Математика Мектепалды даярлық сыныбы
Сабақтың тақырыбы: 7 саны
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды 7 санымен таныстыру,7 санының киелі сан екенін таныту, тура және кері санай білуге үйрету;
2.Дамытушылық:Балалардың танымын,ойлау қабілеттерін арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: Тапқырлыққа,ептілікке,достыққа,ұлттық рухты қастерлеуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің түрі: сайыс сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар,қане сабаққа дайындығымызды көрсетейік.
-Денемізді тік ұстап,оқушы ережесіне сай отырамыз.
-Балалар,сендер-еліміздің ертеңгі үміт күтер болашағысыңдар.
-Өздеріңді қандай баламыз деп ойлайсыңдар?
А) Психологиялық дайындық
Балалар: Біз-балдырған баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз
-Қазір бізде математика сабағы.
-Бұл сабақтан біз не үйренміз?
-Есеп шығаруды,санауды,тура,кері.Санауды,сандарды салыстыра білуді үйренеміз.Қосу,алуды үйренеміз.
-Олай болса,бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Балалар: Таудай биік талабым,
Таңдап білім аламын.
Оқу менен жазуды,
Еңбекпенен табамын.
-Өте жақсы!
-Иә,өздерің айтпақшы болашақтың кілті-Оқу,Еңбек,жазу екен!
Ендеше осы үш орталыққа саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар!
-Балалар,қараңдаршы менің қасымда нелер тұр?
-Әр түрлі пішіндер
-Ендеше осы пішіндерден біз саяхатқа шығатын өз көлігімізді дайындап алайық.
-Рет нөмірлері бойынша құрастыру.Сонымен біз саяхатқа поездбен шығады екенбіз.
-Неше пішіннен тұрады екен?
Пішіннен
-Аққала құрастыру (өрнек шығару)
(әр геометриялық пішінге талдау жасау,түстеріне назар аудару)
III.Жаңа сабақ
-Саяхатқа шығуға дайындалып алайық.
-Олай болса,біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз: 7 саны
7-киелі сан. (7 санының жазылуын көрсету) (7-ге дейін тура,кері санау)
-7 санына байланысты не білесіңдер?
-7 лақ ертегісі,7 жұт,жеті қарақшы жұлдызы,кемпірқосоақтың 7 түсі бар)
(1-2 баладан 7 атасын,аптаның 7 күнін сұрау) тақтамен жұмыс
IV. Дәптермен жұмыс
1-ші орталығымыз-жазу орталығы.
7 санын дәптерге жазу.
Екінші тапсырма-«Көршісін тап» ойыны
*6*, *5*, *3*, *1*
V. Сергіту сәті.
Көк аспанға қарайық,
Жұлдыздарды санайық.
Жарқырайды бір жұлдыз,
Аты-жетіқарақшы
Әрбір орталыққа барған сайын тақпақ айту.
VI. Келесі орталық-оқу орталығы
А) Мақал-мәтел жаттау
Жеті атасын білмеген жетесіз.
Жеті рет өлшеп,бір рет кес.
Ә) Жеті таяқшадан бір пішін құрастыру.
VII. Келесі орталық-Еңбек орталығы
-Балалар оқу мен еңбек-егіз ұғым
Бұл орталықтың тапсырмасы-«Жолды қардан тазалау» ойыны.Адасқан сандар
-Қарлардың артындағы сандарды оқу.
1, 4, 6, 5
(7-ге дейінгі сандардың ішінен жоқ санды табу)
Санамақ айту
Бір дегенім-бесік,
Шықтың содан өсіп.
Екі деген-елім,
Далау,тауым,көгім.
Үш дегенім-үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім-төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім-бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Алты деген-ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Жеті дегенім-жалау,
Жүректегі алау.
VIII.Сабақты қорытындылау.
Балаларды мадақтау.Белсене қатысқан балаларды атап өту.
Садыкова Маржанкуль Калдыбаевна
Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы,
Бидайық ауылы,
Бидайық жалпы орта білім беретін мектебі



