Сабақтың тақырыбы: «Жақсылардың жақсысы» Дереккөздер Білім стандарты, пән бағдарламасы «Ана тілі» 3-сынып, Алматы «Атамұра» 2014 жыл, Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі. Жалпы мақсаты Мәтіннің негізгі идеясын түсінеді. Еңбек пен білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді. Топпен, жеке жұмыс жасауға дағдыланады, жан-жақты ойлау қабілетін дамытады. Қолданылатын әдіс-тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлау, ДЖИГСО, ой-шақыру, сұрақ-жауап Күтілетін нәтиже Мәтіннің негізгі идеясын диалогтік оқытуды қолдану арқылы түсінетін болады. Еңбекпен білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсінетін болады. Топпен, жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын тиянақтай біледі. Сабақтың барысы Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті: І.Ұйымдастыру кезеңі (4мин) Тренинг «Ізгі ниет-жақсы тілек» Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-біріне жақсы тілектер айтады. Топқа бөлу. (2мин) Оқушылар өздеріне ұнаған әріптерін таңдай отырып, сол әріптерден сөз құрайды. Оқушылар өздері таңлап алған әріптеріне және құраған сөздеріне қарай топтарға бөлінеді. 1-топ.«Білім». 2-топ.«Еңбек». 3-топ.»«Ақылды». ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (6мин) -Үйге қандай тапсырма берілді? 1.Қасым Аманжолов өмірі, шығармашылығы. «Ұшқыш болғым келеді» өлеңі. 2.«Өзің кім болғың келеді» шығарма. «Ыстық орындық» әдісі. -Ұшақтың қандай түрін білесің? -Болса, қандай? 2.«Өзің кім болғың келеді» шығарма. Үй жұмысын еске түсіреді, жауап беруге дайындалады. Үй тапсырмасын оқушылар тексереді. Сұраққа жауап береді, тұжырым жасайды. « Бармақпен» бағаланады. ІІІ. Қызығушылықты ояту. (5мин) Ой қозғау. Жұмбақ шешу. Әр топ жасырады,басқа топтар шешеді. 1.Шыр айналса, өзіне шыр байланар. (Ұршық) 2.Сөзі-дана, үні жоқ, Сөйлемейді тілі жоқ. Қолыңа алсаң-шешен, Ақылы асқан көсем. (Кітап) 3.Тоқыған ауы, шыбынның жауы. (Өрмек) 4. Қатар-қатар қара нар, Аспанменен бара бар, Алды биік, арты жар (құмырсқа) Жұмбақтың шешуіндегі сөзге сипаттама беру. Балалар, жұмбақ шешуіндегі сөздер бүгінгі танысатын ертегіде кездеседі. Осы ертегіні мұқият тыңдайық. Жұмбақтың шешуін айтады.(ұршық,кітап, өрмек, құмырсқа) Оқушылар аудиотаспаны тыңдайды ІII. Жаңа сабақ (8мин) Оқулықтағы мәтінді топтарға бөлемін.Мәтінді бөлімге бөлу:1,2-3-4 бөлім Әр бөлімдегі түсініксіз сөздерді белгілеп отырыңыздар. Презентацияда түсініксіз сөздердің мағынасы көрсетіледі. (көз жасын булап тұрып-жылап тұрып; мүлік-зат;өрмек - алаша, шекпен тоқу үшін қазыққа керіліп, желісі жерге реттеліп тартылған тоқыма құралы (белдік). Оқушылар, әр топ өзінің оқыған бөлімінің мазмұнын басқа топтарға түсіндіру үшін оларға қонаққа барады. Балалар бұл қандай ертегіге жатады? Неге?...Дәлелдеңіздер Ендеше бұл-шыншыл ертегіге жатады екен.Бұл ертегінің сендер оқыған халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?Біз оқыған ертегінің авторы бар ма,жоқ па?Ал халық ертегісінің авторы болмайды. Мәтінді оқи отырып, түсініксіз сөздердің астын сызып отырады. Әр топ мәтіндегі таныс емес сөздердің астын сызып белгілейді Оқушылар сөздердің мағынасын естеріне сақтайды. Оқушылар әр топқа кетеді. ДЖИГСО әдісі арқылы ертегі желісін мазмұндайды. Оқушылар өз топтарына оралып отырады. Оқушылар дәлелдеп айтады. Қиял жоқ, жануарлар жоқ,өмірде болды. Әр топ бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды. Сергіту сәті: (2мин) Би қимылдарын жасату. Талдау: (7мин) Мәтін бойынша алған білімді талдау, айтылған ойды әрі қарай дамыту. 1-топ; Сызба бойынша еңбек пен білімді сипатта. Осы күн көздерін қандай түспен бояр едің? Неліктен? 2-топ; Сызбаны толтыр: Бұл құмырсқаның неліктен «жақсылардың жақсысы» аталатынын дәлелде. 3-топ; Мәтіннен бірнеше бөлмелі үй сипатталған жолдарды тауып оқы. Құрылыс маманы ретінде осы үйдің сызба-жобасын қағазға түсір. Оқушылар алдымен топ ішінде мәселені талқылап,үйдің сызба-жобасы қалай жасалатыны туралы өз ойларын ортаға салады. Жеке тапсырма: (5мин) Сонымен ертегі бізді еңбекқорлыққа білім алуға шақырады,үйретеді.Ал еңбекқор қандай жәндікті білесіңдер? Құмырсқаның неліктен «Жақсылардың жақсысы» аталатынын дәлелдеп, 4 сөйлемді эссе жазыңыздар. Шағын эсселеріңізді бір-бірлеріңізге оқыңыздар да, жұппен бағалаңыз. Топ ішінде үздігін таңдап, ортаға шығарыңыздар. Оқушылар шағын эссе жазуға кіріседі. Топ ішінде бір-бірлеріне оқып, жұппен бағалайды. Одан соң ең үздігін ортаға шығарады. Әр топ бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды. Қорытындылау: (5мин) Қазір , балалар, ертегіні қаншалықты түсінгенімізді қолымдағы «Өзіңді тексер» парағы тарқатылады. Өзіңді тексер! 1 Ертедегі кейіпкерлерді ата 2 Қыз кілтті алып қайда келді? 3 Бөлмеде не болды? 4 Қыз неге жылады? 5 Әкесі қызға есіктің кілтін қашан берді? 6 Үй қандай болды? Балалар сұраққа жауап береді. Үйге тапсырма: Мәтінге сәйкес «Білім мен еңбек, бәрін жеңбек» шығарма жазу. Күнделіктеріне жазып алады. Рефлексия(1мин) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Сабақтан алған әсерлерімен ұсыныстарын стикерлерге жазу.
- Жадыра110
- 17 марта 2016
- 1292
- 0

