Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: «Б дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты: 1.Б дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздер ойлату және
ішінен «б» дыбысының қай буында тұрғандығын
тапқызу, дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.
2.Оқушылардың ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін
дамыту.Оқи білуге бағдыландыру.
3.Білімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:Б әрпінің жазба, баспа түрі суреттері , қима әріптер, интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: дүниетану, музыка.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап –таза
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партада.
-Оқушылар бүгінгі сабақта біз топқа бөлініп отырамыз.
-Сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар.
1.Басы жалпақ,
Көзі тостақ,
Бұты талтақ.Бұл не?(Бақа)
2.Сары ғана ол мамық. (Балапан)
3.Суда өседі,өнеді,
Сыртқа шықса, өледі.(Балық)
-Жарайсыңдар! Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.
I-ші топ Бақалар
II –ші топ Балапандар
III-ші топ Балықтар
-Менің қолымда бақа, балық, балапандар бар. Кім сұраққа дұрыс жауап берсе, әр топқа мадақтап бақа, балапан, балықтарды беремін. Кім көп жинаса сол топ жеңіске жетеді.
II Үй тапсырмасын тексеру.
-Оқушылар қазір қай мезгіл?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Қазір қай айы?
-Мезгіл деген сөздің бірінші дыбысы қандай дыбыстан басталып тұр?
-М дыбысы қандай дыбыс?
-Дұрыс айтасыңдар, дауыссыз, үнді.
-Өткен сабақта біз м дыбысы мен әрпін өттік.
-Күз мезгілінен кейін қай мезгілі келеді?
-Қыстың қандай ерекшіліктері болады?
-«Қар» мәтінін оқушыларға тізбектеп оқыту.
III Жаңа сабақ
Оқушылар барлығымыз тақтаға назар аударайықшы. Бейнетаспаны мұқият қарап отырыңдар.
Бейнетаспадағы сөздерді барлығымыз қайталап отырамыз.
Бейнетаспадан қандай әріппен таныстық?
-Ендеше , бүгінгі өтетін дыбысымыз –Б дыбысы.
-Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.
Б дыбысын 2-3 рет айтқызу. Б- ұяң, дауыссыз дыбыс. Себебі, б дыбысы созылып айтылмайды. Дауыссыз дыбыс болған соң көк түспен белгіленеді. Б дыбысы сөздің ортасында, басында кездеседі.Мысалы; баба, бала, дорба, барабан.
-Оқушыларға б дысына сөздер тапқызу. Тапқан сөздеріне сөйлем құрату.
-Суреттерге қарап сөйлем құрату.
-Балық, бақа, балапан – сөздерін буынға бөлгізу. Буын санын анықтау.
-Дыбыстық талдау жасату.
IV Оқулықпен жұмыс.
-Кітаптағы суреттермен танысу.
-Бағандағы сөздерді оқып беру, содан соң оқушыларға оқыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Баба-үлкен кісі, сендердің аталарыңның әкесі.
Бата- ақсақалдардың ақ батасы.
V Дәптермен жұмыс
-Б әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
-Б әрпінің жазба түрін тақтада жазып көрсету.
-Ауада жазып көрсету.
-Дәптерді көлбеу қойып, әдемі , таза жазуға үйрету, жазғызу.
VI Бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті.
Музыка ырғағымен би билеу.
VII Сабақты бекіту.«Қай әріпті жоғалттым» ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауаттылыққа , шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
....ала, .....алық, ....ота, ....алапан, ......отақан, .....үркіт, ...ұзау, ....өпе.
Буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасау.
Қорытындылау.
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Б дыбысы қандай дыбыс?
-Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
-Себебі б дыбысы созылмайды.
VIII Үйге тапсырма: Бб дысыбын оқып келу.
IX Мадақтау ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру