Өрнек құрастыру
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткенді пысықтау
1.Үйге қандай тапсырма берілді
2. Натюрморт дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Балалар ою-өрнекті білесіндер ме?
2. Ою-өрнек дегеніміз не?
3. Олардың не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Ондай болса балалар, бәріміз түгел тақтаға қарайық.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері алуан түрлі. Олардың әрқайсысының өз атауы бар. 200-ге жуық түрі белгілі. Кез- келген қазақ халқының заттарын қарасақ ою-өрнектермен әшекейленген. Мысалы алдарыңдағы заттарға көңіл бөлейік сандық, ыдыс-аяқтар, зергерлік бұйымдар, кілемдер, ұлттық киімдер, ұлттық музыкалық аспаптардың барлығында ою өрнектермен өрнектелген. Әшекейлі сурет пен сызықтарды белгілі бір тәртіппен орналастыруды ою-өрнек дейміз.
Ою-өрнектер жасалуына қарай мынандай топтарға бөлуге болады.
1. Ақ құсқа, төрт түлікке, олардың аяқ таңбалары мен дене мүшелеріне байланысты.(мүйіз, қос мүйіз, табан, өркеш)
2. Жер-су өсімдікке байланысты ою-өрнектер.
(толқын,ағаш, жапырақ, үш жапырақ, шиыршық,гүл ,жауқазын)
3. Аспан әлеміне байланысты (шеңбер, жұлдыз, шимай, айшық)
4. Геометриялық фигуралар. (сүйір, ирек, төрт үш гүл)
Шығармашылық жұмыс істеу үшін 4 топқа бөлінеміз
1. Мүйіз
2. Ағаш
3. Айшық
4. Сүйір
ІV. «Кім тапқыр» ойынын ойнаймыз
Әр топқа түрлі түсті қағаздан жасалған кілемше берем.Кілемшені әр түрлі пішіндермен толықтырыңдар. Қай топ жылдам болса ұпайлар беріліп отырады.
V. Дәптермен жұмыс.
Дәптерге «балдақ» өрнегін саламыз.
VІ. Сергіту сәті.
Тақ 3
Айтамыз тақпақ
Рақ 3
Күзде түсер жапырақ
Қол 3
Күзде егін мол
Тоқ 3
Шыбын –шіркей жоқ

VІІ. «Кім жылдам»
Түрлі- түсті қағаз берем геометриялық фигуралардан шағын көрпеше құрастырайық.
VІІІ. «Орнын тап» ойынын ойнаймыз.
Мен сендерге өрнектер берем. Әр топ өрнектердің атын атап өз орнына салу керек.
ХІ. Үйге «Толқын» өрнегін саласыңдар.
Х. Білімдерін бағалау. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру