Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер,жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді,дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.Мектеп-қазіргі қоғам дамуымен,әлеуметтік практикамен тығыз байланысты.Мектеп өмірі балағка жаңа әлемнің есігін ашып беріп,рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады .Тәрбиенің күрделі саласына терең бойлауға бастайтын,күнделікті тұрмыста кездесетін дағды арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-бастауыш мектеп. Бастауыш саты-білім,дағды,іскерліктің қалыптасуының бастамасы.Сондықтан оның сипаты мен мазмұны,оқытудың әдістері мен формалары қазіргі заман талабына сай өзгеруде.Өйткені баланың жеке бас қасиеттері,оның адамгершілігінің белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптардан жүзеге аспақ.Бастауыш мектептің негізгі міндеті-жеке тұлғаны дамытып,білімге деген сенімін нығайту,оқуға деген қызығушылығын оята отырып ,ынтасын арттыру.Сонымен қатар білім беріп қана қоймай,оларғак халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату,ұлттық мінез-құлық, адамгершілік,сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыру. Отанын ,өз жанұясын қадірлейтін азамат тәрбиелеу.Ол үшін ұлттық мектептерімізде жаңа типпен білім берудің жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек.
Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып,білм беру мзмұны жаңарып,жаңа көзқарас пайда болуы мүмкін жаңа технологиялар өмірге келді.Жаңа буын оқулықтары көпдеңгейлі интеграцияланған,дамыта оқу жүйесіне негізделіп жасалған.Ендеше оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді оқытудың жаңа техннологиясын енгізіп ,оқушылардың жалпы дамуын қамтамассыз етуіміз керек.
Қазіргі кезеңдегі шағын комплектілі бастауыш мектеп жұмысының бағыты да жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасынан туындайды.
Шағын комплектілі мектепте арнайы бағдарлама болғандықтан ,мұғалм оқушы деңгейіне қарай,өз жұмысын ұйымдастырвды.Сонымен қатар сыныптардың жинақтамаларға бірігуі,шағын комплектілі мектептегі білім мазмұны,оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастырушылық ерекшкеліктер оқушылардың білім нәтижесін тексеру әр түрлі жастағы оқушыларды оқыту,оқушыларды бір пәндік ,түрлі пәндік сабақтарға біріктіру принциптері,оқушылардың психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал ететін азамат қоғамын алға апаратын күш-тек білімде ғана
Шағын бастауыш мектепте жас шамалары менжұмыс қабілеттері әр түрлі біріктірілген екі немесе үш,кейде төрт класс балалары қатар оқып тәрбиеленеді.Мұндай кластармен жұмыс істейтін мұғалімдерге аса шеберлік пен үлкен жауап кершілік қажет.Бұл кластарда бірдей пәндерді (мысалы математика т.б.)қатар өткізу мұғалімге көп жеңілдік береді.Бірдей тақырыптарды топтастыру арқылы өз жұмысымызды жеңілдетіп әр кластың оқушыларын бірдей жұмылдырамыз.Бүгінгі күні өз сабақтарымда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын жиі пайдаланамын.Екі сыныпта ана-тілін қатар жүргізу мұғалімге ауырлық туғызады.Сондықтан 3-4-кластардың тарауын ,мысылы:3-класта «Өткен өмірден» тарауы мен,4-кластың «Туған өлкем-тұнған шежіре» тарауларындағы ұқсас бөлімдерді қатар өткізудің тиімділігін байқадым.Іріктелініп алынған тақырыптардағы жаңа материалдың кіріспесін екі класқа бірдей түсіндіріп ,оқушыларды бірдей қатыстырдым.Ал берілген тапсырма әр кластың жас ерекшелігіне байланысты.Бұл жағдайда тілдік ортақ жасап,оқушылар бір-бірін тыңдайды және салыстырады.
Ана –тілі сабағында «ВЕНН диаграммасын», «Түртіп алу стратегиясын»,
«Сын тұрғысынан ойлау», «Топтастыру» арқылы оқушылардың сөздік қоры,өз ойларын айта білуін сабаққа деген өз ойларын айта білуі ,сабаққа деген ынтасы қалыптаса бастады.Сын тұрғысынан ойлау арқылы ойын жеткізіпе, оны дәлелдей алады. Оқу матиралдарындағы негізгі ойды жинақтауға тақырыпты бекіту үшін тиімді тәсілдердің бірі тірек белгілері.
Мысалы:
Жыл мезгілі
Гүл
Көктем
Мөлдір су
Жасыл шелек Шаттық
Хош иіс
Осы бағдарлама Бойынша жұмыс істеу барысында мен өэімде де оқушыларда да өзгерістер пайда болады. Күнделікті сабақтардың түрін Өзгертіп отыру оқушының сабаққа деген қызығушылығын оянады. Бүгінгі күні оқу үрдісіндегі негізгі талап оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың ерекшелігі және ойлау тиімділігін арттыратың негізгі тәсіл оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру.
Деңгейлік тапсырмаларды дамымалы түрде орындатамын. Оқушы ең төменгі тапсырмалардан бастайды да, келесі деңгейге көшеді тапсырма күрделене түседі. Бұл әдіс-оқушының жоғарғы деңгейге көтерлуіне жағдай жасайды.
Сол сияқты ұтымды пайдаланған ойын сабақтары сабақтың тартылымдылығын арттырып, оқушылардың белсенділігін күшейтеді. Ойын арқылы өздігінен жұмыс істейді, қортынды жасайды.Мысалы: математика сабақтарында өздігінін жұмысты орындау кезінде дайын есептерді шығарта отырып, өздіктерінен есеп құрастыруға дағдыландырдым. Өздік жұмыстарды жеке оқушыға да топқа да беруге болады. Ұжымдық жұмыстарға күрделі, тапқырлықты, зеректі талап ететін материалдарды ұсынамын.
Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушылар арасында пікірталас туады, қиял мен елестеу қабілеттері дамиды. Мұндай тапсырмалар арқылы ерекше қабілетті балаларды тез тануға болады.
Оқытумен қатар баланың танымын дамытып, тәрбиелей білуіміз керек. Сол үшін оқушының дүниетанымын бақылап оған дұрыс бағыт беру, жан-жақты тәлім-тәрбие беруді көздеймін.
Қорыта келе айтарым қазіргі жанару кезінде дамыта оқыту технологиясын пайдалану барысында:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істейді.
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады
3. Оқушылар бір-бірінен қалмауға тырысады.
4. Оқушының ойлау қабілеті артады.
5. Өзін-өзі тексеруге дағдыланады.
Сонымен оқушыны өмір талабына сай оқытып, саналы да білімді азамат етіп тәрбиелеу-ең басты міндетім.
- Калиева Назгул
- 12 августа 2015
- 1013
- 0

