Абдикадирова Айман Тыныштыковна
Бастауыш сынып мұғалімі
І санатты
Бейнелеу сабағында оқушыларының шығармашылығын дамыту.
Мақсаты:
1.Бейнелеу өнерінің мақсаты, оның маңызы туралы түсінік беру, өнер шығармаларын өз дәрежесінде түсіну, әсемдіктің құпия сырларын білуге, олардың жасалу, салу жолдарын үйрету.
2. Оқушылардың мәдениетін, өнер танымындағы түсініктерін арттыру, танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, кезеңдер бойынша суретті тез, әрі оңай салуға дағдыландыру, қоршаған ортаның, табиғаттың әсемдігін сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
І. Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Бейнелеу өнері дегеніміз не? Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.
Еліміздің перспективалық бағыттарына сәйкес бейнелеу өнерінің оқу курсы өзінің мақсатын мынандай құрылымда айқындайды:
Осы айтылған мақсат, міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ, олар мынандай бағыт бағдарларды қамтиды.
Бейнелеу өнерін орта мектепте оқыту ең бірінші жалпы білім, берушілік мақсатты көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан -жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады.
Көпшілік қауым мектептегі бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пән емес, ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды, композиторларды дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды.Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке -жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс.
Бейнелеу өнері адамның дамуына өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүниені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.
Бейнелеу өнерінің сабақтары өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Мектеп бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу – ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т.б. жұмыстарын қарастырады.
Өнер туралы әңгімеде оқушылар кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, жан жақты дамуына ықпал етеді.
Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың теориясы философия, мен эстетикаға, педагогика мен психологияға, және бейнелеу өнерінің теориясы мен практикасына сүйенеді. Бұл жалпы білім беру мен тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын әдістемесінің ғылыми негізделуін қамтамасыз етеді.
Кейде мектептегі бейнелеу өнерін оқыту сыңар жақты түсіндіріледі. Барлық ықылас тәрбие мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға аударылып, білім мен оқыту екінші кезекке шығарылады. Тәрбиені оқытудан бөліп қарауға болмайды. Кейбіреулер мектеп суретшілерді дайындамайды сондықтан, көркемдік білім беру қажет емес деп ойлайды.
Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие - өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті, оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие – бұл адамды тек қана өнерге тарту емес, өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі.
Эстетикалық тәрбие адамның шығармашылық қызметіндегі рөлі ете ауқымды. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына ықпал етеді.
Әсемдіктің барлық қыр сырын түсіну мен сүйе білу әрбір адамға рухани байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жаңа жетістекке жету үшін қажет. Ол қандай мамандық иесі болмасын, ол әсемдіктің нәзіктігін түсіне де, көре де білуі тиіс.
Мектеп оқушысын белсенді өмірге дайындау жан -жақты білім және тәрбиемен қатар оның жеке қабілеттерін дамыту әсемдік заңдылықтары арқылы өмір сүріп, жаңаны жасауға үйренуін көздейді.
Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сұлулыққа аударып, оларды байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс. Әсемдік талғам адамның туғаннан пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды. Оны мектепте дамытатын бейнелеу өнерінің мұғалімі.
Мұғалім балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш жапырақтарын, гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде балалар табиғатқа, олардағы бояулар мен формалардың алуан түрлігіне онан сайын қызыға түседі. Мектептегі сурет салу адамға өмірді жан -жақты көре білуге үйретеді. Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.
Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті - балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дұрыс көре білуге үйрету.
Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен, танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу процесі оқушыға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады. Сурет салу кезінде оқушы заттың формасын, құрылымын, пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді.
Мектептегі сурет салу балаларға өмірді кең көлемде және жан жақты көре білуге жаттықтырады. Сурет салуға оқыту өзара байлынысты екі міндетті шешуге ықпал етеді; Олар: оқупылардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру.
Баланың байқағыштығын дамыту – күрделі іс-әрекет. Сонымен бірге ол, оқыту әдістемесі үшін ең маңызды міндет. Баланың байқампаздығын дамыту жас кезінде, әсіресе адам қоршаған өмір шындығын жаңадан тани бастағанда маңызды. Ғалымдар қоршаған ортаны танудағы көру арқылы қабылдау басты орын алатындығын көрсеткен. Сондықтан көруді дамытуды мектеп жасынан, жас шақтан бастап қолға алу қажет.
Ғалымдар бақылауды әлі де дұрыс кере білу, көргенін түсіне білу емес екендігін көрсеткен. Ересек адамдардың өзі заттың форма құрылысындағы ерекшеліктерді, оның ұсақ бөлшектерін, форма сипатын көбінесе анғара бермейді. Мұғалімнің міндеті балаларды осы қиындықтан шығару. Бейнелеу өнері сабақтарының міндеті нақтылы зейінге, ойлауға және зат формасына нақты талдау жасауға, үйрету. Сан түрлі әсерлерден байқағандардан дұрыс қорытынды жасап, оларды жалпы сипатқа біріктіру оқушылардың ойлауын дамытып, оларды жаңа білімге ұмтылдырады. Саналы көру зейінін ретке келтіру, басқа зейін түрлерінің дамуына ыпқал етеді.
Сонымен мектептегі бейнелеу өнерін оқыту көптеген оқу-тәрбие міндеттерінің жүзеге асыру процесі, оқушылардың қоршаған орта туралы туралы елестетулерін жинақтап, тереңдетуге, дамытуға мүмкіндік тудырады, түптеп келгенде ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.
Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу адамға кең көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін оқушыға ұғындыру. Мұғалім алғашқы сурет сабағында оқушыларға сурет өнерінің адам өміріндегі рөлін ашыпкөрсетуі тиіс. Сурет салу кез келген іс-әрекетке, кез келеген мамандыққа қажет. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға машина детальдарының суретін салуға, үй құрылысының жоспарын жасауға, қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі. Кейде біз біреуге таныс емес, бір жерге қалай бару керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын суретке салып көрсетеміз.
Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады.
Сурет салу ғалымдарға да жәрдемін тигізген. Ғалым Ш.Уәлихановқа сурет салу Қашқарияға барған сапарында көп жәрдемін берген. Ол бұл сапарда этнографиялық сипаттағы көптеген суреттер салғандығы белгілі. Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздерін меңгеру әскерлерге, әскери барлаушыларға, космоновттарға да жәрдем беретіндігін олардың жазған естеліктерінен оқуға болады. Жау тылына барған барлаушы жаудың әскери күштерінің орналасу құрылымының суретін салу арқылы нақты да дәл өлшем бірліктерімен көрсете білген.
Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті - оқушыларға суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың ептіліктері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Мұғалім балаға қарындашты қолға қалай ұстау керек екендігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар ол сурет салуға қажетті әр түрлі материалдарымен, құралдарымен таныстырып, суретті қандай әдістемелік бірізділікпен орындау қажеттігі жайлы айтып түсіндіреді.
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде оқытудың әдіс-тәсілдері шыға бастады. Бірақ, бұл кезде қалыптасқан оқыту принциптері болған жоқ. Нағыз өнерге оқыту, мектептерді ұйымдастыру тек қана цивилизация дәуірінде пайда болды.
Оқушылардың жеке шығармашылық қабілеті мен бейнелі ойлауын қалыптастыруда бейнелеу өнері пәнінің маңызы өте зор. Бейнелеу өнері пәнінде эстетикалық тәрбие берудің басты мақсаты: қоршаған ортаның, табиғаттың әсемдігін сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Сұлулықты көріп, сезіне білетін бала оны аялап, қорғай біледі, мейірімді болады. Бейнелеу өнерінен біз тек эстетикалық тұрғыдан ләззат алып қана қоймай, ол бізді өте күрделі қиын өнерді сезіне білуге баулиды. Ол – қоршағаш ортаны көре білу өнері.
Сондықтан мектептегі бейнелеу өнері пәнінің алатын орны ерекше. Мектептегі бейнелеу өнерінің өз дәрежесінде өтілуі , ең алдымен пән мұғаліміне байланысты.
Адам өз табиғатында ақылға қарағанда сезімдік қабылдауға жақын жаратылған. Л.С.Выготский, В.А.Сухомлинский және т.б. белгілі психолог, педагогтердің пікірлеріне сүйенетін болсақ, өкінішке орай адам өміріндегі бұл ерекшелік көбінесе ескерілмейді. Мұндай жағдай біздің жастарымыздың эмоциялық жұтаңдығында. Халықтың рухани жасанды түрде шеттеуіне алып келгендігі мәлім. Сондықтан, қазіргі жастардың логикалық және эмоциялық тәрбиесін үйлесімді етуге ерекше назар аудару қажет, ал бұл өнер мен мәдениеттің қатысуынсыз мүмкін емес.
ІІ.Шығармашылық – «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек, оны жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек.
Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек?
Психологтердің зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.
Әрбір бала бейнелеу өнері арқылы өзін қоршаған ортадағы заттардың, табиғаттың әсемдігін және осы әдемілікті көріп, сезіну арқылы өзінің шығармашылық қабілетін жетілдіреді. Әрине, бұл қабілеттілік пен тәрбие балаға тез арада дарып кете алмайды, бұл ретімен жүретін процесс.
Сонымен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталамыз.
-Мұғалім ең алдымен шығармашылық көңіл-күй тудыру арқылы балалардың назарын бір нәрсеге бағыттау керек.
-Шығармашылық жаттығу, ойын тапсырмалардың мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылығына үйлесуі керек.
-Балалардың шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасау керек.
-Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.
Сурет салу барысында міндетті түрде салыстыру, жалпылау, абстракциялау, нақтылау үрдістері жүріп жатады. Сонымен, бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып, қалыптастырады. Аталған қабілеттерді көз алдына елестете білу мен біріктіру көркем ойлаудың негізін құрайды.
Сабақтың тақырыбы: Жапырақтың суретін салу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға нәрсенің өзіне қарап сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: бұл сабақты өткізу үшін партаға екі жапырақтан таратылады. Жапырақтар түсі күзгі өсімдіктер түріне тән болған жөн. Мұғалім үшін бейнелеудің бірізділігін көрсететін таблица.
Нұсқаға қарап сурет салу сабағы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады. Бұл сабақтарды өткізудің мақсаты оқушылар бейнелейтін заттардың нұсқасына қарап бейнелеуге үйрету болып табылады. Заттардың формасын, өлшемдерін, түр-түсін дұрыс қабылдауға үйрету, олармен таныстыру барысында заттың қасиеттерін сараптауға үйрету міндеті қойылады.
Нұсқаға қарап сурет салу, айталық натюрморттың бейнесін салу керек делік. «Натюрморт» француз сөзі, қазақша жансыз заттар деген мағынаны білдіреді. Натюрморт бізді қоршаған ортада кездесетін заттарды, жемістерді, гүлдерді бейнелейді. Алдымен натюрморт денелерін оқушыларға ыңғайлы етіп бір немесе екі жерден орналастырамын, оқушыларға орналастыру композициялық құрылымы туралы мағлұмат беремін. «Сұрақ-жауап» тәсілі бойынша натюрморт дегеніміз не? Ол қандай халықтың сөзі, оның шығу тарихы, қандай суретшілерді білемін, натюрморт арқылы ойды беруге бола ма? Болса оған дәлел қандай суретшілер еңбегін білетіндерін сұраймын. Сонымен қатар бүгін салайын деп отырған натюрморт денелерінің аттары, айталық сүт құятын ыдыс, жазда піскен сары алма туралы да «жетелеу» сұрақтары арқылы олардың қолданатын жерлері, адам өміріне қажеттілігі, олардың жасалу жолдары, тарихи мазмұндылығы туралы ой-пікірлерін білумен қатар, ежелгі тарихи дәстүрдегі олардың атқарып келе жатқан қызметтері туралы ойлармен білімдерін жетілдіремін.
Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.
• Суретте қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастаймыз.
• Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.
• Натюрмортты орналастырып болған соң, артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға дайындаймыз.
• Әр заттың түсіне сәйкестендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.Онда «жарық» пен «сәуле» дегеніміз не, олардың табиғатпен байланысы, жарық неден пайда болады, оның түсу заңдылығы сияқты табиғи түсініктер беріледі. Штрих арқылы форманы шығару барысында «шкала» суретіне жиі-жиі қарап отырып, суретінің дұрыс шығуын қадағалаймыз.
«Мультфильм» суретшісі болайық тақырыбы бойынша мынадай жұмыс жүргізілді. Мультфильм жайлы, оның кейіпкерлері және қалай жасалатынын әңгімелеу. Суретші-мультипликаторлардың еңбектерін атап, авторларымен таныстыру. Күнделікті көріп жүрген тамаша, қызықты мультфильмдерді жасайтындар суретші-мультипликаторлар екенін түсіндіру. Сол себептен біз, оқушылар болып бір кейіпкерлерден алып, сурет салдық. Ол суретті май шаммен бастырып, акварельдің қара бояуымен боядық. Сонда шыққан нәтижеміз.
Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі - тақырып бойынша сурет салу деп аталады. Тақырып бойынша сурет салу сабақтарында оқушыларға «Табиғат көріністері», «Жыл мезгілдері», «Жаңа жыл», «Қысқы каникул» т.б. тақырыптары бойынша өмір көріністеріне қарап өздеріне жақын заттар мен құбылыстарды еске түсіру, елестету арқылы және ойдан құрастырып сурет салуға жаттығады.Тақырыптық сурет салуға балаларды үйретудің түпкі мақсаты оқушыларды табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу, әсемдік талғамын дамыту, байқау арқылы көркем образдар жасауға жаттықтыру, қалам, бояу құралдарымен жұмыс жасауға талпыну, ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Сонымен қатар бейнелеу өнеріндегі табиғатты бейнелеу ерекшеліктерімен таныстыру, суретшілердің шығармаларындағы табиғат көріністерін бейнелеу әдістеріне талдау жасап көрсету, оқушылардың тақырьш бойынша композиция құрастыру дағдыларын қалыптастыру міндеттері көзделеді. Осы орайда біздің салған суреттеріміз мынадай, 4 оқушы бір-бірінің салған суреттеріне өздерінің ойларын қоса отырып, әңгімелейді.
«Пейзаж» - қоршаған ортаны, табиғат көрінісін бейнелеу. Суретші жазған пейзаж жанрларынан табиғаттың әртүрлі әсем ерекшеліктерін көреміз. Жыл мезгілдеріне: жаз, күз, көктем, қыс тақырыптарына арналған суреттерді тамашалаймыз. Пейзаж жанрында кереметтей көркем шығармалар тудырған суретшілер өте көп. Мысалы: Қазақстан суретшісі Ә.Қастеев, Ә Ысмайылов, орыс суретшісі: И.Шишкиннің шығармаларымен таныстыру.
Қорыта айтқанда, оқушылардың көркемдік білімдері нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу және бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарында белгілі бір сурет салу барысында, немесе өнер туындысын қабылдау барысында игеріледі.
Өз сабағымнан:
ІІІ. Қоңыз бен көбелек суретін салайық тақырыбындағы мақсат: еске түсіру, бейнелі ойлау арқылы сурет салуға үйрету. Сонымен қатар, заттың, нәрсенің формасын, түсін, көлемін таба білуге бейімдеу. Шығармашылығын дамыту.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, қылқалам, акварель, гуашь бояулары.
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыста барлық жәндіктер көрінбей кетеді. Олар қайда, неліктен көрінбей кетеді? Осы сұраққа жауап беру үшін топтастыру стратегиясын пайдаландым.
Егер ағаш қабығын ақырындап ашып немесе жапырақтардың астын аударып қарасақ, жәндіктердің кейбіреулері сол жерде тығылып жатқанын көреміз.
-Олай болса, балалар осы әсем табиғат аясында серуендеп қайтайық. Жаяу жүргеннің денсаулыққа көп пайдасы бар екенін түсіндіру.
Саяхаттап, жырақтап,
Орман, тауға барамыз.
Жайнап тұрған қырлардан,
Гүлдер теріп аламыз.
Көктемгі табиғатты тамашалайық. Көктем суреті бейнеленген әртүрлі гүлдерге қонған қызыл, жасыл көбелектер және жорғалаған қоңыздар. Қоңыздардың түрлері айтылады. Көбелектерді тере отырып, сұраққа жауап алу.
Сұрақтары мен жауаптары
1.Мультфильмдерді кімдер салады?
Мультфильмге сурет дайындайтын суретшілерді мультипликатор деп атайды.
2.Компьютер фильмдеріне сурет дайындайтын суретшілерді кім деп атайды?
Компьютер фильмдеріне сурет дайындайтын суретшілерді компьютер дизайншысы деп атайды.
3.Мүсінші қандай жұмыс атқарады?
Мүсінші саз балшықты, ермексазды илеп, тасты қашап, ағашты жонып, металдан құйып бейнелер тұрғызады.
4.Мүсін сабағына керекті құрал-саймандарды атап шық.
Мүсін тұрғызатын орын, қалақшалар, ермексаз, қалып, сазбалшық сақтайтын ыдыс.
5.Заттардың жобасын көркемдеп жасап, өндіріске дайындайтын суретшілерді кім деп атайды?
Дизайншы
Дәптерге көбелектер мен қоңыздардың суретін салады. Көбелектер де, қоңыздар да симметриялы екенін ескеру. Сол суреттерді өз қалауынша көркемдейді. Көркемделген суреттер әңгімеленеді.
Қорытындылау. Венн диаграммасы.
Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармалар коллаж деп аталады. Күз айларында ағаштардан түскен әртүрлі жапырақтарды, шыршаның бүрін, емен ағашының жаңғағын, гүл күлтешелерін, бұтақшаларды жинап коллаж жұмысына пайдалануға болады. Коллажды түрлі түсті қағаздардан немесе журнал қиындыларынан да жасайды. «Менің ауылым» тақырыбы бойынша коллаж жасау.
- ГУЛЬДЕН
- 22 мая 2015
- 3753
- 0

