: Құрлық сулары....
Тәрбие сағаты: Табиғат – тіршіліктің  көзі (Сайыс)

Тәрбие сағаты: Табиғат – тіршіліктің көзі (Сайыс)

№1 мектеп Мұздыбаева Раушан Хасенқызы Карағанды облысы Жезказған қаласы Бастауыш сынып мұғалімі. Тәрбие сағаты: Табиғат – тіршіліктің көзі ...
§ 27 Қазақстанның өзендері

§ 27 Қазақстанның өзендері

Жезқазған қаласы, №1 орта мектебі Абильдаева Жанаргул Магадановна география пәнінің мұғалімі 8 сынып § 27 Қазақстанның өзендері...
Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Сабақтың тақырыбы: Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар. Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру