Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектеп.
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна-бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақтың мақсаты:
1. Халықтың тілі, салтын, дәстүрін оқушылардың бойына сіңіру.
2. Оқушыларды имандылықа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілік пен қайырылымдыққа баулу.
3. Жақсы қасиетке үйрету, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімін дамыту.
Сабақта қолданылытын көрнекті құралдар: Атамыз Абайдың суреті, мақал – мәтелдері, тәрбиешілік мәні бар тиым сөздер, буклеттер; 1. Үлкенмен амандасу. 2. Тәртіпсіздік жасамау. 3. Құстарды, табиғатты қорғау. 4. Тазалыққа байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Сурет бойынша кіріспе әңгіме, жақсы, жаман қасиеттерге байланысты.
2. Әр уақытта шыншыл бол. Өзіңнен үлкен ақыл – кеңесін тыңда. Кішіге мейрімді, досқа қайырымды бол. Бойында осындай қасиеттері бар баланы біз қандай бала дейміз?
- тәртіпті, әдепті бала дейміз.
3. Абай атамыздың өлеңі. Атамыз жастарды болашаққа, әдепті, саналы өмірге шақырған «Әсемпаз болма әрнеге?»
- Біз қай сабақта жақсы, жаман қасиеттерді өттік?
- Ана тілі сабағында.
- Онда қандай қасиетті жақсы деп түсіндік?
- Жауап.
- Қандай қасиетті жаман деп түсіндік?
- Жауап.
4. А.Асылбековтың «Әдептілік әліппесі» өлеңін кезектесіп айтамыз.
Тақпақтар: «Жалқаудың арманы», «Жақсы мен жаман» т.б.
5. Өлең «Мен әдепті баламын» оқушылар хормен айтады.
6. Мақал – мәтелдер айту.
1. Оқу келер еңбекпен, қиындықты жеңбекпен.
2. Еңбекпен қашқан әр кезде, кездеседі дөңбекпен.
3. Ұқыпты өскен балдырған
Күтіп киер киімді.
4. Білімдімен бір жүрген
Білмегенін біледі.
Ноқайменен бір жүрген,
Аңқауға жұрт күледі, т.б.
7. Тазалыққа байланысты өлең «Бұл не?» (Оқушылар хормен айтады.)
8. Тәрбиелік мәні бар тиым сөздер.
1. Үлкен кісімен сөйлескенде қолынды қалтаға салып тұрма.
2. Жоқтан өзгеге түйіле берме.
3. Малдың сүйегін отқа жақпа. т.б.
9. Көрініс көрсету:
1. «Жаман жолдас»,
2. «Жалқау келін»
3. Би «Ұрлықшы бала»
4. Әлпештеудің әлегі
10. Қазақша ұлттық киім киюдің үлгілерін көрсету.
11. Оқушылардың күшімен концерт қою.
12. Плакаттағы мақал – мәтелдерді түсіндіру.
13. Қорытынды: Буклет бойынша әңгіме.
«Әдептілік адамды әдептілікке, әсемдікке жетелейді». Осы айтылған тәрбиелік мәні күшті, адамгершілік қасиеттерді ұмытпай, өмір бойы, күнделікті өмірде естен шығармай жүріңдер.
- Гульжанар
- 10 января 2015
- 3350
- 0


