«өзiн-өзi тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары.
Мектеп: Арбиген ЖОББМ Мерзім_____________ №________
Тақырып: Суды қорғаңдар!
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық.
Мұғалім: Данкина А.Ш. Класс_ 2сынып. Оқушылыр саны:10
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қоршаған ортаға, табиғатқа қамқорлық жасау арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Судың адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері.
Білімділігі: - Оқушылардың қоршаған ортаға, табиғатқа қамқорлық жасауда , «Су» туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: - оқушылардың табиғатқа, қоршаған ортаға, жақындарына деген мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: - табиғатқа мейірімділікпен қарауға, қамқорлық жасауға , суды қорғауға жанашырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (Сыртқы интеграция)
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
5т ережесін еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Тыныштық сәті:
«Су асты патшалығына ойш а саяхат.» (мелодия «Дождь и скрипка»).
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады.
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Ресурстар:( оқулық, дәптер)
2.Үй тапсырмасын тексеру: Қанекей балалар үйге қандай тапсырма берілді?
-судың қандай қасиеттерін білісің
- «Шипалы сулар» деп қандай суларды атайды? ---Оның адам ағзасына деген пайдасы қандай?.
- Суды қорғауға сен қандай үлес қоса аласың?
Сабақ барысын талқылау:
3Мәтінмен жұмыс (ішкі интеграция)
Аңыз әңгіме: «Таза бұлақ»
-Судың адам өміріндегі маңызы қандай?
-Суды неге теңейді?
Тәжірибе жасау: екі стакан алып оған су құйылады. Үш оқушы сыртқа шығарылады. Сол кезде бір стақан суды алып, балалар суға жақсы сөздер айтады. Сырттағы балалар сыныпқа кіріп, екі стақандағы суды ішіп, салыстырады, дәмін көреді, қай стақандағы су ерекше мейірімге толы екенін анықтайды.
Осы жерде суда тіршілік көзі оның да сезгіш қасиеттері бар екендігі айтылады. Суды біз таза ұстап қорғауымыз керек. әрдайм дұрыс әрекет жасауымыз керек.
4Шығармашылық жұмыс. Тапсырма
Екі топқа бөлу
«Жанашырлық» және «Қайырымдылық»
1 Топ «Су туралы» төрт жол өлең шығару ,
2 Топ «Су туралы» тыйым сөздер жазу.
2-ші тапсырма: мақал-мател. көп нүктенің орнына сөз жазу.
1топ: Таулы жер бұлақсыз болмас,
..............жер құрақсыз болмас
2 топ: Сөздің басы-құлақ,
...... басы- бұлақ.
Оқушыларды түсті кағаздар бойынша топка бөлу
5.Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, «Су – тіршілік көзі» тақырыбына әңгіме жазып келу
6.Сабақтың қорытындысы.
Балалар бүгін біз сабақта не өттік?
Қандай құндылықпен таныстық?
Дұрыс әрекет дегенді қалай түсінесіңдер?
Соңғы тыныштықсәті.
Ынғайланып отырыңыздар, кздеріңізді жұмыңыздар.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.
Бүгінгі сабақта не үйренгенімізді ішімізден қайталаймыз, Мен жақсы адаммын, Жақсы адамдар ешкімге, еш нәрсеге қиянат жасамайды. әрдайым дұрыс әрекет жасайды, жақсылық жасайды.Сабақ аяқталды.
Сау болыңдар!


