Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсәздер ме, балалар! Отырыңдар.
- Көңіл - күйлерін қалай?
- Сабаққа дайынбыз ба?
2. Үй жұмысын тексеру.
- Ендеше үй жұмысын тексерейік
- Үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушылар үй жұмысын орындарынан оқып береді.
Өткен тақырыпты ребус арқылы тексеру.
1 сөз "Сөйлем", анықтамасын айтып беру.
2 сөз "Бастауыш", анықтамасын айтып беру.
3 сөз "Баяндауыш", анықтамасын айтып береді.
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, сынып жұмысын жазып қоямыз.
Ал енді кітаптағы 189 - жаттығуға қараймыз. Бір - екі оқушы оқып береді. Кейін мазмұны айтылады.
а) Қима қағазбен жұмыс.
Әр қатар бір сөйлемнен көшіріп алады да, берілген қима қағаз тапсырмасы бойынша жұмыс істейді.
4. Сергіту сәті.
Жел соғады бетіне,
Тоғайлар да желпуде.
Жел тына қалған кезде,
Тоғайлар биік болып көрінеді.
ә) Оқулықпен жұмыс.
- Жарайды, отырып тынышталамыз.
- Оқулықтағы 191 - жаттығуға қараймыз, не берілген?
- Суретте кім бейнеленген?
- Балалар не істеп жатыр?
- Оны қай жыл мезгіліне жасайды,не үшін?
- Олар құстарға не үшін керек?
Сурет бойынша тірек - жоспар құру. Шағын әңгіме жазу.
5. Қорытынды.
Сабақты сөзжұмбақ арқылы қорытындылау.
1 Бастауыш
2 Тұрлаулы
3 Сызықша
4 Қандай
5 Күлді
6. Үй тапсырмасы 192- жаттығу, 70 - бет.
7. Бағалау.
Біліміне, тәртібіне, сабақта берген жауаптарына қарай бағаланады.

