Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта білім беретін мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Махамбетова Нургуль Шудабаевна
Сыныбы: 3 сынып
Пән: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілер
Сабақтың мақсаты: Топтағы жануарлардың ерекшелігі жайында түсінік беру.Жануарларды салыстыра отырып, ұқсастықтарын ажырата білуге, сүтқоректі жануарлардың тіршілігіне жағдай жасау білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер, видеороликтер
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу)
Психологиялық әдіс
Қоршаған орта әлемі,
Не деген көркем әдемі,
Сол сұлулықты сақтайық.
Мадақтайық, мақтайық.
- Үй тапсырмасын сұрау
Әр түрлі балықтардың бірнеше суретін тақатға шығарып оқушылар тыңдау арқылы артында турған сұрақтарға жауап беру.
- Балықтар қалай тіршілік етеді? (мұхит,теңіз,көл,өзен)
- Балықтың денесі қандай? (ұзын, сүйір сусымалы қабыршақтан тұрады.)
- Балықтан қандай тағамдар жысалады? (котлет,қарма, уылдырықтан нан, қуырылған балық)
- Жорғалаушыларға нелер жатады? (кесіртке, жылан , тасбақа)
- Жорғалаушылардың екінші атауы? (рептилия)
- Омыртқасыз жануарларды ата? (өрмекші, ұлу, жылан, т.б)
Жаңа сабақ
Сүтқоректілер туралы видео. «Өрмекші торы стратегиясы»
балықтар сүтқоректілер
Бауырмен жорғалаушылар құстар
Жәндіктер
- Жануарлар неше топқа бөлінеді?
- Үйде қандай жануарларды ұстаймыз:
- Қосмекенділерге қандай жануарлар жатады?
Сүтқоректілер балаларын тірі туады,Бірден сүтпен қоректендіреді.Балалары өсіп жетілгенше енелерінің сүтін емеді.Сүтқоректілер жануарлардың аздаған бір тобы.Алайда олар - әр түрлі ортада құрлықта, суда болсын кез-келген жағдайдағы ортаға тіршілік етуге бейімделген. Сүтқоректілер жануарлар дүниесіндегі жоғарғы сатыдағы бөлігін құрайды.Бұған ұрпағын тірітуып өз емшек сүтімен асырайтын жануарлар жатады.Қазіргі таңда жер шарында сүтқоректілердің 5000 мыңға тарта түрлері мекен етеді.Сүтқоректілердің еті, сүті, күші, терісі, жүні адам үшін пайдалы.Зиянды қоректілер де бар.Олар: суыр,тышқан тұқымдас жануарлар түрлі ауруларды таратады.
Сергіту сәті (видео)
Жұмбақтар шешу
Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып,
Елге шипа бұл дағы. (бұғы)
Жетектесең ереді,
Түздің алып кемесі
Шың көтеріп келеді. (түйе)
Суда жүзген бөрене,
Абайлаңыз жанынан
Ойламаған жерден ол
Шабуыл жасар құбыжық. (құбыжық)
Дәптермен жұмыс (концептуалды карта)
1- қатар
|
Сүтқоректілер
|
Сүтқоректі дегенді қалай түсіінесің?Неліктен? |
|
Тұяқты Су жануарлары Кеміруші Жыртқыш
|
|
2 – қатар
|
Сүтқоректілер
|
Айырмашылығы мен ұқсастығы |
|
Тұяқты Су жануарлары Кеміруші Жыртқыш
|
|
3 – қатар
|
Сүтқоректілер
|
Пайдасы мен зияны |
|
Тұяқты Су жануарлары Кеміруші Жыртқыш
|
|
Сәйкестендіру
Тұяқты
Су жануарлары
Кеміруші
Жыртқыш
Қорытынды бөлім
Бағалау
5 – сүт, 4-ірімшік, 3-сүзбе
Үйге тапсырма
. Мәтінді оқып мазмұндау
. Үй жануарларының суретін салу
. Үй жануарлары туралы өлең шығару
. Үй жануарлары туралы эссе жазу



