Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Көбеншеева Нұргүл
Бастауыш сынып мұғалімі
Бейнеу мектеп-интернаты
Сабақтың тақырыбы: Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Ы.Алтынсарин
3-сынып. Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Сабақтың мақсаты:
білімділік: мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, бас әріптен басталып жазылатын
сөздер туралы білімдерін пысықтай түсу;
тәрбиеллік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
дамытушылық: сөздік қорларын, ой – өрістерін, ізденушілік қабілеттерін, түсініп
оқу, көркем жазу, байланыстырып жазу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың әдісі: еске түсіру, мәтінмен жұмыс, сұрақ- жауап, салыстыру, ізденуш . тапс. т.б.
Сабаққа керекті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, карта.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ой шақыру
Кісі аттары қандай әріптен басьалып жазылады? Оларға қандай сұрақ қойылады?
Жер – су аттары қандай әріппен басталып жазылады? Оларға қандай сұрақ қойылады?
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Пп әрпін көркем етіп жазу.

103- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыту.
-Өлеңді кім жазған?
Әбділда Тәжібаев – ақын әрі пьесса жазып, жазушылықпен де айналысқан.Бұл ақынның «Сырдария» өлеңінен алынған үзінді.
Тапсырма:
Көп нүктенің орнына өлеңдегі кісі және жер – су аттарын теріп жазыңдар.
Кісі аттары: Тарас, Пушкин.
Жер – су аттары: Днепр, Еділ, Сырдария.

104-жаттығу. Мәтінді оқу. Мәтіннің авторын атату.
Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924ж. Қызылорда облысында туған. Қазақ жазушысы. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Тапсырма
Кісі, жер-су аттарын білдіретін сөздерді атаңдар.
-Мәтінде сол кезде Арал қандай болғанды деді?
Қосымша дерек
Арал теңізі Қазақстанның Қызылорда және Ақтөбе облыстарын алады. Аралға Әмудария мен Сырдария құяды. Теңіз суы жылдан жалға тартылып келеді. бұл еліміздің экологиялық зардаптарының бірі болып саналады.

105-жаттығу. Сөздерді оқу.
Алдымен кісі аттарын сонан соң жер – су аттарын теріп жазыңдар.
Кісі аттары: Аружан, Үсен, Ақбілек, Қуаныш, Айдар.
Жер – су аттары: Баянауыл., Арал, Маңғыстау, Көкшетау, Қызылжар, Алакөл,Хантәңірі, Түркістан, Іле, Ұлытау.
Баянауыл - Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан. Табиғаты өте көрікті. Желдің, судың әрекетінен кейбір жерлері түрлі мүсіндерге айналған (Найзатас, Кемпіртас).
Маңғыстау – 362 әулиелі киелі жер. Табиғи ескерткіштер, ежелгі құлпытастар мен көшпелі ата-бабаларымыздың қлтаңбалары самсап тұр.
Көкшетау өңірі Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Табиғаты жанға жайлы Шортанды, Бурабай, Шабақты көлдері жіне таулары бар.
Алакөл – үлкен көлдердің бірі. Алакөлдің суы минералды. Тері ауруларына, кейбір
аллергиялық ауруларға шипа.
Хантәңірі- Қазақстандағы ең биік шың. Оның басын мәңгі мұз бен қар көмкеріп жатады.
Түркістан – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала. Сырдарияның оң жақ жағалауында.
Іле өзені Балқаш көліне құяды.
Ұлытау- Сарыарқаның оңтүстік - батысындағы тарихи шежіреге бай, қасиетті тау.

Сергіту сәті. Өрмекші боп тор құрып,
Қарлығаш боп ұшайық.
Құмырсқа боп құжынап,
Бірге еңбек етейік.
Ы. Алтынсарин кім? Оның қандай әңгімелерін оқыдық?
Оның әңгімелері неге үндейді?
Ы. Алтынсарин (1841-1889) Қостанай облысының Тобыл өзенінің жағасында туған. Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, аудармашы.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мұғалімнің оқуы, сөздік жұмыс жүргізу.
Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Сұрақтар:
-Атасы немересіне нелерді көрсетті?
-Немересі көргендері жайлы не айтты?
-Атасы немересіне нені үлгі етті?
Тапсырмалар:
1.Мәтінде нелер туралы айтты? Олар қандай?
Өрмекші Құмырсқа Қарлығаш


2. «Екі соқа» мәтіні мен бүгінгі тақырыпты салыстыр. Екі мәтінде де не туралы
айтылған.
3. Мәтінге байланысты еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер, нақыл сөздер білесіңдер?
-Алда қандай мереке келе жатыр?
Наурыз күн мен түннің теңелген күні (күн мен түннің ұзқтығы бірдей болған күні тойланады). Ол күн 21-нен 22-сіне ауысқан түні болады.
Халық наурыз мерекесіне алдын ала дайындалып, үйдің ішіндегі ескі қажетсіз заттарды тазартып, үйге қос шырақ жағылады. Ыдыстардың барлығының ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі.

Мереке сәлемдесуден басталады. Ер адамдар қос қолдап, әйелдер құшақтасып көрісіп, «Жасың құтты болсын!» деген сияқты тілек айтады. 14-наурыз - Амал күні, осы күннен бастап «көрісу» басталады.
Наурыз күні әр үйде наурыз көже пісіріледі. Ауыл адамдары ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, алтыбақан теуіп, наурыз көже ішіп, әжелеріміз шашу шашып, қуанышқа кенеледі.
Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтаннатты дәстүр. Шашуды әйелдер шашады. Шашуды адамдар теріп алып, ырым етіп балаларына апарады.
Шашуға жасырылған бекіту сұрақтары:
1.Біз бүгін қандай су аттарын білдік?
2.Жер – су аттары қандай әріппен басталып жазылады?
3.Өрмекші торды не үшін тоқитынын білдің?
4. Құмырсқа Не үшін тамақ тасиды?
5.Қарлығаш не істейді?
6.Маңғыстау, Ұлытау, Хантәңірі, Көкшетау бұлар ненің аты? Олар неліктен бас әріптен
басталып жазылған?
Бағалау.
Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мәтін желісі бойынша сурет салу. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру