Тұқым.Жеміс
Сабақтың тақырыбы: Тұқым.Жеміс.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға жеміс және тұқым туралы түсінік беру.
Құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.
2.Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.Шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
3.Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шырынды, құрғақ жемістер.
Әдіс-тәсілдері: топтастыру, түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қазір қай айы?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Бүгін ауа райы қандай болып тұр? Күн ашық па? Бұлттыма?
Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстап аламын.
Ізгі әрі нәзік ,жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп аламыз.
I-ші топ «Шырынды жемістер»
II -ші топ «Құрғақ жемістер»
III -ші топ «Тұқым»

II Үй тапсырмасын пысықтау.
Әр топқа сұрақтар қою арқылы өтілген тақырыпты пысықтау.
I-ші топ «Шырынды жемістер»
-Өсімдік дегеніміз не? (Тірі табиғаттың бір бөлігі).
-Тірі, өлі табиғатты атап беріңдер?
II -ші топ «Құрғақ жемістер»
Өсімдіктер қайда өседі? (суда, орманда, далада, тауда)
III -ші топ «Тұқым»
Өсімдік мүшелеріне не жатады?(тамыр, дің, бұтақ, бүршік, гүл, жеміс)

III Жаңа сабақ


Сөз жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. Шешуі: Жеміс.Тұқым.
Ой шақыру. Жеміс, тұқым дегенді қалай түсінесіңдер?
Жеміс пен көкөніс туралы видеоролик көрсету.
Жеміс –өсімдіктің бізге тартқан сыйы. « Сыйға-сый »деген осы өйткені , біз оларды күтіп, баптап өсіреміз.
Ал осы жемістер қайдан шықты?
Гүл өсімдікте өсіп жетіледі, өсімдік жетіліп өсе келе гүлдің түбі түйінділеді. Гүл түйіні үлкейіп өскен сайын , гүлдің күлтелері солып, түсіп қалады да түйіннен жеміс жетіледі. Жемістің ішінде тұқым болады. Жемістер құрғақ және шырынды болады. Құрғақ жемістерге бидай, жаңғақ, тары, бұршақ т.б.
жатады. Шырынды жемістерге қауын, қарбыз, қияр ,алма , анар т.б.жатады.
Өсімдіктер көбіне тұқымдар арқылы таралады. Жемістер мен тұқымдар адам және жануарлар тіршілігіне өте қажет. Оларды тағам және қорек есебінде пайдаланады. Піскен жемістер мен тұқымдар әр түрлі жолмен жер бетіне тарайды. Жануарлар , жел адамдар арқылы бір жерден екінші жерге тарайды. Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктер алма, қауын, қарбыз, қияр т.б.
Бидайдың жемістері масақта орналасады. Оны дән дейді.
Собықта жүгері жемістері(дәндері) орналасады. Тұқым сүйекті және жұмсақ болып бөлінеді. Сүйекті тұқымға өрік, шие, алхоры жатады. Жұмсақ тұқымға қызанақ, қияр, құлпынай жатады.
Тәжірибе: Алма жемісін алып ортасынан бөлу.
Қорытынды: алма жемісі шырынды.
Тәжірибе: Жаңғақты алып ортасынан бөлу.
Қорытынды: Жаңғақ жемісі құрғақ

IV Оқулықпен жұмыс.
Мағынаны тану.
1.Оқулықтан «Тұқым және жеміс» тақырыбын оқу.
2.Оқулықтағы бидайдың жемісі-дән, жүгерінің жеміс-дән, Алма ағашының жемісі алма, еменнің жемісі –жаңғақ, таңқурайдың жемісі –жидек, бүлдіргеннің жемісі жидек туралы түсінік беру. Слайдпен суреттер бойынша әңгімелеу.

V Сергіту сәті

VI Дәптермен жұмыс.
1.Бақылау дәптеріндегі 25-26 беттердегі тапсырмаларды орындату. Суреттегі өсімдіктердің жемісі мен тұқымын сызық арқылы қосу.
Жемістің қасындағы дөңгелекті қызыл түспен, жидектің қасындағы дөңгелекті жасыл түспен бояу.
Жұптық жұмыс: Бірін-бірі тексеру.

VII Шығармашылық жұмыс:
I-ші топ «Шырынды жемістер»
Жемістер туралы өлең құрастыру
II -ші топ «Құрғақ жемістер»
Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктердің суретін салу.
III -ші топ «Тұқым»
Суреттер бойынша шырынды, құрғақ жемістерді ажырату.
VIII Сабақты қорытындылау.
3 топ постер қорғау арқылы сабақты қорытындылайды.
I-ші топ «Шырынды жемістер»


II -ші топ «Құрғақ жемістер»


III -ші топ «Тұқым»

Бағалау:Топтың топбасшылары топ мүшелерін бағалайды.Мадақтау.Қошеметтеу.
Кері байланыс:Балалар бүгінгі сабақ ұнадыма?Ендеше алдарыңдағы алманың түстерімен бағалайық.
Сары- өте жақсы
Қызыл түс- жақсы
Жасыл-орташа.
IX Үйге тапсырма: «Тұқым.Жеміс» әңгімелеу ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру