Отбасы. Әже әлдиі

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: сауат ашу.

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Отбасы. Әже әлдиі.

Оқу іс – әрекетінің мақсаты: Балаларды отбасы мүшелері  түсінігімен                           таныстыру.

Оқу іс – әрекетінің міндеттері:

  1.Балаларға білім беріп, олардың ой – өрісін дамыта отырып,   сөздік қорын байыту.

  2.Ән ырғағын сақтап , көңілді би қимылдарын еркін, жеңіл орындауға төселдіру.

  3.Әжелердің өсиетін тыңдау, үлкенге ізет көрсету, іскерлікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic: Oтбacы тypaлы

Tүciнiгi: Oтбacылық, тyыcтық қapым-қaтынacтың мәнiн түciнеді.

Kөpceтe бiлyi: Oтбacынa, ата – әжесіне  дeгeн cүйicпeншiлiкті.

 

Көрнекілігі: Интерактивті тақта слайдтары, мазмұнды суреттер, үлестірмелі  

                     карточкалар.

Оқу іс – әрекетінің типі: жаңа оқу іс – әрекетін меңгерту.

Оқу іс – әрекетінің әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын , СТО әдісі.

Оқу іс – әрекеттер барысы:

  І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу.

ә) түгелдеу

 Дауыс жаттығуы.

До- ре – ми , до- ре- ми үйреніп аламыз.

Фа-соль-ля , соль-ля-си-до-до-до – деп әнге саламыз.

Қазақстан Республикасының әнұранын айтқызу.

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

  1.      Сұрақ – жауап:

-         Балалар сендер қай елде тұрасыңдар?    (  Қазақстан елінде).

-         Қазақстан елінде қандай ұлт өкілдері тұрады?

Барлығы үлкен Қазақстан елінде тұрады. Қазақстан бұл үлкен Отан, Отбасы кіші отан болады.

-         Сенің отбасыңда қанша адам бар?

-         Сенің атаң үйіңде немен айналысады?

-         Әжең не істейді?

-         Сен ата – анаңа қалай көмектесесің?

  1.       «Отбасы » атты электрондық ойын ойнату  (  шарты: үлкен кісілерден бастап кіші отбасы мүшелерін дұрыс атату.)

 

ІІІ. Жаңа оқу іс –әрекеті.

Электрондық оқулық пайдалану.

Суретпен жұмыс:

-         Балалар , суретке қараңдаршы кімдерді көріп тұрсыңдар?

-         Олай болса суретке қарап топтастырып жіберейікші.

Топтастыру:

 

 

                                       

     Отбасы

     мүшелері

 

 

                                               

-Ал, енді балалар, суретке қарап әңгіме құрастырып жіберейікші.

                                         ІҮ   -   Тақпақтар

    1-  Оқушы:

Анаң күнің жүрегің,

Әкең өмір-өмір тірегің,

Әжең асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның,

Ағаң –қамқор асқарың,

Інің – мөлдір аспаның.

 2-Оқушы:

Ұл –қызыңнан ерген,

Немереңбіз әже.

Немереңнен ерген .

Шөбереңбіз әже.

 3 -оқушы:

Мықты болса іргеміз,

Бәрәмізде біргеміз.

Сонда құт пен береке.

 

  Ү.  Мақал – мәтелдер:

1-оқушы:

Жас жемісті жұлма.

Жас баланы ұрма.

2-оқушы:

Ағадан ақыл,

Ініден ізет.

3-оқушы:

Баланың ұяты- әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.

4-оқушы:

Ана алдына құрмет,

Ата алдына қызмет

5-оқушы:

Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі

 

 

ҮІ. «Әже әлдиі»  сахналау.

 

ҮІІ. Оқу іс- әрекетін бекіту.

А) Сәйкестендіру:

 

                                                  Әже

 

ақылды              мейірімді               қамқоршы                сабырлы

 

Қорытынды:

Алтын әжем, ақ шашыңа қарызбыз,

Асыл әжем мейіріміңе қанықпыз.

Ортамызда аман – есен жүре бер,

Арайланып мейірімді ақ жүзің.

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру