Білімді тиянақтау
ШҚО,Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылы
КММ «Мыңбұлақ жалпы орта білім беретін мектеп»
Бастауыш сынып мұғаліміКалиева Назгул Акимбековна

Математика пәні
Тақырыбы: Білімді тиянақтау

Мақсаты: 1. Уақыт бірліктері, теңдеу шешу және амалдардың орындалу ретін анықтауға
берілген есептерді тиянақтау.
2. Оқушылардың дара ерекшеліктерін ескере отырып, теңдеу шешуге, өзара
кері есіптерді шығаруға машықтандыру.
Логикалық ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, пәнге
қызығушылығын, математикалық тілін дамыту.
3. Өз Отаның сүюге, білімділікке, алғырлыққа, табандылыққа, топ намысын
қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, балықтар, үлестірмелі қима қағаздар, перфокарта, Астанадағы бәйтерек макеті, Астана сапарының картасы. Бағалау үшін гүлдер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: жарыс, ойын, деңгейлік тапсырмалар, топтық, жеке жұмыс.
Техникалық құрал: Кодоскоп, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, тарих, музыка.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
-Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше.
-Ертең қандай мереке? (ҚР –ның тәуелсіздік күні)
-Дұрыс. Яғни біз ҚР-ның тәуелсіздік күнін Астанада қарсы алмақшымыз. Сондықтан бүгін біз Астанаға сапарға аттанамыз. Сабағымыз «Астанаға сапар» деп аталады.
Астанаға барар жолда көптеген қалалар бар. Әрбір қалада аялдап, тапсырмаларын орындай отырып, сапарымызды жалғастырамыз.
Сабақ 2 топтың арасында жарыс түрінде өтеді. Екі топтың атын мына ребустарлы шешу арқылы тауып алайық.
1-топ 2- топ
«Ондық» «Бірлік»
1.Мыңбұлақ.Өткен сабақты тексеру.
Біз әлі өз ауылымыздамыз.Сапарға шықпас бұрын үйге берілген тапсырмаларды еске түсіреміз. Яғни, жолға дайындық жасап, бірақ шығуымыз керек.
-Уақыт бірліктерін еске түсірейік.
«Балық аулау» ойыны арқылы тексереміз. Екі топтан бір-бір бала шығып мына тапсырмаларды орындау керек. Жұлдызшаның орнына тиісті таңбаны қоюы тиіс. Міне, мына балықтарда таңбалар бейнеленген, соны қармақпен аулап, орнына қоямыз.
1-топ 2-топ
1сағ * 57мин 1тәул * 30сағ
3ай * 90 күн 24 сағ * 1тәул
90жыл * 1 ғасыр 12ай * 1жыл
Өте жақсы. Енді сапарымызға аттанамыз. Бірінші аялдама – Аякөз қаласы. Оған дейін автобуспен барамыз.
Аякөз тапсырмасы Теңдеуді шеш. №1, 51- бет
1-топ 2-топ
2+а=10 1+а=10 а-2=8 а-1=9
Аякөзден ары қарай теміржол болғандықтан пойызбен барамыз.
«Жаңғызтөбе» . Математикалық диктант
Кодоскопқа жазылған. Теңдік ақиқат болатындай етіп, қойылмай кеткен жақшаларды қой.
1-топ 2-топ
10+5-4=11 6+4-2=8
10+7-1=16 9-3+2=4
18-3+5=10 7-2-3=2
Шар қаласы. Сергіту сәті. Мұнда сендер жолда шаршамай, көңілді отырсын деп қызықты әзіл-есептер дайындапты.
1)4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
2)1кг темір мен 1г мақтаның қайсысы ауыр?
3)Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкінбе бе?
4)Болат сенбі күні кешкі 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады?
Семей қаласы . №5 есептің ә, б-сын шығару. Екі топтан екі оқушы.
Ермак. «Мың бір мақал» ойыны.
Яғни, санмен берілген мақал-мәтелдерден 2 топ арасында жарыс.
100 теңген болғанша
1 досың болсын.
Қорқақ 1000 өледі,
Батыр 1 өледі. т.б айтқандарымен
Павлодар қаласы. Өздік жұмыс №6, 52-бет
Жекелеген деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар беру.
Астана қаласы. Міне, көк туымыз желбіреген Астанамызға да келдік. Астанада көптеген жаңа ғимараттар құрылыстар салынып жатқаны белгілі. Соның бірі міне, мына тұрған үлкент бәйтерек. Биіктігі – 115м. Осы бәйтеректің күн сәулесі сияқты жан-жаққа тарған бұтақтарында сұрақтар жазылған. Осы сұрақтарға жауап берсек, бізді қарсы алатын, ардақты адамның бейнесі шығады. Қане, жылдам тапсырманы орындайық.
1. 1тәулікте неше сағат бар?
2.12жас қалай аталады?
3.Белгісі бар теңдік?
4.4 ондық деген неше?
5.69-да неше ондық, неше бірлік бар?
6.7күнді не деп атаймыз?
Міне, барплық сұрақтарға жауап бердік. Өте жақсы. Күндей күліп Н.Ә.Назарбаев атамыз қарсы алып, бізді Қазақстан Республикасы күнімен құттықтап тұр.
Үнтаспадан Әнұран ойналып, тік тұрып тыңдау.
Бағалау. Әр топты және өте жақсы қатысқан жекелеген оқушыларды мадақтап, бағалау. Әр оқушыға жауап берген кезде берілген гүлдерін жоғары көтеруі сұралады, сол бойынша бағасы қойылады.
Үй тапсырмасы №7, (1, 2 бағаны) 52-бет
Сабағымыз аяқталды.
Сау болыңыздар ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Астана – еліміздің бас қаласы

Астана – еліміздің бас қаласы

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 4 «Б» Тақырыбы: Астана – еліміздің бас қаласы...
Сабақтың тақырыбы:   Ондық бөлшектерді қосуға және азайтуға есептер шығару

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосуға және азайтуға есептер шығару

№83 Арал қалалық орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Кулимбетова Жанар Пәні: Математика Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: ...
«Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар   жүйесі.Координаталары  бойынша нүктені салу» тақырыбына есептер шығару

«Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі.Координаталары бойынша нүктені салу» тақырыбына есептер шығару

Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі математика пәні мұғалімі Жиемуратова Нуржамал Тақырыбы: «Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар ...
математика пәніне арналған орта мерзімді жоспары

математика пәніне арналған орта мерзімді жоспары

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 13 жалпы білім беретін бастауыш мектептің III деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған бастауыш сынып...
Саяхат -сабақ   Жұрнақ пен жалғау

Саяхат -сабақ Жұрнақ пен жалғау

Павлодар облысы Павлодар ауданы №2 Чернорецк орта жалпы білім беру мектебі бастауыш сынып мұғалімі Мугдинова Махаббат Ермекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру