«Уақыт. Тәулік. Апта. Ай»
Атырау облысы
Атырау қаласы
№24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Аты жөні: Жаңбырбай Гүлмерей Жалғасқызы
Сабақтың тақырыбы: «Уақыт. Тәулік. Апта. Ай»
Пәні: Математика
Сабақтың тақарыбы: «Уақыт. Тәулік. Апта. Ай»

Сабақтың мақсаты: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру.
Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өдшеуіштері екендігіне мағұлмат беру. Уақытты бағдарлай біліп қалыптастыру.

Әдіс – тәсілдері: Көрнекілік, ойын, сөздік, практика

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі сағаттар, әліппе – дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Уақыт. Тәулік. Ай, апта күндері
ІІІ. Ойын. «Сағаттың тілі»
ІV. Сергіту сәті
V Бағалау. Қорытынды.

І. Балалар, бүгінгі ауа – райына назар аударайықшы, күн қандай?
- Балалардың жауабы.
- Сендер қалай киініп келдіңдерсабаққа?
- Ағаштарда қандай өзгерістер бар?
ІІ. Балалар жаңа сабағымызды жұмбақ шешу арқылы бастайық.
Алғашқысы суытады өлкені,
Екіншісі жылытады жер кеңіп,
Үшіншісі көк теңізге бар дейді
Төртіншісі ұсынады бар дәмді.
(Қыс. Көктем. Жаз. Күз.)

- Дұрыс, балалар жұмбақтың шешуі жаз, көктем, күз, қыс. Демек, жылдың төрт мезгілі екен. Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Жыл, ай, апта, уақыт және тәулік екен.
- Жылдың төрт мезгілі жайлы балаларға мағұлмат беру. Балалар жер бетінде біздің еліміздегідей емес, мәңгі қыс болып тұратын елдерде бар екен. Ол ел Солтүстік полюсте орналасқан және мәңгі жаз болып тұратын елдерде бар, ол экваторда орналасқан. Жыл мезгілдерін ұлттық дүниетаныммен байланысы адамның төрт саусағы жылдың төрт мезгілі. Сұқ саусақ – көктем, ортаңғы саусақ – жаз, аты жоқ саусақ – күз, шынашақ – қыс. Әр саусақтың үш буыны үш ай. Мысал келтіру. Апта күндерімен таныстыру (7 күні бар). Әр күнде 24 сағат бар, сағаттың минуттық, сағаттың тілімен таныстырып, ертегі арқылы ойын ойнау.
ІІІ. Ойын. «Сағаттың тілі».
Қасымның туған күніне баратын уақытты көрсету. (10:00).
Күн режимі : Сабаққа келетін уақыт. ( 8:00).
Үйге қайтатын уақыт. (12:00).
Түскі ас ішетін уақыт. (13:00).
Демалатын уақыт. (15:00).
Сабағымызды қайталау. (17:00).
Далаға ойнау. (18:00).
Сурет арқылы есептер шығару.
Әліппе – Әліппе дәптермен жұмыс. Таңертең, түс, кеш, түн. (Салыстыру).
ІV. Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей.
Иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай ақ.
Балалардан оң, сол, алды, арты, жоғары, төмен, жаны туралы сұрап, дұрыс айыра білулерін бекіту.
V. Бағалау.
Балалар, бүгін сабаққа барлығың жақсы қатынастыңдар, барлық сабаққа осындай ынтамен алғыр қатысыңдар.
Бүгінгі математика сабағында немен таныстық?
Балалар жауабы:
Уақыт, Тәулік, жыл мезгілдері, ай, апта күндерін қайталап, сабақты аяқтау.
Рахмет,сау болыңыздыр. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру