Көбеншева Нұргүл
Бастауыш сынып мұғалімі
Бейнеу мектеп-интернаты
Ана тілінен ашық сабақ жоспары
Тақырыбы:Құрманғазы. 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Бақбергенов. Құрманғазы
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: мәтіндегі негізгі ойды ұғыну, өнерді терең танып білуге үйрету;
дамытушылығы: өнерге деген қызығушылықтарын, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын,
сөздік қорларын дамыту;
тәрбиелілігі: өнер адамдарын үлгі тұтып, олардың өлмес туындыларын тыңдап
өсуге, күй құдіретін түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану
Сабақтың әдісі: мәтінмен жұмыс, сұрақ – жауап, сөзжұмбақ шешу, жоспар құру, әңгімелеу,
толықтыру кестесі, музыка тыңдау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты пысықтау
Толықтыру кестесі
1 Әңгіме қай романнан үзінді?
2 Әңгіменің авторы жөнінде не айтасың?
3 Т. Рысқұлов туралы не білесің?
4 Әңгімедегі мұғалімнің аты?
5 «Қызыл Жебе» кімнің аты?
6 Тұрар неліктен «Қызыл Жебе» атанған?
7 Мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті?
8 Тұрардың сұраған аралы қалай аталады? Картадан көрсет.
Қызығушылықты ояту
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра! – деген өлеңді естігенде көз алдарыңызға кім елестейді?
- Күй дегеніміз не?
- Күйді кім орындайды?
Мағынаны тану
Сәуірбек Бақбергенов (1920-1997) – Созақ ауданында дүниеге келген. Қазақстанның Халық жазушысы Түркістан қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, теміржол, кейіннен пед-қ училищесінде оқиды. Максим Горькийдің бірқатар әңгімелері мен ертегілерін тәржімалаған.
Мәтін мазмұнымен танысу.
«Түртіп алу» әдісі бойынша сөздік жұмыс
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) Батыс Қазақстан өңірінде Орал облысы Жанғалин ауданында кедей отбасында дүниеге келген. Ұстазы – Ұзақ күйші. Күйлері: «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым», «Бозқоңыр», «Сарыарқа», «Алатау», т.б.
Дина Нұрпейіс келіні (1861-1955) Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Күйші-композитор. 9 жасынан 19 жасына дейін Құрманғазының баулуында болады. Күйлері: «Қара қасқа ат», «Жігер», «Бұлбұл», «Байжұма», «Кербез», «Әсем қоңыр», «Той бастар», т.б.
Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Сұрақтар:
1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?
2. Күйшінің бұл әңгімесінен бұның өмірі жөнінде не түсіндің?
3. Құрманғазының анасына арнап шығарған күйін қай кезде шығарған?
4. Құрманғазыны анасы не үшін қамшымен тартып жіберді деп ойлайсың?
5. Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?
6. Алдынғы сабақтағы Тұрар Рысқұлов пен Құрманғазының өмір жолында қандай ұқсастық бар?
Тапсырмалар
1. Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы.
2. Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы. Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?
3. Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтінішін дәптерге жаз.
4. Құрманғазы күйлерінің атын дәптеріңе толықтырып жаз.
Топ тапсырмалары
1-топ. Тағы қандай күйшілерді білетінің туралы әңгімеле.
2-топ. Мәтінді бөліктерге бөліп жоспар құр.
Ой жинақтау. Сөзжұмбақ шешу
1. Құрманғазының шәкірті
2. Құрманғазы қоштасу сөзінде ауыл адамдарына қайда келсін деді?
3. Құрманғазы Динаға нені аманат етіп тапсырды?
4. Әңгіменің авторы кім?
5. Құрманғазының фамилиясы қалай аталады?
6. Анасына шығарған күйі қалай аталады?
7. Құрманғазының көпшілікке танымал күйі
(Сөзжұмбақтан домбыра сөзі шығады.)
«Қазағымның қазынасы – домбыра» дегендей, Құрманғазының туындылары бүгінгі бізге домбыра арқылы жетіп отыр. Сол күйлерді халыққа жеткізіп жүрген күйшілердің бірі – Айгүл Үлкенбаеваның орындауындағы Құрманғазының «Қайран шешем» күйін тыңдату.
Үйге тапсырма: Мәтін мазмұнын баяндау. Күйшілер туралы деректер жинау. Құрманғазының
бір күйінің шығу тарихын біліп келу.
Кері байланыс: ББҮ сызба – кестесі
Бағалау парақшасы арқылы бағалауды іске асыру.
- nursulu
- 2
- 1380
- 0


