Сарсембаева Мүгілсім Төлеубаевна
Павлодар облысы, Ертіс ауданы
№4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі.
Тақырып: Уақытты өлшеу.
Мақсаты: Уақыттың өлшем бірлігі «сағатпен» таныстыру. «Жыл мезгілі», «тәулік» түсінігін нақтылау.Кестелік қосу және азайту,
есеп шығару, құрастыру дағдыларын бекіту.Шапшаң
есептеу қабілетін, дүниетанымын дамыту. Оқушыларды
топта жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,топтық, жеке.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер,суреттер.
Оқушылар 3 топқа бөлініп, топпен жұмыс жасалды.
1- топ «шаршылар» 2- топ «үшбұрыштар» 3- топ «дөңгелектер».
Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі, психологиялық дайындық.
2.Жаңа тақырып.
«Төрт мезгіл» ертегісін оқып беру арқылы тақырыпқа кіру.
Бір жылда он екі ай бар, бір айда төрт апта бар, бір аптада жеті күн немесе жеті тәулік бар дейміз.Ал тәулікті сағатпен есептейміз. Бір тәулікте 24 cағат бар.
Интерактивті тақтадан сағаттың моделін көрсету, сағаттың электронды түрімен жай сағатты салыстыра отырып түсіндіру.1cағатқа дейінгі дәлдікпен уақытты дәл анықтауды үйрету.
Оқулықпен жұмыс. Суреттегі сағат бойынша уақытты анықтау, бұл уақыттардың таңертеңгі немесе кешкі мезгіл екенін айту.
Дәптермен жұмыс: жыл мезгілдеріне байланысты ай аттарын тиісті түстермен бояу,тапсырманы өз беттерінше орындайды.
№3 есеп шығарылды: Пойыз – 10 cағ
Автобус-?2 сағ кем
10-2 =8сағ
Жауабы: автобус 8сағат жүрді.
Сергіту сәті: Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай- ақ.
Интерактивті тақтада қосымша тапсырмалар орындалды: Берілген сандарды өсу ретімен орналастыру, қосу мен азайтуға өрнектер орындау.( әр топтан балалар шақырылып, топтар арасында сайыс түрінде өтті).
Кеменің суретімен берілген тапсырмада сандарды өсу ретіне қарай біріктіре отырып суретті аяқтау.
Әріпті өрнектер тақырыбына байланысты кестені толтыру тапсырмасы орындалды.Әр топ өз жұмыстарын тақтаға іліп, қорғады.
Бірдей уақытты көрсетіп тұрған сағаттарды суреттен тауып, сызбамен қосу.
Қорытынды.
Бағалау.(Оқушылар бір-бірін бағалады.Сабақта белсенді, жақсы жұмыс істеген оқушылар мадақталды).
- Айгуль
- 20 мая 2015
- 1586
- 0

