Тақырыбы: Етістік 1-6 жаттығу Мақсаты:1.Сөз мағынасын түсініп, етістіктің түрлерін ажырата білуге ,салыстыруға, талдау арқылы сыни ойлануына мүмкіндік беру. 2.Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту.өз бетінше жұмыс істеу және ой қорыту машығын арттыру. 3. Оқушыларды сауаттылыққа, ұйымшылдыққа ,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, кесте, интерактивті тақта. Түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй тапсырмасын сұрау. 3. Өткен сабақты қайталау. Сөз таптарын ата. Сызба бойынша зат есім туралы білетінімізді еске түсірейік. Зат есім Тұлғасына Құрамына Жалпылай немесе жекелей атауына қарай қарай қарай негізі туынды дара күрделі жалпы есім жалқы есім Зат есімнің жалғаулары Көптік тәуелдік септік жіктік 1- топ Берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздер жазу. Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелде. 2- топ.Өлеңнен тәуелдеулі сөздерді тауып, оларды үш жақта өзгертіп айт. Ер еңбегі шалқып тасқан, Ел еркіндеп, бақыт тапқан. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем.! 3- топ Жоғалған жалғауларды орнына қойып, өлеңді қалпына келтіру. Зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын айту. 4- топ. Зат есімдерді тиісті жалғаулармен сәйкестендір. Ақын -сіңдер Студент -міз Аспаз -быз Күйші -піз әнші -сыңдар Жаңа сабақ Ребусты шешу. «Етістік» Етістік Тұлғасына Құрамына Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына Қарай қарай қарай Негізгі туынды дара күрделі болымды болымсыз Оқулықпен жұмыс. 2- жаттығу. Мәтіннен етістіктерді тап,оларға сұрақ қой. Әбунасыр әл-Фараби туралы не білесің? Әбунасыр әл- Фарабидің мұсылманша аты-жөні Мұхамед ибн Узлағ Тархани. Ол 870 жылы Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласында дүниеге келген. Отырар ертеде «Фараб» деп аталған. Жасынан ғылым-білімге құштар болған Әл-Фараби араб, парсы. Түркі тілдерін жетік біледі. Білім- ғылым іздеп көп жерді аралайды. Әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдатқа келеді. Әбунасыр әл-Фараби Аристотельден кейін білім мен ғылым мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. 3- жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу. Етістіктерді тауып, дара немесе күрделі екенін айту. Етістіктерді күрделі етістікке айналдыру. . 4-жаттығу Туынды етістіктерді теріп жазу. Неліктен туынды етістік екенін дәлелдеу. Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау. 5- жаттығу Сызбаға қарап, етістік туралы білетініңді жинақтау. 1- топ. Суретке қарап әңгіме құрап жаз. Етістіктерді тап. 2- топ,Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау. 3- топ.Сызбадағы сөздерді сәйкестендір. Сабаққа бұзба Үлкеннің сөзін теппе Құс ұясын кешікпе Малды бөлме Үйде түкірме Суға ысқырма 4- топ. Венн диаграммасы. Зат есім Ортақ қасиет Етістік Кім? Не істеді? Не? Сөз Қайтті? Кімдер? табы Не қылды? Нелер? Қорытынды Оқушыларға кесте парағын таратып, олардың өткен материалды қандай деңгейде меңгергендерін анықтау. Мысалдар Дара етістік Күрделі етістік Негізгі етістік Туынды етістік Оқы шегеле жүрді Үйге тапсырма. Бағалау.
- Жадыра110
- 17 марта 2016
- 681
- 0


