Тақырыбы: Б б дыбысы мен әрпі Мақсаты:1.Б дыбысының әріптік таңбалануын.айтылуы мен жазылуын таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге,сөзге дыбыстық талдау жасауға,дұрыс буынға бөлуге үйрету.Сөздерді дұрыс оқи білуге дағдыландыру. 2. Танымдық қабілеті мен қыэығушылығын арттыру. 3. Ұқыптылыққа, таза,әдемі жазуға,дұрыс оқуға тәрбиелеу Түрі: аралас сабақ Әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру Көрнекілігі: Сабақтың Әліппе оқулығы, интерактивті тақта Барысы: 1 Ұйымдастыру Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқу құралдарын түгендеу. 2. Өткен сабақты пысықтау. -Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? -М -М дыбысы қандай дыбыс? Тақтадан «Қар» мәтінін оқыту. -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Сөз неден құралады? -Сөйлем неден тұрады? -Мәтін неден тұрады? Жаңа сабақ 1- слайд. Интерактивті тақтадан балапанның суретін көрсетіп. Сөзді буынға бөлу. Б дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр? Б дыбысын дыбыстатып айтқызу . Оны дыбыстың қай түріне жатқызамыз, неліктен? Көк ұяшыққа б әрпін салу. «Б»-еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын,қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыс.Б б дыбысының жазба,баспа түрлерімен таныстыру. 2-слайд.Бөрік ,барабан сөздеріне дыбыстық ,буындық талдау жасау.Б әрпі сөздің қай жерінде тұр? Б дыбысы сөздің басында ортасында және орыс тілінен енген клуб, штаб деген сөздерде ғана сөздің аяғында келеді. Клуб-мәдениет орны.түрлі-түрлі ойын сауық кештері өтеді. Штаб-әскери ұйымдарға басшылық беретін жер. Б дыбысына байланысты сөздер айтқызу. Оқулықпен жұмыс. 3-слайд. Суретте не көріп тұрғанын сұрап, бақа ,бақбақ ,балық сөздеріне сөйлем құрау. Бақа, бақа, бақ-бақ, Сеніп жүрсем мақтап, Бетің неге сатпақ? Бақа, бақа, бақ-бақ, Жүру үшін мақтап Болу керек аппақ. 4-слайд.Тақтадан сөздерді оқыту., 1.Хормен оқиды. 2.Жекелеп оқиды. Түсінбеген создермен жұмыс. Баба-үлен кісі, ата-бабаларымыз. Бата-ас қайыру,үлкен тойларда айтылады. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық, Бойымызға күш жинап Тынығып бір алайық. Дәптермен жұмыс. Б б әрпін таныту «Буыннан сөз құра» ойын Қорытынды:Қандай дыбыспен таныстық? Б дыбысы қандай дыбыс? Б дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Үйге тапсырма: Бағандағы сөздерді оқу
- Жадыра110
- 17 марта 2016
- 547
- 0

