Сын есім 3-сынып

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

"Баян орта мектебі" КММ

Конысбаева Айнагуль Серикбаевна

бастауыш сыныбының мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Қонақ күту салтымыз,
Оқып біліп жатырмыз,
Келген қонақ сіздерге.
Сәлем бердік жалпымыз.

-Сабағымызды бастамас бұрын,мына ережелермен таныс болайық.
1.Тыныштықты сақтаймыз.
2.Бір-бірімізді тыңдаймыз.
3.Жауабымызды толық айтамыз.
4.Ойымызды анық айтамыз.

 

 

Бекіту сабағы.

1-жаттығу.

Мәтінді оқы. Автор құстарды қандай белгісі бойынша салыстырады? Балықтарды ше? Салыстыру үшін қолданылған сөздерге сұрақ қой.

Ең ауыр құстар – дуадақ пен аққу. Олар 12-16 килограмм тартады. Ал ең жеңіл құс – шымшық. Ол бар болғаны 6 грамм тартады.

Ең үлкен балық – акула. Оның ұзындығы 20 метрге жетеді. Ал ең кішкентай балық – филиппин бұзаубасы деген балық. Ол шыбынның мөлшеріндей ғана болады.

2-жаттығу.    

Берілген сөздерге мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді тап.

Үлгі: кең тар (бөлме), ...

т

а

р

 

с

у

ы

қ

 

а

л

а

с

а

 

ж

ү

й

р

і

к

 

қ

а

р

а

ң

ғ

ы

Кең

Ыстық

Биік

Шабан

Жарық

3-жаттығу.

Қауырсын жеңіл,тас /қандай/.....

Күн жарық,түн /қандай/.......

Піл үлкен,тышқан /қандай/......

Қыс суық.жаз /қандай/......

Қар ақ,көмір /қандай/.......

Сын есімдердің астын сыз.

 

4-жаттығу.

Көп нүктенің орнына сұрақ бойынша қарсы мағынадағы сын есімді қойып, мақалдарды толықтырып жаз. Мақалдардың мазмұнын түсіндір. Қарсы мағынадағы сын есімдері бар тағы қандай мақалдарды білесің?

 Ашу дұшпан,ақыл- (не?) ...  ақылыңа ақыл қос. Жақсы бала – қуаныш, (қандай?) ... бала – өкініш. Үлкен кісі бастар, (қандай?) ... кісі қостар.

5-жаттығу.

 Өлеңді көшіріп жаз.Сын есімдердің астын сыз.

 

6-жаттығу.Суреттердегі әр түрлі белгілері бойынша салыстырып жаз.Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 ҮІІ. Бағалау.

 

  

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру