Сын есім

Сабақтың барысы:
Қонақ күту салтымыз,
Оқып біліп жатырмыз,
Келген қонақ сіздерге.
Сәлем бердік жалпымыз.

-Сабағымызды бастамас бұрын,мына ережелермен таныс болайық.
1.Тыныштықты сақтаймыз.
2.Бір-бірімізді тыңдаймыз.
3.Жауабымызды толық айтамыз.
4.Ойымызды анық айтамыз.

Бекіту сабағы.
1-жаттығу.
Мәтінді оқы. Автор құстарды қандай белгісі бойынша салыстырады? Балықтарды ше? Салыстыру үшін қолданылған сөздерге сұрақ қой.
Ең ауыр құстар – дуадақ пен аққу. Олар 12-16 килограмм тартады. Ал ең жеңіл құс – шымшық. Ол бар болғаны 6 грамм тартады.
Ең үлкен балық – акула. Оның ұзындығы 20 метрге жетеді. Ал ең кішкентай балық – филиппин бұзаубасы деген балық. Ол шыбынның мөлшеріндей ғана болады.
2-жаттығу.
Берілген сөздерге мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді тап.
Үлгі: кең – тар (бөлме), ...
т а р
с у ы қ
а л а с а
ж ү й р і к
қ а р а ң ғ ы
Кең
Ыстық
Биік
Шабан
Жарық
3-жаттығу.
Қауырсын жеңіл,тас /қандай/.....
Күн жарық,түн /қандай/.......
Піл үлкен,тышқан /қандай/......
Қыс суық.жаз /қандай/......
Қар ақ,көмір /қандай/.......
Сын есімдердің астын сыз.

4-жаттығу.
Көп нүктенің орнына сұрақ бойынша қарсы мағынадағы сын есімді қойып, мақалдарды толықтырып жаз. Мақалдардың мазмұнын түсіндір. Қарсы мағынадағы сын есімдері бар тағы қандай мақалдарды білесің?
Ашу дұшпан,ақыл- (не?) ... ақылыңа ақыл қос. Жақсы бала – қуаныш, (қандай?) ... бала – өкініш. Үлкен кісі бастар, (қандай?) ... кісі қостар.
5-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жаз.Сын есімдердің астын сыз.

6-жаттығу.Суреттердегі әр түрлі белгілері бойынша салыстырып жаз.Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру