Ақсақ киік
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
№163 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Оразгелдиева Қарлығаш
Сабақтың тақырыбы: Ақсақ киік Сәкен Сейфуллин
Жалпы мақсаты 1. Өлеңнің мағынасын түсінеді, қара сөзбен әңгімелеуді үйренеді.
2. Сыни тұрғыдан ойлай отырып, талдау жасауға және бағалауға үйренеді.
3. Білімді болуға, топта бірлесіп жұмыс жасауға машықтанады.
Дереккөздер Әдебиеттік оқу оқулығы,Атамұра 2014ж авторлары:Т.М.Әбдікәрім.С.Р.Рахметова,Б.Т.Қабатай,ғаламтор
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Төмен,жоғары деңгейлі сұрақтар, Ой қозғау , «Тұлғаны таны» Топтық жұмыс (постер қорғау) Жұптық жұмыс Жеке жұмыс «Т» кестесі
Күтілетін нәтиже 1. Өлеңнің мағынасын түсінетін, қара сөзбен әңгімелеуді үйренетін болады.
2.Сыни тұрғыдан ойлай отырып, талдау жасауға және бағалауға үйренетін болады. 3. Топта сыйластықпен жұмыс жасай білуді,табиғатты сүюді үйренетін болады.
Уақыты
5 минут Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың жүру барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
1.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
2. Топқа бөлу
1-топ Бәйшешек
2-топ Жауқазын
3-топ Қызғалдақ Оқушылар шеңбер жасап, бір-біріне гүл сыйлау арқылы жылы лебіздерін білдіреді.
2. Оқушылар гүлдердің суреттерін таңдау арқылы топтасады.
Бәйшешек гүлін алғандар, «Бәйшешек» тобы,жауқазын гүлін алғандар «Жауқазын тобы, қызғалдақ гүлін алғандар «Қызғалдақ» тобы болады .
Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру
Аты жөні Үй
тапсырмасы Бейне
жазба
ой қозғау Тұлғаны таны Топтық жұмыс Жұптық жұмыс «Т»
кестесі Блум гүлі
Бағалау
5 минут ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Көкшенің көрінісі С Мұқанов
Төмен және жоғары деңгейлі сұрақтар қою.
-Мәтіннің авторы кім?
-Мәтін не туралы?
-Көкшенің көркін көркем етіп көрсетіп тұрған не?
-Көкше жайлы не білесің?
Табиғат жайлы салып келген суреттерін көру Оқушылар берілген үзіндіні жатқа айтады, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Формативті бағалау
10 минут ІІІ. «Тұсау кесер»
III. Жаңа сабақтың ашылуы
Ой қозғау (3мин)
-Өз жауларынан қорғанатын қандай жануарларды білесің?
-Жануарлар туралы қандай әңгімелер оқыдың?
«Киіктер» бейнежазба көрсету
-Киік туралы не білесің?
-Оның баласын не деп атайды?
-Қызыл кітапқа не себепті киікті енгізді деп ойлайсың?
-«Тұлғаны таны» суреттегі тұлға жайлы не білесің?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз оқығандарын ,бейнежазба бойынша көргендерін ортаға салады,әңгімелейді, жүйелі түрде жауап береді. С. Сейфуллин жайлы білетіндерін әңгімелейді.

10 минут Негізгі бөлім
IV
Жаңа сабақ
Ақсақ киік
С.Сейфуллин
V. Топтық жұмыс
Оқулықпен жұмыс жасау.
Өлеңді топтарға бөліп беремін.
І топ 1-2- шумақты оқып, қара сөзбен түсіндіреді.
ІІ топ 3-4-шумақты оқып,қара сөзбен түсіндіреді.
ІІІ топ 5-6-шумақты оқып, қара сөзбен, түсіндіреді.
Оқушылар іштей өлеңді бір рет оқиды,әр топтан бір оқушы дауыстап оқиды. Топта бір-біріне өлеңді түсіндіреді, талқылайды, тұжырым жасайды.
Топ басшысы өлең шумақтарын қара сөзбен жазып,постер арқылы түсіндіреді.
Формативті бағалау


1 минут Сергіту сәті
Би қимылдарын жасату.
8 минут Жұптық жұмыс
1.Өлеңге сүйеніп киіктің сұлулығын бейнелейтін жолды тауып оқы.
2. Өлеңнен оқ тиген киіктің халін суреттеген тұстарды тауып оқы.
Жеке жұмыс «Т» кестесі
Сұрақтар Иә Жоқ
Біз киікті үйде асырап,өсіреміз +
Киікті қазақ бөкен дейді. +
Киікті аулауға рұқсат етіледі +
Киіктің мүйізінен дәрі жасалады +
Киік 20шақты өсімдік түрімен қоректенеді +
Ақын киікпен Бетпақ шөлде ұшырасты +

Дәптермен жұмыс
Өлеңдегі жер- су аттарын теріп жаз

Жұптық жұмыс
Жұпта берілген тапсырмаларды оқулықтан тауып бір-біріне оқиды.
Жеке жұмыс
Оқушылар кестені толтырады
Формативті бағалау.
Дәптермен жұмыс
Өлеңдегі жер су аттарын теріп жазады, оның жалқы есім екенін ереже арқылы қорытындылайды.
3 минут Қорытынды VII. Киік жайлы аңыз әңгіме
Аңыз әңгімеден не түйдің?
Киік киелі деген оймен енді келісесің бе? Өз ойларын ортаға салады,пікірін білдіреді
2 минут Кері байланыс
-Сабақ саған ұнады ма?
-Не қиын болды?
-Не оңай болды? Оқушылар өз ойларын ауызша айтады.

1 минут
Кейінгі тапсырма:
Ақсақ киік
С. Сейфуллин мәнерлеп оқу.
Тақырыпқа сай киік туралы деректер жинау
Оқушылар тапсырманы алады. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру