Мұғалімнің аты-жөні: Долаева Гүлбаршын Қапышқызы
Еңбек өтілі:30 жыл
Жұмыс орны: Талдыкорған қаласы, ДБААЛ №24
Қызметі: Экономика пәнінің мұғалімі
Категория: Жоғары
ШЕБЕР СЫНЫП ЖОСПАРЫ:
ТАҚЫРЫБЫ: Дарынды және талантты балаларды оқыту
ШЕБЕР СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: Әріптестердің тәжірибесін жетілдіру және кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында, дарынды және талантты оқушыларды оқыту бойынша теориялық және практикалық жағынан кәсіби қолдау көрсету
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Дарынды және талантты балаларды оқыту жөнінде теориялық және практикалық кәсіби құзыреттілігін арттырады; Мұғалімдер оқушылардың табысты оқуына кедергі жасайтын факторларды анықтайды, оны шешу стратегияларын ұсынады; Дарын және талантты оқушыларды оқыту бойынша әдіс - тәсілдер түрлерімен танысып, топтық жұмыс тиімділігін түсінеді; Сұрақ қоюдың түрлі технологияларын топтық жұмыс барысында қолданады, талдайды; Дарынды және талантты оқушыларды оқыту модулі бойынша идеяларын жинақтап, қорытынды жасайды
МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Талдықорған қаласының мұғалімдері
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: Ой қозғау, негізгі бөлім (мазмұнды ашу), кері байланыс
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР: Шаттық шеңбері, «Сиқырлы қорапша» ойыны, мәтінді талдау, видеоролик көрсету, «Оқушы образдары» тапсырмасы, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, “Аяқталмаған ой” тапсырмасы
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта , презентация, аудио және видео материал, постер, стикер, фломастерлер, бағалау карталары
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: Карточкалар, өзін және басқаны бағалау карталары
- zhadyra
- 19 февраля 2015
- 2858
- 0




