Қызылорда облысы
Жаңақорған кенті
№163 орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Оразгелдиева Қарлығаш
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс
Сабақтың мақсаты: 1) Өсімдік мүшелерінің бірі тұқым мен жеміс жайлы білім қалыптастыру,құрғақ,шырынды жемістерді ажырата ,салыстыра білугеүйрету.Жемістердің адам ағзасына пайдасы жайлы мысалдармен түсіндіру.
2) Танымдық тапсырмалар,сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымы.,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Өсімдіктерге қамқорлық жасап,күте білугебаулу. Өз денсаулығын қадірлей білуге,шынықтырып салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Топтық тапсырмалар,қима қағаздар,Жемістердің суреттері
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру
1 Психологиялық дайындық Табиғат туралы 1 шумақ өлең
ІІ үй тапсырмасын сұрап бағалау Оқушыларды топқп бөлу.
І топ:Жемістер .Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
ІІ топ Тұқымдар .Қандай ағаштың жапырақтары ерте сарғаяды жерге түседі?
Ойын: «Кім жылдам?»: Әр топқа жапырақ жиынтықтары беріледі.Оқушылар ол жапырақтардың қай ағаштың жапырағы екенін ажыратады.
Жануарлар күзде түскен жапырақты жей ме?-өз ойларын ортаға салады.
ІІІ.Жаңа сабақ . 1)Жұмбақ шешу:
Күн нұрымен піседі,
Уылжып қолға түседі.(Жеміс)
Сөз жұмбақ шешу: Бақша
Көк лағым көгкнде жатып семірген.(қарбыз)
Байлауда ,ақтап сенімді,
Сары қозым семірді.(қауын)
3.Аласа ғана бойы бар,
Қырық қабат тоны бар.(орамжапырақ)
4.Айт десе жүгірмес,
Су тисе сілкінбес.(шие)
5. Пішіні бар домалақ,
Көміп қойдым сығалап.
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.(картоп)
2) Мұғалім түсіндірмесі
Тұқым
Құрғақ шырынды
3) Оқушыларды өз бетімен тақырыпты оқып әңгімелеуі (Әр топтан 1 оқушы өз түсінгендерін айтады)
4) Топтық тапсырма
І топ Шырынды жемістерге мысал келтір,олардың тұқымы туралы айту, суретін салу
ІІ топ. Құрғақ жемістерге мысал келтіру,оларды тұқымы қалай аталады? Суретін салу.
5. Сергіту сәті
6.Оқушылар өз ойларын қорытып,дәлелдеуі: І топ.Алма Анар
Жемістерді дәміне ,пішініне,түсіне қарай салыстыру.
ІІ топ. Өрік пен шабдалы
Жемістерді дәміне ,пішініне,түсіне қарай салыстыру.
7.Ситуация»Сенің пікірің» І топ. Жарас апасының базардан әкелген құлпынайын тоя жеді де,далаға футбол ойнауға шықты. Аздан уақыттан соң оның іші бүріп,қатты ауырды. Оның іші не себептен ауырды?
ІІ топ: Қыста Әсел тұмауратып ауырды. Ол дәрігерге көрінді .Дәрігер оған шиенің тосабын шаймен ішу керектігін,лимон жеуді ұсынды.Аз уақыттан кейін ол жазылды. Неге дәрігер осы ұсынысты айтты?
8. Оқушылар шығармашылығы Әр топ жемістер туралы жұмбақ,жаңылтпаш,өлең оқиды.
Әр тор көз ішіндегі әріптерден сөз,сөзді қатыстырып сөйлем құрастырады
ІҮ.Сабақты бекіту. Жеміс ағашынан мол өнім алу үшін бағбандар көп еңбек етеді
1. Ағаштармен бұталарға дәрі шашып, зиянкестермен күреседі.
2. Кеуіп қалған және ауырған бұтақтарды кеседі
3. Ағаштың түбін қопсытып, оларға тыңайтқыштар береді, діңін әктейді.
Ү. Үйге тапсырма:
1. Өздерінің жақсы көретін жемістерінң суретін салу.
2. Тақырыпты түсініп оқып келу.
3. Әр түрлі жемістердің тұқымдарын жинақтау,айырмашылығын ұқсастығын табу.
- karligaw
- 19 мая 2015
- 702
- 0


