Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер. Құстар
Павлодар облысы
Ертіс ауданы
Ертіс ауылы
№4 Ертіс жалпы орты білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Садвакасова Нургуль Балтагуловна
Дүниетану 1-сынып.
Қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер. Құстар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: жабайы аңдар мен жабайы құстар және үй жануарлары мен үй құстарын ажырату, пайдасын дәлелдеу.
Дамытушылық: талдау, зерттеу, салыстыру, өз ойын жеткізу, жинақтау
Тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс кезінде бір-бірін тыңдауға, бірлесіп жұмыс істеуге, ынтымақтастыққа баулу.
Белсенді оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер: «Венн диаграммасы», «Топтастыру»
Қолданатын модуль: ОмОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ОЖЕСОжО, ОБжК
Оқу нəтижелері: Аңдар мен малдардың, құстардың тіршілігіндегі ерекшеліктерді, айырмашылықтарды байқайды, пайдасын біледі. Зерттеудің қарапайым тәсілдерін меңгереді.
Бағалау: Өзін өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топты бағалау, “Бағдаршам”, «Жест» арқылы бағалау, смайликтер
Жұмыс формасы: Жеке, жұптық, топтық, күрделі тапсырма
Негізгі дереккөздер: АҚТ, альбом, А3 қағаз, қарындаш, суреттер
Сабақтың барысы:
Саб. кез. Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ұйымдастыру түрі Бағалау Қолданатын модуль
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин Тақырыпқа шығу. АҚТ бейне жазбадан «Жануарлар әлемін» тамашалау
-Балалар бұлар нелер?
-Жануарларды тіршілік ерекшеліктеріне сәйкес қандай топтарға бөлуге болады?
- Жануарлар табиғаттың қандай түріне жатады?- Неліктен?
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар. Жануарларды аңдар, малдар, құстар деп бөліп қарастыруға болатынын айтады.
Жабайы және үй жануарларды ажырату керек деп тұжырымдайды.
Функционалдық - орындаушылық кезең 10 мин - Балалар, міне біз тақырыбымызды аштық.
- Ендеше бұл сабақта мақсатымыз не болмақ?
Сыныпты 3топқа бөлемін. Аңдар, үй жануарлары, құстар, жануарлар, үй құстары суретін (карточка) 14оқушыға бөліп беремін.

«Білу» тапсырмалары.
Топпен жұмыс «Ассоциация» құрады
І-топ аңдар: Аңдарды атаңдар. Дала аңдары қайда тіршілік етеді? Олардың қандай пайдасы бар?
ІІ-топ үй жануарлары.Үй жануарларына нелер жатады? Олар қайда тіршілік етеді? Малдардың қандай пайдасы бар?
ІІІ-топ құстар: Құстарды атаңдар. Оларды қандай түрлерге бөледі? Құстардың пайдасы бар ма? Үй құстары деп қандай құстарды айтады? Олардың жабайы құстардан айырмашылығын анықтаңдар.
Бағалау «Шапалағы» -Тақырып бойынша немен танысатынын, нені ажырату керек екенін болжайды, мақсат қояды.
-Суреттер арқылы топқа бөлінеді.

-Балалар жануарлар туралы бұрыннан білетін білімдерін ортаға салады, топтастырады.
«Топтастыру» әдісі.
Шапалақпен бағалайды.
Топтық жұмыс Бірін – бірі бағалау
«Шапалақ» СТОү
10 мин «Түсіну» тапсырмасы. ДЖИКСО әдісі
Топтармен алмасу.
Топтық жұмыс кезінде алған ақпараттарыңызбен алдымен басқа топтармен бөлісу, кейін топта өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер. Топта бір адам қалады, басқа топ мүшелері басқа топтарға барып білімдерін толықтырып келеді, топта өз ақпараттарымен бөліседі. Топтық жұмыс Топты бағалау СТОү
5 мин «Қолдану» тапсырмасы.
Оқулықпен жұмыс
1.Мәтінді оқып танысу.
-жеке дара оқиды;
-абзацпен оқиды (жұбына түсіндіреді).
ЖАҢА ТҮСІНІК: Сүтқоректілер деген не?
2.«Топтық әңгіме» арқылы талдау
3.Әр топ көшбасшысы жинаған ақпараттарын пайдаланып, қорытындылап айтыңыздар.
Бағалау «Бірін - бірі» -Мәтінді әр бала жеке дара оқиды.
-Жұбына айтып береді.
Бір-бірін бағалайды.
- Топ ішінде пікір алмасады, топтастыру
постерларын толықтырады.
(стикер)

10 мин «Талдау» тапсырмасы.
«Венн диаграммасы» жабайы жануарлар, үй жануарлары, құстар тақырыбы бойынша айырмашылықтарымен ұқсастықтарын жазып, қорытындылайды.
Топтық бағалау «Бағдаршам» әдісімен бағалаңыздар. Салыстыру жұмысы. Балалар өз білгендерін, топта талдайды, бағалайды.
Топтық жүмыс Топтық бағалау «Бес саусақ»
6 мин «Синтез» тапсырмасы.
– Жануарларды қорғау қажет пе? Әр оқушы стикерге өз ойын жазып, топқа салады Әр топ өзара ақылдасып өз тұжырымдамасын ұсынады. Басқа топ мұқият тыңдап, бағалайды.Бағдаршам арқылы бағалау.
«Бағалау» тапсырмасы. «Визуалды айғақ» үлестірген суреттердің ішінен аңдарға, малдарға, құстарға қажетті заттарды табыңыздар. Ойыңызды дәлелдеңіздер. Суреттердің арасынан жануарларға қажетті заттарды тауып, өз ойын дәлелдейді.
Рефлексия кезеңі 2 мин Сабақтың қорытындысын шығару.
- Бүгін сіздерді қандай сұрақтар қуантты, қандай сұрақтар ұнамады?
- Сіз жануарлардың жақсы досы бола аласыз ба? Ол үшін не істейсіз?
- Табиғатта басқада қандай жануарлар бар? Ендігі сабақта біз балықтар мен қосмекенді жануарлармен таныс боламыз.
Үй тапсырмасы: жинаған білімді сараптау, суретін салу (71-74бет)
Кері байланыс: «Жест» арқылы бағалау
Табиғаттағы, барлық тіршілік иесі маңызды екенін бағалайды. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Дүниетану. Жануарлардың көптүрлілігі  3-сынып

Дүниетану. Жануарлардың көптүрлілігі 3-сынып

Пәннің аты Дүниетану Уақыты: Кабинет: Мұғалім Даукараева Ж Сабақтың атауы Жануарлардың көп түрлілігі. Жәндіктер. Құстар....
Ормандағы ойындар

Ормандағы ойындар

БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы №5 «Жеткіншек» балабақшасының тәрбиешісі Халиуллина Гульайман Кенжешовна Ұйымдастырылған оқу...
Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі. Жануарларды қорғау.

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі. Жануарларды қорғау.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі...
Жабайы аңдар

Жабайы аңдар

Ұйымдастырылғаң іс- әрекеттехнологиялық карта Білім беру саласы:Әлеуметтік орта .Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі:Қоршаған ...
Көңілді көктем

Көңілді көктем

Құмарбекова Рысалды Қызырханқызы Өскемен қаласы әкімдігінің КМҚК "№100 балабақша-бөбекжайы" Білім беру облысы:Қатынас,Таным,Шығармашылық...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру