Сабақтың тақырыбы: Одағай Сабақтың мақсаты: Одағай туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөйлемнен одағай сөздерді таба білуге үйрету.Жаттығуларды оындау барысында шығармашылық ,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. Мейірімділікке,ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа,әдемілі жазуға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: СТО элементтері,топпен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,кесте,таратпа қағаздар. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. ІІ: Үй тапсырмасын тексеру. 559-жаттығу. Шылау ережелерді қайталау. Жұмбақ сұрақ. Сөйлем ішінде тұрып, Сөйлемді қодайды. Бірақ өзі бар ғой, Сөйлем мүшесі болмайды. (шылау) -Бұл қай сөз табы? Осы жұмбақ өлеңде шылау сөз бар ма? Атаңдаршы. -Шылау сөз-ғой. -Ендеше, шылау дегеніміз не? -Қандай шылаулар сөз бен сөзді байланыстырады? -Қандай шылаулар қосымша мағыналар үстейді? Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді,мысал келтіреді. ІІІ. Жаңа сабақ 1. Сызбамен жұмыс Одағай Көңіл-күй Жекіру Шақыру одағайлары одағайлары одағайлары (қуаныш,таңдану,ренжу) (ұрысу) төрт түлікті шақыру 2. Ситуациялық тапсырмалар А) Сен автобусқа үлгеремін деп жүгіріп келе жатқанда,автобус жүріп кетті. Сондағы көңіл-күйіңді бейнелеші.(Өкініш,реніш) Б) Байқаусызда қолыңа ине кіргізіп алдың сондағы көңіл күйіңді бейнеле. (Ренжу) В) Өрістегі сиырды қалай шақырады?(Әукім-әукім) 3. Оқулықпен жұмыс. 562-жаттығу ауызша орындалады. Әр сөйлемдегі одағай сөздері қандай көңіл күйді білдіріп тұрғанын айтады. Сергіту сәті. 563-жаттығу.Одағайды тап,сөйлемерді көшіріп жазып,одағайлардың астын сыз. Алақай,алақай! Алматыға апам келе жатыр. Топтық жұмыс. 565-жаттығу топта бірлесіп орындау. І топ Ренжуді білдіретін сөйлемді жаз. ІІ топ Ұрысуды білдіретін сөйлем жаз. ІІІ топ Өкінішті білдіретін сөйлем жаз. Шығармашылық жұмыс 566-жаттығу. І топ-әттең,апырай ІІ топ-ой,мәссаған ІІ топ-әй,қойшы сөздерін қатыстырып сөйлем құра. Сабақты бекіту Венн диограммасы Одағай Зат есім Үйге тапсырма: 564-жаттығу,ереже жаттау,қайталау.
- Жадыра110
- 23 марта 2016
- 631
- 0



