Экономика пәні бойынша жеке баламен жұмысты ұйымдастыру
Экономика пәні бойынша жеке баламен жұмысты ұйымдастыру
Долаева Гүлбаршын Қапышқызы
Экономика пәнінің мұғалімі
Дарынды балаларға арналған үш тілде
оқытатын М.Арын атындағы №24
«Экономика және бизнес» арнаулы лицейі
Алматы облысы Талдықорған қаласы

Еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдайдың қарқынды дамуы, әсіресе, нарықтық қатынастардың дамуы оқушылардың экономикаға саналы түрде қатысуын, экономикалық және қоғамдық әрекеттерге дайын болуын, экономикалық ойлауы мен мәдениетінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан оқушы құзырлығын дамытуда сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткіш дәрежесін де арттыруды мақсат еттім. Ол үшін оқушы экономикалық информация негізін бөле білу, салыстыра білу, орынды сұрақтар қоя білу, проблеманы көре білу, фактілерді, субьективті көзқарастарды айыра білу, пікірдің обьективті емес жақтарын айқындай білу, қорытынды жасау, альтернативті шешім қабылдай білу, өз шешімін тәжірибе жүзінде тексере білу, өз ойын, логикаға негізделген көзқарасын әлеуметтік - экономикалық контекстте көрсете білу дағдыларын меңгеруі қажет. Сонда ғана экономикалық дайындық жүйелі білім арқылы оқушының тұтас өмірге көзқарасын қалыптастырудағы, алған теориялық білімін өмірде қолдана білудегі мақсатына жетеді деп ойлаймын.
Экономикалық білім беру - тек қана белгілі бір экономикалық теория көлемін қабылдатып, бекіттіру емес, ол адамның тәртібін, түсінігін, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастыру процесі , оқушыны өзін-өзі қорғауға үйрету, нарықтық жағдайларға бейімдей отырып, жеке тұлғаның шығармашылығы мен белсенділігін арттыру, өз күшіне сенімді, проблемадан қорықпайтын, оны шешуге әрекет жасайтын тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылардың өзін-өзі дамыту, өз білімін, іскерлігін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастырып, басқару, жеке тұлғалық қасиеттерін, мүмкіндіктерін пайдаланып, өзін жүзеге асыру құзырлығын қалыптастыру үшін олимпиадаға дайындау жүйесінің мәні зор.
Олимпиадаға қатысатын оқушылар 7-сыныптан соң оқушының қызығушылығы мен қабілетіне қарай іріктеліп алынады.Олимпиада бағдарламасы 7-9 сыныптарға және 10-11 сыныптарға арналып құрастырылған. Бағдарлама микроэкономика және макроэкономика курсының толық теориясын, есептерді, тестерді, диктанттарды, тапсырмаларды, сөздіктерді қамтиды. Арнайы жазғы мектеп бағдарламасы дайындалып, соған сай жеке баламен жұмыс жүргізіледі.
Дайындық соңында олимпиадаға қатысатын әр оқушы төмендегі іс- әрекетті меңгеріп шығады:
А) Өз ойын, экономикалық көзқарасын, заңдылықтарды саналы да, сауатты түрде жеткізе білу, бағдарламаға сай теорияны толық білу
Б) Экономикалық терминдердің мағынасын білу, сауатты жазу (ағылшын, орыс тілдері)
В) Экономиканы модельдеудегі графиктерді, формулаларды, функцияларды, сызбанұсқа, диаграммаларды қолдану
Г) Қоғам дамуымен, экономикалық мәліметтерді байланыстыру
Д) Компьютерлік, іскерлік ойындарды республикалық деңгейде ойнау
Е) Бизнес-әдеп тақырыбына эссе жаза білу
Оқушылар білімін бағалау түрлері
А) Деңгейлік тапсырмалар, экономикалық есептер
Б) Экономикалық диктант
В) Экономикалық тесттер, графиктік интерпретациялар
Г) Экономикалық информация
Д) Презентациялар
Е) Жоба қорғау
Ж) Эсселер жазу
З) Іскерлік ойындар жарысы
Олимпиадаға дайындық негізгі талаптармен қоса оқушы қызығушылығы мен сұранысына негізделіп жүргізіледі. Ол үшін әр оқушыға білім алу іс-әрекетінің жеке бағдарламасымен қатар өзіндік даму маршруттық траекториясы ұсынылады. Жеке жоспармен жұмыс жасаған оқушының нәтижеге жетуге деген қызығушылығы, зерттеушілік-шығармашылық белсенділігі артады, ынталана отырып, жұмысының әр кезеңіне нақты мақсат қояды, жоспарлайды, өз ісін бақылап, талдап, бағалауға мүмкіндігі болады. Жеке балаға бағытталған олимпиадалық бағдарлама бойынша мұғалім де оқушыны жеңілден күрделіге жетелейді, қызық та қиын тапсырмалары бар әдебиеттерді ұсынады, әр тақырып бойынша рефлексия жүргізеді, коррекция жасап отырады, жаңа міндеттерді анықтайды.
Экономика пәні бойынша олимпиадаға дайындық мақсатында құрылған жеке балаға арналған білім бағдарламасын әр оқушыға ұсынамын. Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысын ескеру үшін алдын-ала төмендегідей шағын зерттеу жұмысы жүргізіледі:
А) Бағдарлама бойынша қызығушылық танытатын тақырыптарды анықтап, өз сұрақтарымен толықтыруына болады
Ә) Осы тақырыпты қарастырудағы ең маңызды деген мақсатын анықтау
Оқу нәтижесін жоғарылату – 10%, рейтингті арттыру- 30%, қажет сұрақтарға жауап табу-80%, өз ісіммен айналысуға негіз іздеу-40%, проблема тауып, оны шешу-100%, мәліметтермен танысып, жинақтау-100%, жоба қорғау-50%, өз позициямды анықтау-40%, таңдаған мамандығыма қажет білім алу-100%, олимпиада тапсырмаларын жылдам, нәтижелі орындау-100%, республикалық олимпиададан жүлделі орын алу-100%.
Б) Қойылған мақсатты жүзеге асыру жолдары
Теориялық материалды меңгеру, тәжірибе жүзінде іске асыру, тапсырмаларды орындау әдістерін үйрену, есептер шығару, тест орындау, диктант жазу, жоба жасау, қорғау, мәліметтерді жүйелеу, презентация ұйымдастыру, жарнама көрсету, бизнес-жоспар құру,есеп беру үлгісін меңгеру,эссе жазып үйрену, құжаттарды сауатты толтыру, компьютерлік ойынды меңгеру.
В) Жоспарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Оқулықтар, есеп кітаптары, ғылыми журналдар, электронды оқулықтар, интернет желісі, экономикалық сөздіктер, компьютерлік бағдарламалар.
Г) Әр оқушы рейтингінің нәтижесіне анализ жасап отырады
Мысалы, олимпиадаға қатысушылардың меңгерген тақырыптары бойынша білімі бағаланып отырады ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру