Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№21 орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Борашова Багила Илесқызы
Сабақтың тақырыбы;Қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты;
Білімділік;Оқушылардың 3-сынып бойынша пәндерден алған білімдерін тиянақтау, бекіту.
Дамытушылық;Білуге,уйренуге деген қызығушылығын арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік;Білімді,дарынды,озық ойлы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қима қағаздар,қызықты тапсырмалар,интерактивті тақта.
Түрі:қорытынды,жарыс сабақ.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Сабақ мақсатымен таныстыру.
(сыныпты 3-топқа бөлу.)
ІІ.Жаңа сабақ
Математика –
Ең маңызды ғылым бұл
Сондықтан да балалар,
Бұл ғылымның тілін біл-дей отырып «математика әлеміне» саяхат жасайық.
Рәміздер тапсырмасы:
1-топ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының ұзындығы-2метр,ені-1метр.Периметрін тап.
2-топ
«Елтаңба» сөзінде қанша әріп болса,сол санның көбейту кестесін жатқа жаз.
3-топ
Анаграмманы шеш;
Р Ұ Н А Н Ә
Өрнектерді өсу ретімен орналастырсаң ел рәміздерінің бірінің атауы шығады.
Отан қорғаушылардың тапсырамасы;
1-топ Құрлық әскерлерінің тапсырмасы;
Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
2-топ Әуе әскерлерінің тапсырмасы;
Уақыт өлшем бірліктерін ата.
3-топ Теңіз флоты әскерлерінің тапсырмасы;
Масса бірліктерін ата.
Қазақстан-Түрікменстан бағытындағы жолаушы пойызының тапсырмасы.
1-топ
Қандай екі санның қосындысы мен көбейтіндісінің мәні тең болады?
2-топ
Атасы
мен әжесінің туған күні бір күнде.Бірақ олар құрдас емес,неге?
3-топ Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлайді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім-дей келе ендігі кезекті Қазақ тіліне берейік.
Жақында ғана бүкіл еліміз 1-мамыр Бірлік мерекесін тойлады.Осы мерекеде біздің көршілес мемлекеттеріміздің бізге берген достық тапсырмалары бар екен,орындауға дайын болсақ бастайық ендеше.Сендерге сәттілік,балалар.
1-топ Ресей
1.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
2.Сөз таптарын ата.
2-топ Қытай
1.Дауыссыз дыбыс нешегебөлінеді?
2.Негізгі зат есім және туынды зат есім деген не?
3-топ Қырғыз
1.Дыбыс нешеге бөлінеді?
2.Сан есім нешеге бөлінеді?Оларды ата.
Қазақ тілі оқулығының тапсырмасы.
«Сөз ойла, тез ойла»Қай топ көп сөз ойлап тапса.сол топ жеңіске жетеді.Қазақ тілі деген сөзден жаңа сөздер ойлап табу керек.
Бізде енді кезек «Әдебиет орталығы» деп аталады.Әрбір дұрыс жауап үшін 1-ұпай беріледі.
1-топ
1.Әліппенің атасы кім?
2.Шоқанның орыс досы кім?
3. «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын кім аударды?
2-топ
1.Дала жұлдызы кім?
2.М.Жұмабаев неше жасында мектеп есігін ашады?
3.М.Мақатаевтың үш бақытым деп отырғаны нелер?
3-топ
1.А.Құнанбаев қай облыста туған?
2.Ұршық,өрмек,кітап бұлар қай мәтінде айтылған?
3.Исатай,Махамбет батырлар заманында билік құрған хан кім?
Енді жұмбақ,мақал-мәтелдерден білімдеріңді сынап көрейік.
1-топ
Сәкен аға әңгімесінің авторы кім?
Бір қораға қамалғандар.
Жану үшін жаралғандар.(сіріңке)
Туған жердей жер болмас,
------------------------.
2-топ
Құрманғазы күйші домбырасын кімге табыстады?
Болсада көкте мекені
Кездеспейді екеуі.(ай мен күн)
Еңбек етсең етсең ерінбей,
-----------------------------------.
3-топ
Исатай батырдың баласы кім?
Тұмсығымен қозғалар,Соңында аппақ із қалар.(бор)
Жеті жұрттың тілін біл,
------------------------------.
Табиғат біздің анамыз,табиғатқа баламыз-дей отырып кезекті Дүниетану пәнінің тапсырмаларына берейік.
1-топ
Адам денесін не жауып тұрады?
Біздің елімізде өсімдіктің неше түрі өседі?
Тыныс алу мүшелерін ата.
2-топ
Адам денесін не қозғалысқа келтіреді?
Жер бетінде жануарлардың қанша түрі бар?
Қызыл тамырды тағыда қалай атаймыз?
3-топ
Топырақ деген не?
Қан беретін адамды кім дейді?
Көк тамырды тағыда қалай атаймыз?
Қорытынды
Жеңіске жеткен топты анықтау,сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.



