Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты :1.Оқушыларға тұрлаулы мүшелер туралы білім беру.
2.Ой-өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін, сабаққа
деген қызығушылығын арттыру.
3.Табиғатты сүюуге, үлкенді сыйлауға, достыққа, сауатты
болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: ой қозғау, диалог, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, шығармашылық тапсырмалар, мақал-мәтелдер т.б.
Түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
58- жаттығу.
Сөйлемде бастауышы зат есімнен, баяндауышы етістіктен жасалған сөйлемдерді бір оқушыға,бастауышы да ,баяндауышы да зат есімнен жасалған сөйлемдерді екінші оқушыға оқытып талдатамын.
ІІІ.Өткен сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бастамас бұрын сандарды өсу ретімен қойып шығу.
20 32 41 47 50 55 60 63 69 70 75 82 88 92 100
Т ұ р л а у л ы м ү ш е л е р
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызда тұрлаулы мүшелермен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс.
60-жаттығу.Суретпен жұмыс.
-Қандай жыл мезгілі?
-Қыс мезгілі туралы не білеміз?
Тақтаға Негеш пен Білгішбек шығады.Сөйлемдерді оқып өз пікірін айтады. Мүғалім тұрлаулы мүшелер туралы түсінік береді.Тұрлаулы мүшелер бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Мысалы:Қар жауды.
61-жаттығу. Ауызша талдау.Сөйлемдерді оқып бастауыш пен баяндауышты табу.
Мектепте асхана бар.Азпазшы тамақты дәмді пісіреді.Балалар үзілісте асханаға келді.
1. Мәтінде кім туралы айтылған?
2. Аспазшының міндеті не?
3. Аспазшы деп кімді айтады?
- Балалар сендер кім болғыңыз келеді? Оны мына сызбаға жазасыздар.Үш оқушы оны оқып шығады.Оқушылар мамандық таңдау әр адамның міндеті.Кез келген мамандықтың қиындығы мен қызығы болады.Жақсы маман болу үшін білімді болу керек.
62-жаттығу.Мәтінге тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазу. Ақлима әжей.
Балалар Ақлима әжейге көмекке келді.Қыздар үй тазалады.Ұлдар отын жарды.Ақлима әжей балаларға риза болды.
Тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызу.
1.Мәтін кім туралы?
2.Әже сөзі нені білдіреді? ( Туыстық атауды.)
3.Туыстық атауларды тақтаға жазу.
Отбасы туралы әңгімелеу.
Сергіту сәті.
63-жаттығуды жаттан жазу.1-2 оқушыны бағалау.
Ойын: Мақалды жалғастыр.
Күннің шуағы жылы,----------------- .
Арпа,бидай ас екен,----------------- .
Оқу- білім бұлағы,-------------------- .
64-жаттығу ауызша талдау.« Тырна мен түлкі» ертегісінен алынған.
Тырна түлкіні қонаққа шақырды.Тырна түлкіге тамақ берді.Құмыра түлкінің басына сыймапты.
Тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызу.
Тырна мен түлкі туралы мәлімет беру.
ІV. Бекіту. Суретке қарап тұрлаулы мүшелері бар сөйлемдер құру.
-Бүгінгі сабақтан не білдік?
-Тұрлаулы мүшелерге не жатады?
V.Қорыту. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.65-жаттығу.Сурет бойынша сөйлем құру. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Септеулік және жалғаулық шылау. Баяндауыш

Септеулік және жалғаулық шылау. Баяндауыш

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайырғалиева Асима Сұлтанқызы ...
Cын есім

Cын есім

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Игибаева Маңдайлы Сабақтың тақырыбы: Сын есім...
Сөз тіркесі

Сөз тіркесі

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі...
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР. БАЙЛЫҚ ПЕН АҚЫЛ (ЕРТЕГІ) 2 СЫНЫП

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР. БАЙЛЫҚ ПЕН АҚЫЛ (ЕРТЕГІ) 2 СЫНЫП

Оразымбетова Акмарал Қысқа мерзімді жоспар Әдебиеттік оқу 2 сынып Тақырып Байлық пен ақыл (ертегі) Сілтеме Қабатай Б.Т. , Рахметова С.Р. 2013ж ...
Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Сабақтың тақырыбы: Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға дөңгелек пішімді...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру