Қазақ тілі 4сынып "Көп мағыналы сөздер". Атырау облысы Исатай ауданы, Жаңа Жанбай бастауыш мектебінің мұғалімі Қуынышева Шолпан
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты: 1.Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау,
еске түсіру ,толықтыру
2.Сөйлеу тілін дамыту,шығармашылық қабілеттері
арттыру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру ,.
3 .Табиғатты сүюге , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі : Суреттер, тірек сөздер, сөзжұмбақ.
Сабақ әдісі : Сұрақ – жауап, дәлелдеу, түсіндіру, ойын,жұптық, жеке ,диалог, ой қозғау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
(психологиялық дайындық).
ІІ.Қызығушылықты ояту:
- Сөз – дегеніміз не ?
- Белгілі бір ұғымға берілген атау.
- Сөздер неден құралады ?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді ?
2.Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастырып айту
Тау, сөйлеу, ағаш, ұялшақ ,оқушы , әдемі ,он жеті ,тоғыз ,жүйрік.
Сөздер мағынасына қарай сөз таптарына бөлінеді.
Сөз таптарын кім атайды? (Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
3.Сөздердің мағынасын түсіндір.
Жол – жал –жыл – жел.
- Не байқадың ? Қандай қорытынды жасауға болады ?
-Сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруінен сөздің мағынасы өзгереді ме?
3.Сөздің соңғы дауыссыз дыбыстарын өзгертіп жаңа сөз жаса.
( жоқ , жан , жыр , жем )
4.. Зат есім , етістік , сын есім , сан есім ережелерін еске түсіру.
ІІ1. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
- Мәндес сөздер қандай сөздер?
- мағыналас сөздер синоним
- Сөз мағынасы дегеніміз не?
- Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.
. Антоним деген не?
-Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
. Омоним деген не?
-Жазылуы бір мағынасы әртүрлі сөздер
Түс- Күн тал түс болды. Түс көрмейтін адам болмайды. Батыр, атыңнан түс. Әйгерімге анасының түсі бозарып кеткендей көрінді. Мысал: Мұңды- қасіретті, қайғылы, қапалы. Тез- дереу, жылдам, шапшаң.
Сөз лексикалық мағынасына қарай :
1. Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы.
2. Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауысып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы.
Мысалы: бас - сөзі, адамның басы- дене мүшесі, судың басы – бұлақ, сөздің басы- сәлем, таудың басы – шың.
Тақтамен жұмыс: Көп нүктенің орнына мәндес сөздер тауып жаз.
Мәндес сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
1.Әдемі, сұлу, көркем.
2.бет , ажар , келбет өң .
3. ынтымақ , бірлік , достық .
4.қатігез , ұшқалақ , женілтек.
Кітаппен жұмыс:
1- жаттығу. Сөйлемді оқы. Қарамен жазылған сөздердің мағынасына көңіл бөл.
Арық – су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы. Мал қыстан арық шықпас үшін, күтім керек. Бақ ішінен жеміс жинаған балалардың көңілді дауыстары естілді. Мал баққанның еңбегі текке кетпес. Сәуленің атасы қатқан мұзды оюға кірісті. Текеметтің оюлары ажарлы екен.
Жұппен жұмыс:
1 -жұп: 2 – жаттығу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын тауып, ле сөйлем құрастырып жаз.
Үлгі: Назым, Астананы аралап қарашы, қандай әдемі қала! Машина кенеттен тоқтады.
2-жұп: 3 – жаттығу. Суретте бейнеленген зат және сан атауларымен бірдей дыбысталатын сөз сөздердің басқа мағыналарын тауып жаз.
3-жұп: 4– жаттығу. Берілген сөздерден екі түрлі мағынада қолданылатын сөздерді теріп алып, сол сөздердің әр мағыналарына сөйлем құрастырып жаз.
Әр жұптан 1 оқушы шығып өз жазғандарын қорғайды.
Сергіту сәті:
Қарлығашқа ұқсайық.
Кәне қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Ойын : «Ойлан тап»
Жасырынған мақалдарды берілген алғашқы дыбыстары арқылы оқу
1. Ө... қ...а Өнерлінің қолы алтын
2. Ә...қ... ұ.. ө Әкеге қарап ұл өсер.
3. м...-с... к... Мақал-сөздің көркі.
Көркем жазу: Қатесіз көркем көшіріп жазу
Үлкендерден есіткен
Сөзді ұмытпай жүргейсің:
Кіргеніңде есіктен,
Оң аяқпен кіргейсің.
Жеке жұмыс:
«Сөйлем» сөзіне дыбыстық талдау жасау. с-дау-з,қатаң ө-дау-ы,жіңішке й-дау-з,үнді л-дау-з,үнді е-дау-ы,жіңішке м-дау-з,үнді
Оқушыларға оқыту,тексеру.
Шығармашылық тапсырма: Сурет бойынша диалогтық әңгіме құрастыр
VІ.Сабақты қорыту:
- Бүгінгі сабақта не өтілді? - Сабақ несімен ұнады? (Оқушы жауабын тыңдау)
V VІ1. Үйге тапсырма: 5-жаттығу Ереже жаттау
VІІ1. Оқушыларды бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жжетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау
- шолпан1957
- 19 декабря 2014
- 11251
- 0


