Сәлім Ранагул Айтнурқызы
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі04.12.2014 қазақ тілі 52 сабақ
4б сынып
Сабақ атауы Зат есім
Жалпы мақсаттар Зат есім және оның өзіндік ерекшеліктерін еске түсіру, тәуелденуіне, жіктелуіне мысалдар келтіре отырып жаттығулар орындату.
Оқушылардың сөз байлығын, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу
Сілтеме Қазақ тілі 4 сынып Г.И.Уәйісова, Ә.Е.Жұмабаева
Power point, презентация
Оқыту нәтижелер Оқушылар зат есімнің өзіндік ерекшеліктерін еске түсіре отырып, жаттығулар орындайды.
Ақпарат көздері АКТ, оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар
Іс - әрекет түрлері Топпен жұмыс, суретпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, бағалау
Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары
45 – минутқа арналып жасалды.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Алғашқы рефлексия кезеңі
1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Австралия жаңбыры»
2. Өткен тақырыпты естеріне түсіру
А)Суретке қара кішкентай балалар қандай сұрақтар қойды? Бұл сұрақтар саған таныс па? Қанша?,неше?, қандай?,қай?, не істеді?, қайтті?, Кім?, Не?, кімдер?, нелер?
Ә)Әр топқа сөздер беріледі
Ұшты, көк, жұлдыз, көкшіл, жаңбыр, Жайық, биші, тігінші, Тайбурыл, өнер, ұя, көке, қырық, жарасады, түсінеді, Қарағанды, ұмтылды, озды, әдепті, кең, тәтті, жиырма бес, тұнық, үш, жетінші, алтыншы, дәптер.
3. Топқа бөлу.
1) кім? 3) не?
2) кімдер? 4) нелер?
Оқушылар бұл қай сөз табының сұрақтары?
1.Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй туғызады.
2.А) Оқушылар суретке қарап сөз таптарының сұрақтары екендігін айтады. Сол сұрақтарға жауап болатын сөздерді топтап айтады. Ә)Оқушылар сол сөздердің ішінен зат есім, сан есім, сын есім, етістік сөздерін табады. Сұрақтар қояды. Негізгі, туынды, жалпы, жалқы, дара, күрделі, болымды, болымсыз түрлерін ажыратады.
Оқушылар өткен сабақты естеріне түсіре отырып, сыни тұрғыда ойланып , топта талқылап тапсырманы орындайды. Топтың бір оқушысы қорғайды. Қалған оқушылар тапсырманы толықтырып отырады.
3.Оқушылар топқа бөлініп, өз ролдерін анықтайды. Берілген сұрақтардың қай сөз табының сұрақтары екендігін табады. Сабақтың тақырыбын ашады.
Тапсырма 1
1-жаттығу.
Ертегіні түсініп оқып, бірінші сөйлемнен зат есімдерді табу; мәтіннен тәуелденген зат есімдерді теріп жазу; олардың жалғаулары қай жақта тұрғанын айту: баласы, анасы, балам, көзім, баласын, басына, үстіне. 1-жаттығудағы ертегіні түсініп оқып, бірінші сөйлемнен зат есімдерді табады. (қойшы)
Мәтіннен тәуелденген зат есімдерді теріп жазады, олардың жалғаулар қай жақта тұрғанын айтады.
( баласы, анасы, балам, көзім, баласын, басына, үстіне, үйіне)
(3 жақ- баласы, анасы, баласын, үстіне, үйіне, басына)
(1жақ – көзім, балам)
Тапсырма 2
2-жаттығу
Қай сөздер көп екенін табу; жалқы есімдердің бас әріппен жазылу себебін еске түсіру.
Жайық, жаңбыр, биші, Бішкек, Тайбурыл, Құтжол, өлке, бала, оқушы. 2- жаттығудағы сөздердің ішінен жалқы және жалпы есімдерді табады, ережесін айтады.
Жалпы есімдер: жаңбыр, биші, өлке, бала, оқушы.
Жалқы есімдер: Жайық, Бішкек, Тайбурыл, Құтжол.
Сергіту сәті
Тапсырма 3
3-жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін тап. Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.
Екі желім –
Күйдің көрігі,
Әннің көлігі
(домбыра)
З-жаттығудағы жұмбақты оқып, шешуін табады. Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіреді.
Тапсырма 4
4-жаттығу Сөздерді оқу. Бірінші жолдағы сөздер қай сөз табына жатады? Екіншідегі ше? Осы сөздерден зат есім жасап жаз. Оларға сұрақ қой. Бұлар қандай зат есім деп аталады? Неліктен? 4- жаттығуды орындайды. Түбірі сын есімнен болған туынды зат есімдерді, түбірі етістіктен болған туынды зат есімдерді табады.
Тапсырма 5
1-топқа мақал-мәтел,
Ашу-дұшпан, ақыл –дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Саусағы ұзын биші болар,
Құлағы ұзын күйші болар.
2-топқа мәтін беріледі.
Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым, ағартушы, философ, жиhангез. Ол Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Кейін Көкшетауға көшіп барып, балалық шағы Сырымбет тауының етегінде өткен. Әкесі Шыңғыс – аға сұлтан болған адам. Омбыдағы кадет корпусында оқыған. Санк-Петербург жоғары оқу орындарында дәрістер тыңдаған.
3-топқа «Дастарқан» деген сөздің әріптерін ауыстыра отырып, бірнеше зат есім сөздер жасап жаз.
4-топқа Өлең беріледіӨлеңнен зат есімнің жекеше түрін, көпше түрін теріп жаз сұрақ қой. 1-топтағы оқушылар берілген мақал-мәтелдердің ішінен зат есімдерді тауып, негізгі, туынды зат есім екенін анықтайды. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіреді.
2-топтағы оқушылар мәтінді оқып, жалқы есімдерді табады, жазылуын айтады.
3-топ оқушылары «Дастарқан» деген сөздің әріптерін өзгерте отырып, зат есім сөздер құрайды.
4-топ оқушылары берілген өлең жолдарының ішінен зат есімнің жекеше, көпше түрлерін табады.
Рефлексия
Кері байланыс орнату
Нені білдім? Не ұнады? Нені білмей қалдым? Оқушылар өз ойларын берілген рефлекция парағына жазады.
Бағалау
Бағалау парақшалары таратылады Крийтерилер арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды.
Үйге орындауға 5-жаттығу, 88-бет
- Salim_ranagul
- 17 января 2015
- 2582
- 0


