Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Қаракөл ауылы
Қаракөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Байтөбетова Жұлдыз Кәрімжанқызы
Сабақтың тақырыбы: Көрікті көктем.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға көктем мезгілі, көктем айларында айналада болатын өзгерістер жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: балалардың түсініктерін кеңейте түсу, оқушылардың ой-өрісін жетілдіретін ойлау мен байқағыштық қабілетін арттыруға жаттығулар жұмысын жүргізу; Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой шақыру әдісі, «Болмасаң да, ұқсап бақ» тапсырмасы, «Кім көп біледі?» ойыны, сергіту сәті, жұмбақтар шешу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, интерактивті тақта, жұмбақ, құстар суреті.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, музыка.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан,
Кілең бестік аламыз.
Мұғалім:
Бір, екі, үш.
Сынып іші тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Өйткені бізге бүгін қонақтар келіп отыр.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» әдісі.
Не? --------------- Не істейді?
Күн --------------- күркірейді.
Қызғалдақ ------өседі.
Дала ------------- көктейді.
Мал -------------- төлдейді.
Қар --------------- ериді.
Төлдер ---------- маңырайды.
Жер -------------құлпырады.
Құстар------- ұшып келеді.
- Бұлардың барлығы жылдың қай мезгілінде болады?
- Көктем.
- Олай болса, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Көрікті көктем».
- Көктемде нелер ұшып келеді?
- Құстар.
- Көктемде жыл құстарын қарсы аламыз. Олар: Көкек, қарлығаш, аққу, тырна.
Көкек – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің елімізге сәуір айында ұшып келеді. Көкектер зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.
Қарлығаш – жыл құсы. Қарлығаштар өте ұшқыр. Басқа құстардан айырмашылығы - жемін ұшып жүріп аулайды. Олардың әрқайсысы күніне мыңнан астам маса жеп, зор пайда келтіреді.
Аққу - мойны ұзын, қаз тұқымдас жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Сұлу, достыққа адал құс.
Тырна - Қазақстан далалары мен шөл далаларында кеңінен тараған жыл құсы. Ірі өзен жағалауларында мекендейді. Негізінен өсімдікпен, жәндіктермен қоректенеді.
- Оқушылар осы жыл құстарының сендерге арнаған тапсырмалары бар. Соны орындап көрелік.
1. Көкектің тапсырмасы.
Көктем мезгілінде болатын құбылыстарды айтыңдар.
Күн жылына бастайды, ...
Қар ери бастайды.
Құстар ұшып келеді.
Егіншілер жер жырта бастайды.
Ағаштар бүршік жарады.
Жаңбыр көп жауады.
2. Қарлығаштың тапсырмасы.
- Жұмбақ шешу арқылы, сурет құрастыру.
- Балалар, мына сурет әдемі ме? Боялмаған сурет көрсетіледі.
- Жоқ.
- Ендеше, осы суретті әдемілеп, түрлендіріп жіберейік.
- Ол үшін, мен жұмбақ оқиын, сендер жауабын табыңдар. Сендер сол жауапқа сай суреттерді өз орнына апарып орналастырыңдар.
Жұмбақтар.
Аспанға жайып қойған,
Ақ мақтам ғайып болған. (бұлт)
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күн)
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш)
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Бұл өлең не туралы? (гүл)
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (қарлығаш)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қозы)
Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы. (лақ)
Мө - мө деген әні бар,
Үй маңынан табылар. (сиыр)
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (құлыншақ)
Өзі үлкен жануар,
Төбесінде екі тауы бар. (бота)
- Оқушылар, сурет әдемі болды ма?
- Иә.
- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Көктем.
- Көктемде неше ай бар?
- Үш ай бар.
- Айлар қалай аталады?
- Наурыз, Сәуір, Мамыр.
- Көктем айларында қандай мерекелер тойланады?
- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.
- 22 наурыз – Қазақтың Наурыз мейрамы.
- 1 сәуір – Күлкі күні.
- 12 сәуір – Ғарышкерлер күні.
- 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі, ынтымағы күні.
- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні.
- 9 мамыр – Жеңіс күні. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тойланғалы отыр.
- Көктем мезгілінде алғаш қар астынан өсіп шығатын гүл – Бәйшешек деп аталалды.
- Өте жақсы, ендеше осы суретке қарап, ауызша әңгіме құрастырайық.
Балалардың сурет бойынша құрастырған әңгімелерін тыңдау
3. Аққудың тапсырмасы.
Көктем туралы тақпақтар айтқызу.
«Болмасаң да, ұқсап бақ!» тапсырмасы.
Мына сөздерді пайдаланып, екі жол өлең құрастыр.
Келеді, бөледі.
Болады, толады.
Қар, жаңбыр.
Сергіту сәті.
«Көңілді күн» әні.
4. Тырнаның тапсырмасы.
«Кім көп біледі?» ойыны.
Шарты: Көктемге тән белгілер мен құбылыстарды атау, егер көктемге тән болса қол көтеру, тән болмаса қол көтермеу.
Қар жауды.
Жаңбыр жауды.
Мал төлдеді.
Жапырақтар түсті.
Құстар ұшып келді.
Ағаштар бүршік жарды.
Қар ери бастады.
Құстар ұшып кетті.
Бәйшешек өсіп шықты.
Күн жылына бастады.
- Балалар, сендерге көктем мезгілі ұнай ма, ұнамай ма? Неліктен?
Ұнайды.
Күн жылынады, жер беті құлпырады, адамдар жеңіл киінеді, мейрам көп болады.
Ұнамайды.
Жаңбыр көп жауады, жер балшық болады.
Үйге тапсырма беру.
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға қағаздан жасалған қызғалдақтар беріп отыру.
- Карлыгаш
- 19 мая 2015
- 1339
- 0



