"Туған жерім, топырағынан нәр алам". Атырау облысы Исатай ауданы, Жаңа Жанбай бастауыш мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Қуынышева Шолпан
Мақсаты: Тәуелсіздік аясындағы Атырау облысы Исатай мен Махамбет, Дина мен Құрманғазы бабалардың туған жері;тарихы бай, шежіреге толы тәуелсіз мемлекетіміздегі мұнайлы, алып экономикалық облыстардың бірі екенін және тәуелсіздік алып жеткен жетістіктерімен таныстыру. Оқушыларды өз Отанын,туған тілін туған жерін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Атырау облысының картасы, альбом (Қазақсатн Республикам менің, Жері байдың- елі бай,Атыраудың нар тұлғалары).
Бастаушы: Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы киелі ошағы. Қазақстан Республикасы – Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет.Қазақ халқы ғасырлар бойы азаттықты аңсады.1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған қазақ жастары ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Көп ұлтты, ұлттар достығымен нұрланған еліміздің батыс бөлігінде Каспий маңы ойпатында орналасқан Атырау облысы (бұрынғы Гурьев) 1938 жылы15 қаңтарда құрылған, 1992жылы Атырау облысы болып өзгертілді.Облыс орталығы- Атырау қаласы (бұрынғы Гурьев) Жайық өзенінің бойына орналасқан оның негізі 1640жылы қаланған.Облыс қойнауы мұнай мен газға,калий мен натрий тұздарына,борат және басқада кен орындарына толы.Облыс аумағындағы ірі өзендер:Жайық,Жем (Ембі),Сағыз,Ойыл. Облыс халқының саны- 567938 мың адамды құрайды. Облыста 7 аудан,2 қала,183 ауылды елді мекендер орналасқан. Тәуелсіздік жылдары ішінде облыс бойынша Жайық өзені арқылы өтетін 6 көпір,2 жаяу жүргінші көпірі, 4 жол тарамының құрылыстары іске қосылды. Бүгінгі Атырау өмірдің қай саласы бойынша да жаңару,жаңғыру үстіндегі еліміз зор үміт күткен экономикалық қуатты орасан мол аймақ. Қазақ елі тәуелсіздік алған жылдар ішінде өлкеміз адам танымастай өзгеріп, көркейіп «Мұнайлы Астана» аталды. Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен баянды бірлікпен, тынымсыз тірлік өңірді өрге бастырып, келбеті келіскен қалаға айналдырды.
Бастаушы: 1992 жылы қазақстан Республикасының нышындары бекітілді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз тәуелсіздікті аңсап, зарыға жеттік енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерінде ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Жалауын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай тануы қажет. Елдігіміздің саналатын бір тұсы – осы» деген болатын.
(Республика Туы, Елтаңба көрсетіліп, Әнұран хормен орындалады).
1-оқушы:Аман қалған шабуылдан жүздеген.
Батыр халық екенбіз ғой біз деген
Аямаған жұрттан нанын, тұзбенен,
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.
2-оқушы: Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізде біреу – ақ!
Ол – біздің Қазақстан!
Алтай –Жайық арасы-
Жарты әлемдей даласы.
Ол- біздің Қазақстан!
Кенге толы қойнауы,
Төлге толы жайлауы
Ол – бізідң Қазақстан!
Хор: «Таң нұрындай Отаным».
3 -оқушы: Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын,
Астында оның қалқыған
Қыран құстың белгісін,
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.
4 -оқушы: Алтын қанат көмкерген.
Шаңырақ бар, уық бар-
Әсем бейне көрінген
Жай бейне емес ұғып ал!
Көгілдір түс аясы
Бейбіт дала елесі -
Шаңырақ – жұрт панасы,
Уықтар – күн сәулесі.
Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр, төзімді
Пырақ – халық арманы.
5 -оқушы:Жоғарыда түсер көз
Бес тармақты жұлдызға,
Ал «Қазақстан» деген сөз,
Таныс барлық ұл – қызға.
Мағыналы, сымбатты
Бар осындай белгіміз,
Маған, саған қымбатты
Ел таңбасы ол – еліміз!
6-оқушы: Әні
Сөзбен толығып,
Маздар бойда мол үміт.
Намыс, жігер жұптасқан,
Ол – Әнұран
Зор рух,
Оттай жанып жанарым,
Одан қуат аламын...
Әнұраны елімнің.
Хор: «Достық»
7-оқушы: Ең бірінші бақытым - Халқым менің.
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбаттырақ алтынннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің.
Тас жүректі тілімменен тілімдедім,
Кей – кейде дүниеден түңілсемде де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші- Отан деген
Кім мықты?- десе біреу,- Отан дер ем.
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Бастаушы: Бұл өлеңнің авторы кім? Өлең қалай аталады? (Үш бақытым. М.Мақатаев)
Бастаушы:1. Атырау (Гурьев) облысы қашан құрылған?
(Гурьев облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды, 1992 жылы Атырау облысы болып өзгертілді).
2.Атырау облысында қанша аудан бар? (Атырау облысында 7 аудан бар. Олар:Махамбет,Құрманғазы,Индер,Мақат,Қызылқоға,Жылыой,Исатай аудандары)
3.Мұнайды неге «қара алтын» деп атайды?
4.Қазақстандағы мұнай шығаратын басты аудандарды атаңдар? (Ембі мұнайлы, Маңғыстау түбегі)
8-оқушы:Ғажайып өлкем Атырау!
Жомарт ең неткен япыр- ау?!
Құшағың жайсаң қойныңнан
Төгіп маржан жатыр – ау.
Көгінде қыран өрлеген
Көліңді самал тербеген,
Ақ жарқын арман сенбе едің?
Шіркін – ай, туған жер деген?
9-оқушы: Атырау! Туған өлкем аялаған
Саяңда салған ойнақ талай балаң
Төсіңде төрт түлік мал каптай жайлап.
Суың бал, шөбің шүйгін, арай далам
Қарт Каспий естігенді тамсандырып
Бұлқынтып бекіреге салсаң құрық,
Атырау қойнауынан мұнай атқан
Кең байлық есеп барма шалқып жатқан.
Тасытқан қара алтынмен ел дәулетін,
Сүбелі үлесіңді етем мақтан.
10-оқушы: «Үйшік» - деп ен таққанбыз күні кеше
Атырау – астанасы мұнайлы өлке
Түлепті танымастай қала бүгін
Сәулетті үй, көз тартады – сәнді көше.
Хор: «Атырауым»
11-оқушы: Жарлы емес топырағың батыр ұлға
Болды аңызға Исатайдың аты мыңға
Атырау аты шулы толқынымен
Туғызды Махамбеттей ақынын да!
12-оқушы: Күн шалқып күмбір – күмбір бұйра белден
Соңынан әрбір ұрпақ сыйлап ерген.
Өнердің туын тікен өлкесің сен
Күй берген, күйге қоса Дина берген!
Күй: «Сарыарқа»
13-оқушы: Ақ ордам менің Астанам,
Еңсесі биік басқадан,
Көркейеді күн санап,
Арқа төсі жас қалам.
Астанам – нұрлы Астанам
Гүл жайнаған жас қалам.
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған.
14-оқушы:Тауып тыңнан текті жол,
Сағат сайын өсті ол,
Әлемді жалт қаратып
Шуақ нұрын төкті мол...
Ел тірегі бұрынғы
Астана боп тірілді
Көне Отырар, Сауранның
Көзіндей ол бүгінгі...
Тасқа қашап текті өлең
Арпалысқан өртпенен
Күлтегіннің – Астана
Ақ арманы көксеген,
Еркін елдің – қызыры,
Қызығы да:
Қыз, ұлы.
Гүл жайнаған Астана-
Тәуелсіздік тұғыры!
Тұғырлы ел ғұмырлы!
Ән: «Егемен ел - Қазақстан»
15-оқушы: «Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа
Астана қарқын алды, өсер дара.
Есілдің жағалауын жарқыратқан
Аққудың ұясындай әсем қала
Құлшынған күн шығыста жас қалаға
Батасын берді Алатау бастап алға.
Егемен елге ерекше нұрын шашқан
Тілейміз құт, береке Астанаға,
Хор: «Кең дала»
16-оқушы: Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағанның бастауы.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады – ау кісілік!
17- оқушы:Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен – кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Әрдайым елімменен кеңескен,
Шығара да алмас мәңгі ел естен.
Жас Отаным біраз жылдың ішінде
Басқа елмен терезесі теңескен.
Елбасымыз, біргеміз біз өзіңмен,
Жаралғанбыз қайсар қайтпас төзімнен.
Өзіңізбен болсақ егер мәңгілік.
Әділеттің атар таңы сезілген.
Ән: «Гүлжазира Қазақстан»
18- оқушы: Бақыт, байлық төсінен ғажап ұшқан,
Жақсылықтың шырағын маздатысқан.
Бар дүниеге танылды бұл күндері
Менің ғажап Отаным – Қазақстан.
Тасқындады еңбек пен табысыда ,
Тарту етті күш – жігер, намыс ұлға.
2030- нұр шашқан келешегім,
Болар елім Орта Азия Барысы да.
19-оқушы: Елді ойлаған еріне бақ қонады,
Еңбегі құрметпенен ақталады.
Елбасы көрегендік танытты да
Астана деп өзгертті Ақмоланы.
20-оқушы: Ежелден қазақ едік даласы құт,
Ешкіммен көрінбеген ара суып.
Жомарт та, қонақжайда біз екенбіз,
Талай жұрт босып келген панасынып.
Тарықпадық, сонда да тартынбадық,
Біздің қазақ қашан да жарқын халық.
Жарты құртты бөліп жеп жатпенен де,
Ақ пейілмен аңқылдап, жарқылдадық,
Ән: «Атамекен»
21- оқушы: Ақ нұрын айдай төгіп аспан мүлде
Жеттік біз көп қиналып бостан күнге.
Қақ төрге Тәуелсіздік туын тікті,
Желтоқсанда, мың тоғыз жүз тоқсан бірде.
Неткен бұл көсемділік, көрегендік!
Күн туды мол бақытқа кенелерлік.
Нұр ата өзі бастап келе жатқан,
Жасасын жас елімде Егемендік!
22- оқушы: Көреміз біз әлі талай бақыт гүлін,
Балалық шақ айтқызып бақыт жырын.
Ойнап – күліп, білім алу – әрі бақыт
Осы жерде туғаныма бақыттымын.
Ән: «Елім менің».
Бастаушы: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Біздің болашағымыз маңдай терін төгіп, орасан зор істер атқарып жүрген Нұрсұлтан атамызға алғысымыз шексіз.23 жыл толғалы отырған Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелерімізбен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз. ХХI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін».
- шолпан1957
- 19 декабря 2014
- 2890
- 0



