Сабақтың тақырыбы: «Салақтық». Ыбырай Алтынсарин Оқушыларды Ы Алтынсаринөмірімен,шығармасымен таныстыру. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға машықтандыру. 2. Мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. 3. Оқушылардың бойында әдептілік, тазалық, ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыру Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын дайындатып, сабаққа назарларын аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. а) «Қадірлі әкелерім,мейірлі аналарым» бөлімі бойынша білімдерін пысықтау. б) Бөлім бойынша тест тапсырмаларын орындау. ІІІ. Жаңа сабақ. Ыбырай Алтынсарин «Салақтық». - Балалар, бірінші сыныпта оқыған Абай атамыздың өлеңіндегі жақсы қасиет пен жаман қылықтарды еске түсіріп көрейікші. -Жақсы қасиеттер: талап, еңбек ... Жаман қылықтар: өсек, өтірік ... 1. Сөзжұмбақты шешу .Мақал-мәтел жарысы. м а қ а л 1.Ғылым таппай … 2.Асық ойнаған … 3. … - тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен. 4.Әдепті бала - … бала. 5. … түбі – тірлік. 6. ..инемен құдық қазғандай. 7. … бала –арлы бала. 8. … бала талпынған құстай. м ә т е л 9. Тазалық -… кепілі. 10. Ұрлық түбі - … 2. Осы мақал мәтелдерге ортақ қандай тақырып беруге болады? А) Туған жер, Отан туралы Ә ) Еңбек туралы Б ) Жақсы, жаман істер туралы В) Ерлік, Батырлық туралы 3. Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз? 1841-1889 ж.ж «Қазақ хрес- Қостанай облысында томатиясы» оқу құра- туылған лын жазған Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан - Балалар осы «Салақтық» туралы деген мәтін не туралы болуы мүмкін? Өз ойларыңды бір-екі сөйлеммен дәптерлеріне жазады. 4. Мәтінмен жұмыс а) Мәтінді мәнерлеп оқу. .Іштей оқу. .Дауыстап оқу Оқушылардың әңгімелеуі. б) Сөздік жұмыс. Кіріңді ағызып –кір- қожалақ болу Қожасы –иесі Қалыбынша -әдетінше в) Тапсырмаларды орындау Салақтық сөзіне қарама –қарсы мағынадағы сөзді ата. -Балалар, біздің арамызда кейде тазалық сақтамайтын оқушылар болса, олар туралы не айтуға болады? Беті қандай кір еді, Айниды адам жүрегі. Көрсе осы бір кескінін, Күледі-ау жұрт, күледі. Сондай бала бола ма, Сендер оған жолама. -Ал, тазалықты сақтайтын, ұқыпты бала туралы не айтамыз? Жақсы бала құлақ сап Айтқаныңды ұғады. Төсегінен тұра сап Таза ауаға шығады. Жақсы бала ол анық: Тап-таза боп жуынып, Алады ол таранып. Істемейді шалалық. Берілген мақал- мәтелдерден осы мәтіндегі оқиғаға сай келетін нақыл сөзді ата. Тазалық –денсаулық кепілі. - Тазалық сақтамау, салақтық,ұқыпсыздық –жаман әдет, бұның салдары тіс,көз, ішек, тамақ ауруларына соқтырады.Сондықтан дені сау, жақсы азамат болып өсулерің үшін тазалық керек.Тері тазалығын сақтау,ас ішер алдында қолымызды жуып,тырнақты дер кезінде алып отыру керек. Тазалық бар жерде -денсаулық та жақсы болады. 5. Топпен жұмыс 1- топ Жеке бас тазалығына нелер жатады? Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; Өзің отыратын орныңның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт.Төсек орныңды таза ұстаған жөн. 2-топ Тамақтану гигиенасы. Отбасыңда тамақтану ережесін сақтайсың ба? Мезгілсіз ішкен асты адам дұрыс сіңіре алмайды. Сондықтан күн сайын белгілі бір мезгілде тамақтану керек. Кір қолмен тамақ ішкенде зиянды микробтар ілесіп ішке түседі.Одан адам іш ауруына шалдығады. Сондықтан ас ішерде қолды сабындап жуады. Көкөніс, жеміс- жидектердің сыртында зиянды микробтар, іш ауруы құрттарының жұмыртқалары болуы мүмкін. Сондықтан оларды міндетті түрде жуып жеу керек. Әркімнің ас ішетін өз ыдысы болуы керек. Астан соң қолды жуып,ауызды шаю керек. 3- топ Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтамыз. Тазалық – саулық негізі, Ауру болып ем іздегенше, Саулық байлық негізі. Ауырмайтын жол ізде. Денсаулықтың жаңасын Тысты ұзақ жүргенің, Ақшаға қайдан аласың. Ұзақ өмір сүргенің. Спорт- денсаулық кепілі. Салақ адам кіршіл. Көзің ауырса, қолыңды тый, Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің. Ішің ауырса, аузыңды тый. Енді барлығымыз бірлесіп отырып жұмбақ шешейік. Жуынам деп жазған-ай, Шомылған баланы, Күннен –күнге азған-ай. Аймалап алады. ( Сабын) Сипайды қолын да, Қарап тұрсаң өзіңе, Сипайды жонында. Сурет түсер көзіңе. Ол суретің ұқсайды, (Сүлгі) Дәл қазіргі өзіңе. Ертемен күнде сен (Айна) Қолыңа сүйкесең, Кетіп кір-ласың Аузы жоқ, көзі жоқ, Тап- таза боласың. Тілі жоқ,сөзі жоқ. ( Сабын) Бірақ та і тісі бар. Басымен ісі бар. (Тарақ) Бір –бірімізге ақыл кеңес айтып жіберейік. Аяқ-қолың болмай кір Тырнағыңды алып жүр. Әдет қыл бұл ісіңді. Тазалап жүр тісіңді. Салдыр салақ болмағын Саусағыңды сормағын Аптасына 1-2 рет Душқа күнде түскен дұрыс. 5 жолды өлең 1. Кім? 2.Қандай? 3.Не істеді? 4.Не үшін? 5.Жалпы ойды түйіндеу. 1.Дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдану. 2.Тамақтану, еңбек, демалу гигиенасы, жаңа күннің негізгі талаптарын орындау. 3.Қоршаған орта, табиғатты қорғау. 4.Зиян әдеттерден алдын алу. Қорытынды. Үйге: Әңгімені оқып, мазмұнын айту.
- Жадыра110
- 17 марта 2016
- 517
- 0


