«Кел,жаңа жыл!»
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Сарықамыс негізгі мектебі бастауыш сынып
мұғалімі Есболаева Алмагүл Олжайқызы
Тақырыбы: «Кел,жаңа жыл!»
1.Жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!Сарықамыс негізгі білім беретін мектебінің бастауыш сынып балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!
1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып мектебіміздің директоры Қайрат Тілешұлының балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
2.Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала
Сиқырлы сәулелер тарайды.
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.
Хоровод: Ән «Аппақ, аппақ»
1.Жүргізуші: Балалар, енді біз жаңа жылға сән беретін ,ал біз олаға ән бере Барлығы бірге: - Аяз ата а-у-у-у-у-у-у,Аяз ата а-у-у-у-у,
(Осы кезде Мыстан кемпір ұшып кіреді)
Мыстан: -Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?! О,о,о мынау не, бұл жерде не болып жатыр а, мен неге білмеймін?! (өтірік таңқалған болып) - Сендердің Аяз аталарыңды орманда адастырып жібердім,ал Ақшақар қашып кетті,ал сендер Аяз атаны шақырып жатырсыңдар, қандай күлкілі, ха-ха-ха-ха!
- Ауданның құрметті адамын шақырып алып, менсіз, мына - мыстан кемпірсіз жаңа жыл тойлағыларың келді ма? Мен сендерге қазір көрсетемін!
Менің орманда бір шыршам жоқ,сендер алып кеткен екнсіңдер ғой,кәзір көрсетейін сендерге: (осы кезде мыстан шыршаны түбінен жұлып алмақшы болып жатады)
Жүргізуші:Мыстан кемпір сен не істеп жатырсың,шыршасыз біздің жаңа жылымыз қалай өтеді?
Мыстан: Не мен шыршамды жұлып алып кетемін не сендер менің айтқанымды орындайсыңдар?
Жүргізуші :Балалар,не істейміз?Мыстанның айтқанын орындаймыз ба?
Балалар:Ия орындайық
Мыстан:Мен жұмбақтар жасырамын соны шешсеңдер кетіп қаламын,ал егер шеше алмасаңдар шыршамды жұлып алып кетемін. Ха-ха-ха-ха
Мыстан кемпірдің жасырған жұмбақтары:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)

Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)

Мыстан: - Жарайсьңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Ал енді ойын ойнағанға қалай қарайсыңдар?!
2) «Шырша» ойыны. Мен қандай сұрақ қойсам да, сіздер «шырша» деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзіме күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар өз айыбын өтеу үшін өлең немесе тақпақ айтады, би билейді. Сонымен сұраққа көшеміз.
1. Атың кім?
2. Нешедесің?
3. Сынып жетекшің бар ма?
4. Қасыңдағы мұғалімің кім?
5. Қай мектепте оқисың?
6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
7. Досың кім?
8. Сабақта үлгерімің қандай?
9. Тұратын қалаңның аты қандай?
10. Аяғыңа не киесің?
Мыстан: - ООО, Мен кеттім балалар, басқа жақтың Жаңа жылын да тамашалап қайтамын.
Балалар: - Сау болыңыздар!
(Осы кезде Ақшақар келеді)
Ақшақар:. Саламатсыздар ма балалар,мен мыстан кемпірден қашып келдім,ол сендерге келген жоқпа?
Балалар : Ия келді.
2.Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол! Ақшақар, қарашы қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін. Шамдарды жағу үшін біз шапалақтаймыз.
Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үреміз. (Балалар үреді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.
Ақшақар: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.
1.Жүргізуші: Ақшақар бізде тағы да сиқыршы бар. Бәріміз сол сиқыршының өнерін тамашалаймыз. (Сиқыршы бала фокус көрсетеді - жәшікке кішкентай қуыршақ салады, үлкен Айқызды шығарады).
2.Жүргізуші: Мынау кім екен?
Ақшақар: Қорықпаңдар балалар, ол аю. Қыста аю ұйықтайды, ал біздер оны оятып жібердік. (Аюдың қасына барып) Аю оян, Жаңа жыл келді. (Аюдың дауысы шығады). Оянғысы келмейді. Аю, сен Жаңа жылды көргім келеді деп айтатын едің, тұр, Жаңа жыл келді. (Аю оянды).
1.Жүргізуші: Сәлеметсіз бе аю. Бізбен ойнашы.
Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Сәлеметсіз бе Ақшақар. (Көзін уқалап, аузын ашып, керіліп) мен сендермен ойнамаймын, одан да мен ұйықтаймын (шыршаның алдына жатады да ұйықтайды).
Ойын «Аюды оятайық». Балалар аюдың қасына жаймен барып топылдатады. Аю балаларды қуады да қайтадан жатады. Ойын 2 рет ойналады.
Аю (оянып): Ақшақар, ал Аяз Ата қайда?
Ақшақар: Білмеймін Аю. Аяз Атада жұмыс көп қой: шыршаны әдемілеу, балалардың барлығына сыйлықтар дайындау.Ол орманда адасып кеткен шығар.
Аю: Мен орманға барып Аяз Атаны іздеп келейін. (Аю шығып кетеді).
2.Жүргізуші: Аю мен Аяз Ата келгенше Ақшақарға арнап ән айтып берейік
Хоровод:
Ақшақар: Рахмет балалар, қандай көңілді, керемет ән айтып бердіңдер. Ал неге Аяз Ата мен Аю кешігіп жатыр. Канеки балалар, шақырайық оларды.
Балалар: Аяз ата ауууууу!
(Бірнеше рет қайталайды)
(Аяз Ата мен Аю келеді).
Аю: Балалар мен Аяз Атаны таптым. Сендер шақырмағанда біздер адасып кетеді екенбіз.
Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).
Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата. Біздер балалармен ойнадық, биледік. Ал енді балалар сізге ән орындап береді.
(Ән «Жаңа жыл»).
Ақшақар: Аяз Ата, ал сен балаларға қандай ойын әкелдің?
Аяз Ата: Мен ойынға қар әкелдім, қазір қармен ойын ойнаймыз.
(Аяз Ата шашады, ал балалар жинап алады. Ойын 2 рет ойналады).
1.Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар, Аю қараңдаршы мына жерде қандай үлкен қар жиналып тұр. (Ақшақар мен Аю барып қарайды).
Ақшақар: Қараңдаршы балалар, ол қар емес, сендерге дайындаған Аяз Атаның сыйлығы. Аяз Ата да сиқыршы екен.
2. жүргізуші: Қане,балалар аяз атаның қапшығы табылды, сыйлығы мол екен. Соған арнап өнерлерімізді көрсетейік.
Ақшақар: Қандай керемет, мынау кәдімгі өнерлердің өзі екенсіңдер! Балалар, мен сендерге сыйлық әкелдім ол жаңа жылдық сақиналар, осы сақиналармен ойнайықшы.
Ойын «Сақиналар». Сақиналарды Ақшақардың таяқшасына кигізу керек.
(Ойын 2-3 рет ойналады. 3 рет Ақшақар сақинамен билеуге шақырады. Аюдың дауысы шығады.)
(Тақпақ айтатын балалардың нөмірлері жүреді.)
1-2 сынып оқушылары
Би: Зорро биі Аяулым,Қайсар

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,
2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
1-жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.
3-4 сынып оқушылары
Ән: Бақтияр «Жаса Қазақстан»
2.Жүргізуші: Балалар енді біз, 2015 жаңа жыл ҚОЙДЫ қошеметпен қарсы алайық!
Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «ҚОЙ» кіреді)
Қой:: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.
- Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын ( жүректердің суреттері ішіне жылы сөздер жазылған),
- Мен сендерге «Ашық аспан сыйлаймын» (бұлт,күн, аспан т.б. суреттер) шашып жібереді.
- Мен сендерге
- Мен сендерге

Ойын:
1-жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.
2-жүргізуші:
Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық
Бишілерге кезек береміз. 4-сынып оқушылары Өзбек биі
АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.
АҚШАҚАР: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.
2-жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Би: «Буратино»
1-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
2-жүргізуші: Міне, жаңа 2015 жыл да келді. Ал 2015 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын.
1-жүргізуші: Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру