Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
Сарықамыс негізгі мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Есболаева Алмагул Олжайқызы
Тақырыбы: Ойлы болсаң,озып көр!
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу.
Түрі: Ақыл-ой зерделі ойын
Әдісі: Ойқозғау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, жұмбақ, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар.
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру.
Жоспары:
1.Жүйрік болсаң тауып көр.
2. «Сөз құрау»
3. « Буынұйқас»
4. Ұшқыр ой»
5. «Ойлан,тап!»
6. «Кім тапқыр?»
7.Жеті жұрттың тілін біл. (орыс тіліне аудару)
Қазылар алқасымен таныстыру.
Жүргізуші:Ашық жарқын жүзді,
Әділ-қазылар біздің
Таңдап баға беруге,
Шақырайық төрге
Әділ-қазылар: .
-Армысыздар құрметті оқушылар, әділ-қазылар алқасы, қонақтар! Қазақстан болашағы –білімді ұрпағында, сондықтан «Ойлы болсаң,озып көр!» ақыл-ой зерделі ойынымызды бастайық!
-Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер
Білімді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
-Бүгін біз мектепте алған білімдерімізді көрсетіп ән-күймен , өлеңдермен, мақал-мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
Жүргізуші: Топтарды таныстырайық.
І топ «Білгірлер»
ІІ топ «Тапқырлар»
ІІІ топ «Алғырлар»
Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда-дегендей ойын жарыс түрінде өтеді.
1 кезең «Жүйрік болсаң, озып көр»
1-топ:
1. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? (Бір Аллаға сиынып)
2. Әңгіме 16-шы беттен басталып,31-ші беттен аяқталған.Әңгіме неше бетке жазылған?(16)
3. Алма ағашында 10 алма,ал үйеңкі ағашында одан 2 алма кем өсіп тұр?(10)
4. Ақан серінің тұлпарының аты? (Құлагер)
5. .Ел басқару саласында ең жоғарғы лауазым тұлға (Президент)
6. Жылдан құр қалған жануар? (Түйе)
2-топ:
1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай)
2. Аулада 2 қайың өсіп тұр.Әр қайыңда 2 бұтақтан бар.Әр бұтақта 2 алмадан өсіп тұр.Барлығы неше алма өсіп тұр?
3. Ит 2 аяғымен тұрғанда салмағы 3 кг,егер ол 4 аяғымен тұрса,онда салмағы қанша кг. болады?(3)
4. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен? (күй)
5. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады? (Тұсбағдар)
6. Үш бақымым өлеңінің авторы кім? (М.Мақатаев)
3-топ:
1.Табиғатты жырлаған ұлы ақын?(Абай)
2.Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр.Еркін оның 4-ін өшіріп тастады.Үстел үстінде неше майшам қалды? (5)
3.Аңның екі сол аяғы,екі оң аяғы, екі алдыңғы аяғы,екі артқы аяғы бар.Аңның барлығы неше аяғы бар?(4)
4. Баланы тәй-тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең? (Тұсау кесер)
5.Әр адамның шағын отаны?(отбасы)
6.Жанар,Сұлтан,Қожа қай әңгіменің кейіпкері?(Менің атым Қожа)
2-кезең «Сөз құрау» Жолдастар сөзінен әр топ бірнеше сөз құрау.
3-кезең « Буынұйқас»(Әр оқушы әр түрлі жауап беруі мүмкін)
1-топ.
-рет-рет-рет
-ю-ю-ю
-ян-ян –ян
-тап-тап-тап
2-топ
-уыл-уыл-уыл
-бар-бар-бар
-Та-та-та
-да-да-да
3-топ
Дер-дер-дер
-ла-ла-ла
-ға-ға-ға
-па-па-па
4-кезең «Ұшқыр ой»Әріптер берілген,оқушылар әріп таңдайды, сұрақтың жауабы сол әріптен басталады
А-Желтоқсан оқиғасы қай қалада болды?(Алмат)
Ә-Үй құсы (әтеш)
Б-Суда өмір сүретін тіршілік иесі (балық)
Г-Машина тұрағы(гараж)
Ғ-Тоқтар әубәкіров кім?(ғарышкер)
Д-Бізді ауырғанда емдейтін адам?(дәрігер)
Ж-Айдалада ақ отау,аузы мұрны жоқ отау(жұмыртқа)
З-Қазақстанда көл атауы?(Зайсан)
И-Жеті қазынаның бірі(ит)
К-Көру мүшесі(көз)
Қ-Мемлекеттік тіл(қазақ)
Л-Қышқыл жеміс(лимон)
М-Пән атауы (математика)
Н-Қасиетті тағам (нан)
П-Ең алып жануар(піл)
Р-Гүлдің аты (раушан)
С-Уақыт өлшем бірлігі (сағат)
Т-Төрт түліктің бірі (түйе)
Ұ-Құстың үйі (ұя)
Ү-Үй құсы (үйрек)
Ы-Кесе,касық бұл не?(ыдыс)
І-Киім ілетін зат?(ілгіш)
О-Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала? (Орал)
Ш-Әнұранның авторы кім?( Шәмші Қалдаяқов)
Х-Сөйлем соңына нүкте қойлатын қандай сөйлем?(хабарлы)
5-кезең. «Ойлан,тап!» Бір әріпті өзгертіп сөз жаса.
Тары-....ары жаға-жа...а ел-е....
Салу-с...лу ала-а...а аяқ-ая...
Аңшы-...нші бала-...ала арта-а...та
6-кезең «Кім тапқыр?»Әр топқа әріптер таратылады.
1-топ .Б әрпі
1. Суды немен ішесің?
2. Сенің досың кім?
3. Жыл басын көрген жануар
4. Сенің есімің кім?
5. Бүгін сенде неше сабақ?
6. Қандай тағам ұнатасың?
7. Арманың көп пе?
8. Қай көшеде тұрасың?
9. Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?
10. Қай ауылда тұрасың?
2-топ. М әрпі
1. Қандай мамандық білесің?
2. Киноға кіммен барасың?
3. Тақтаға немен жазасың
4. Алтын күн астында не бар?
5. Сүйікті пәнің?
6. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
7. Қандай ән орындайсың?
8. Сенің көршің кім?
9. Қандай ертегі білесің?
10. Заттың атын білдіретін сөздер?
3-топ А әрпі
1. Жасың нешеде?
2. Қалтаңда не бар?
3. Қандай кітап оқисың?
4. Алма берсем жейсің бе?
5. Шашың неге алынбаған?
6. Нені жақсы көресің?
7. Түнде түс көрдің бе?
8. Кеше не істедің?
9. Сумкаңда не бар?
10. Кімге сәлем жолдайсың?
7-кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
Шарты : Бұл бөлімде жасырылған жұмбақтың дұрыс жауабын табу, оны орыс тіліне аудару)
1.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (Түлкі-Лиса)
2.Өзі кірді ашады,
Суға салсаң қашады. (Сабын-Мыло)
3.Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (Қоңырау-Званок)
4. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні. (Сәбіз-Морковь)
5.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза- жаза арықтаған(бор-мел)
6.Алты қырлы,алтын сырлы (қалам-ручка)
7.болса да көктем мекені,кездеспейді екеуі (күн мен ай,луна и солнце)
8.Асты тас,үсті тас
Ортасында піскен ас(нан-хлеб)
9.Көкшіл айна үйдегі,көрсетеді киноны (теледидар,телевизор)
8-кезең «Баспалдақ құр» ойыны
ІІІ.Қорытындылау.
- Aлмаш
- 22 апреля 2015
- 1344
- 0



