Сабақтың мақсаты:1)Білімділігі:оқушылардың дыбыс және әріп туралы тақырыпты
еске түсіріп толықтыру,білімдерін тиянақтау.
2) Тәрбиелігі: Отанын сүюге,елін қорғауға баулу.Ұқыптылыққа,
сауаттылыққа тәрбиелеу .
3) Дамытушылығы: Оқушылардың ойлауын ,еске түсіру,шығар
машылық қабілеттерін,тілін дамыту.Сауатты,көркем жазуға,
топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, Ыбырай Алтынсарин суреті,
Сабақтың түрі: білімді пысықтау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,оқыту,жаттығу,топтық жұмыс,топтастыру, ұжымдық жұмыс
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1.Психологиялық дайындық!
2.Сабақтың ұраны:
Кел,балалар,оқылық!
1-қатар: Бір Аллаға сиынып,
Кел,балалар,оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
2-қатар: Оқысаңыз ,балалар, 3-қатар: Сиса көйлек үстіңде
Шамнан шырақ жағылар. Тоқуменен табылған.
Тілегенің алдыңнан Сауысқанның тамағы
Іздемей-ақ табылар. Шоқуменен табылған.
Бірге: Өнер,білім-біріде
Оқуменен табылған.
3. Сыныпты топқа бөлу.Топ басшысын сайлау. Топ ережесін еске түсіру.
Ой қозғау – Көктемде алғашқы қандай гүл жайқалып өседі?
Қызғалдақ Қызғалдақ теру арқылы,топқа бөлу. 1-топ (қатаң), 2-топ (үнді),
3-топ (ұяң)
II .Жүрісі: Бүгінгі сабақта «Бестік кімге бұйырады?» ойыны арқылы баспалдақ тапсырмаларын жақсы орындап қөп жұлдызша жинаған оқушы «5» -ті ұтып алып, «Үздік оқушы» дипломымен марапаталады
1-баспалдақ 1.«Қайталау –оқу анасы»
( өтілген тақырып бойынша жұмыс)
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
2. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
3. Дауыссыз дыбыс әріптерінің түрлерін ата
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?
5. Заттың атын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата.
6. Заттың қимылын білдіретінсөздердің сұрақтарын ата.
7. Бас әріптен басталып жазылатын сөздерді ата.
8. Адамға ,мамандыққа қандай сұрақтар қойылады?
9. Жануарларға қандай сұрақтар қойылады?
10. «У» дыбысы қай уақытта дауысты болады?
2. « Адасқан әріптер »ойыны
( берілген әріптен тақырып шығару)
2-баспалдақ 1. Ой шақыру
Дыбыстар дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
2.Тірек сызбамен жұмыс
3. Оқулықпен жұмыс
494- жаттығу Есту диктанты
а) сөздерді естуі бойынша жазу
ә) ю,я әріптері қандай дыбыстардың онына жұмсалғанын табу.
3-баспалдақ 1.Ойлан –жұптас талқыла
495-жаттығу
(орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазу)
1-топ : Шөп, әкем ,маялады.
Өзен суы,молаяды,көктемде.
2-топ: Ғ,дауыссыз,дыбыс,ұяң.
Оқушы, Әлия,озат.
3-топ : Салыстыр
Дыбыс Әріп
496-жаттығу Терме диктант
(қай сөздерге у әрпін қосқанда ю болатынын табу)
4-баспалдақ Сәйкесін тап
(көп нүктенің орнына и,я,ю әріптерінің тиістісін қойып жазу)
1-топ : София үйдің ішін ж....нады.
Балапан ұ...дан ұшты.
2-топ.: Бұлт қо...лана түсті.
Күнге көп кү... зи...н.
3-топ: Шөптер сарға... бастапты.
Ақ а... Мұзды мұхитта болады.
Тренинг ұйымдастыру « Біз бәріміз біргеміз!»
5-баспалдақ Топтық жұмыс . Постер құру
498-жаттығу Өлеңдерде нелер туралы айтылған?
1-топ: Мен қоянмын,қоянмын,
Күндіз –түні ояумын.
Көжегімнің қасында
Мен де өзімше ноянмын. ( Тұманбай Молдағалиев)
2-топ: Жонымнан күн өтсе де,
Тер моншақтап кетсе де,
Тонын әсте шешпейді.
Бүйте берсе ақ аю,
Күнге күиіп қарайып
Кетсе егер,не істейді?! (Жүсіп Қыдыров)
3-топ: Ой тастау
Биыл қандай жыл? Жылқы
6-баспалдақ Шығармашылық тапсырма
1-топ Сөзжұмбақ құрастыру. ( құрамында я әрпі бар сөздерді тап )
2-топ Ребусты шешу
3-топ: « Сөзден сөз шығар» ойыны
Бауырсақ- қыр,....
Құмырсқа- қыс,....
III. Сабақты қорытындылау
1. Ой қорыту Не білдік?
2. Үйге тапсырма беру
3. Жеңімпазды мадақтау,бағалау
4. Кері байланыс (сабаққа өз пікірлерін білдіру)
- Дина Бисембайқызы
- 21 декабря 2014
- 4671
- 0


