Жаңаөзен қаласы
№ 6 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Игибаева Маңдайлы
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Сын есім туралы білімдерін толықтыру; сын есім туралы білім – біліктерін кеңейту; сын есімді сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілетін,танымдық,шығармашылық қабілетін тапсырма мен сұрақтар арқылы байқау,белсенділігін дамыту.
Тәрбиелігі: Сауаттылыққа, жылдамдыққа, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа тәрбиелеу
Өткізу әдістері: Сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы, әңгімелеу, ойын
Сабақтың түрі: Аралас
Көрнекі құралдар: «Алтын қақпа» ойын макеті, сурет , кубик, қолдан жазылған сөздер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау
ІІ. Үй тапсырмасы
Өткенді пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Алтын қақпа» ойыны арқылы оқушылардың назарын өзіңе аударып, ойын шартымен таныстыру
-Бүгін сөз табының бір түрі «Сын есімнен» алған білімдерімізді ортаға саламыз.
-Мынау не?
-Алма.
-Түрі қандай?
-Көлемі қандай?
-Иісі қандай?
-Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер?
-«Жақсы, піскен»- бұл сөздер сапаны білдіреді.
-Сонымен алманың түрі қызыл, сары, көлемі үлкен, иісі жақсы, жағымды, дәмі тәтті, сапалы, піскен дедіңдер. Яғни бір заттың сындық ерекшеліктерін атадық.
-1) Балалар, қақпаны ашу үшін 363-жаттығуды орындаймыз. Өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, олардың қай сөз табы екенін табасыңдар.
Әсем
Күміс
Кең сын есім
Жұпар
2) Күміс қақпа 365-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып, көшіріп жазу.
- Заттың түсін, дәмін білдіретін тағы қандай сын есім сөздерді білесіңдер?
365- жаттығу Жатқа жазу.
Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады.
Жаман сөзден жан қорқады.
Сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.
ІҮ. Сергіту сәті
Сын есімдерді табу
Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар,
Айдын көлді арала.
Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар,
Айдын көлді арала.
3) Алтын қақпа 367-жаттығу
Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу
Жылы ала көк
Кең үй сүтті сиыр ұзын көйлек
Биік қара әдемі
«Жалғасын тап» ойыны
Кубик лақтырып, ойынды жалғастыру, сын есімдерді табу.
Ақ киімді, денелі .........
Соқыр, мылқау, танымас.....
Үсті-басы ақ қырау,.......
Басқан жері сықырлап ...... .
-Өлең қай мезгілге байланысты деп ойлайсыңдар?
-Қай ақынның өлеңі?
-Абайдың басқа тағы қандай шығармаларын білесіңдер?
Барлық қақпа ашылып ішінен «Сын есім» шығады.
-Сын есім дегеніміз не?
СЫН ЕСІМ
Сапасы салмағы түсі көлемі дәмі
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: 366-жаттығу



