Ыы дыбысы мен әрпі.
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Ыы дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Ы дыбысымен таныстыру. Ы дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөлуге, сурет бойынша сөйлем құрауға үйрету. Оқушылардың тілін, байқағыштығын, сөздік қорын, көркем жазуын дамыту.Оқушыларды сауаттылыққа, қамқорлыққа, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер , кеспе буын, суреттер, электрондық әріптер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, үйрету,топтық, жеке жұмыс, шығармашылық тапсырма.
Күтілетін нәтиже: Ы дыбысы мен әрпін біледі, дыбыстық талдау жасайды, тапсырмаларды толық орындайды.
Сабақтың барысы:

№ Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт
1. Ұйымдастыру 1.Түгендеу, партаға дұрыс отырғызу.
2.Психологиялық дайындық
Сынып іші тап-таза,
Ұстазымыз жап-жаңа.
Білім беріп біздерге
Қуантады қашанда.
Оқушылар орнынан тұрып хормен қайталап айтады. 1 минут
ІІ Өткен сабақты қорыту -Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-С дыбысы қандай дыбыс?
-Неге дауыссыз?
-Сөздің қандай бөлігінде кездеседі?
-Сөздің басында, ортасында, аяғында басталатын сөздерді ата. Оқушылар жеке-жеке тұрып жауап береді. 2 минут
Негізгі кезең
Жаңа сабақ материалы
(Логикалық тапсырма)
Суретті жұмбақ жасыру
1.Уақытты қарайтын нәрсе (сағат)
2.Тышқан неден қорқады?(мысық)
3.Адам жылағанда көзінен не ағады? (жас)
4. Адам шөлдегенде не ішеді? (су)
Суреттен нені көріп тұрмыз?
5.Ы дыбысы туралы толық түсінік беру. Оқушылардың жауабы: Ы ы дыбысы
Ы дыбысынан басталатын сөздерді айтқызу.
Ы әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
Сөздің басында,ортасында, аяғында кездеседі. 12 минут
ІV Оқулықпен
жұмыс
(шығармашылық
тапсырма)
Әріп бойынша сөйлеу: Ы дыбысынан басталатын сөздерді айтқызу.
- Сурет бойынша сөйлем құрау.
- Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау. жасап,буынға бөлу.
- Бағандағы сөздерді тізбектей оқыту.
- Мағынасын түсіндіру
Ыдыс- (2 буын)
Ырыс- (2 буын)
Шыны- (2 буын)
Қасық- (2 буын)
Торсық-(2 буын)
Сусын- (2 буын)
Суық- (2 буын)
Сырнай-(2 буын)
домбыра(3 буын)
Сөздік жұмыс
Ырыс – үйге келетін несібе,жақсылық
Ынтымақ – бірлік,татулық
Сөздердің айтылу ерекшелігі
Қайық – қайығы қап-қабы
Тауық –тауығы топ-тобы
Тарақ-тарағы доп-добы
Суретті диктант
Қасық, шыны, торсық – ыдыстар
Домбыра, сырнай –аспаптар
Шырын –сусын Жеке-жеке оқыту. Мұғалімге бағыну және берілген тапсырмаларды есте қалдыру.
V

Сергіту сәті: Тез қозғалып осылай
Жаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық. Орнынан тұрып сергіп алады. 2 минут
VІ Дәптермен жұмыс
1.Ы әрпін ауада жазып үйрету.
Ы дыбысына берілген №2 әліппе дәптердегі 6-бетті бастырып және бос төркөздерге Ы әріпінін жазу.
2. Қолдарын сергіту. 1.Ы әрпін жазып үйрену.
2. «Саусағым» хормен қолдарын сергіту
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.
12 минут
VІІ Сабақты
бекіту
(өзіндік жұмыс)
Слайдтан көрсетілген:
«Адасқан буындардан сөз құрау»
Ыр, дыс, ыс, ны, шы, ық, су, ы, сық, тор, сын, су.
1 минут
Қорытынды
Сабақты қорытындылау
(кері байланыс)
Мұғалім сабаққа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар береді.
-Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
-Сабақ ұнады ма?
-Ы қандай дыбыс?
- Ы дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Берілген тапсырманы жеке отырып жұмыс жасайды, жұптасып талқылайды. Ойларын сыныппен бөліседі.
4 минут
6 Мадақтау «Гүлдер» қызыл , көк, сары гүлдер арқылы мадақтау.
1 минут ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру