«Матадан бұйым тігу технологиясы
Сабақтың тақырыбы: «Матадан бұйым тігу технологиясы»
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділігі:Оқушыларға матадан бұйым тігу
технологиясын, құралдарды пайдалану ережелерін
таныстыру.
2)Дамытушылығы: Оқушыларды еңбек етуге баулу,
қауіпсіздік ережелерін сақтау. Танымдық қабілеттерін
дамыту.
3)Тәрбиелігі:Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету,жұппен, топпен жұмыс;
Күтілетін нәтиже: Матадан бұйым тігу технологиясы ұғымын түсіну;
Құралдарды пайдалану ережелерін үйрену;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, карточка, слайд,смайликтер;
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.
Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу; ә) психологиялық дайындық;
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Абай Құнанбаев
б) Топқа бөліну /Жібек,мақта,мақпал,бөз топтары/
-Мақта ол жылы жақта өседі. Ол жылы сүйетін өсімдік.
- Жібек – беті тегіс, жылтыр, қымбат мата.
-Бөз –қолдан, мақтадан тоқитын мата.
-Мақпал - тығыз тоқылған, қалың, түкті барқыттың бір түрі.
в) Түгендеу /Жоқ оқушыны белгілеу/
г) Алтын ережемен таныстырып өту
1.Нақты жауап айтып, уақытыңды үнемде.
2.Біреу сөйлеп жатқанда, сөзін бөлме. Өз кезегіңді күт.
3.Егерде айтқың келсе қолымызды көтереміз.

4.Кез келген пікір құнды.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын әр топтан бір оқушыдан сұрау.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1.Матаның қандай түрлерін білесің?
2.Матаны неден өндіреді?
3.Матаның өң беті мен теріс бетінде өзгешеліктер бар ма?
4.Матаның қағаздан қандай айырмашылығы бар?
ІV. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ жасыру:

е р М е к с а з
қ А й ш ы
Т р а ф а р е т
м о з А и к а

Сұрақтары:
1.Жұмсақ әрі созуға ыңғайлы материал.
2.Айқасқан құшақтары
Кесетін пышақтары
3.Қандай да бір зат жасау үшін арнайы қиып алынған жұқа пластина.
4.Әр түрлі ұсақ тастардан,мата,қағаз қиындыларынан, шыны сынықтарынан
құралатын өрнек.

- Жарайсыңдар балалар сөзжұмбақты дұрыс таптыңдар. Олай болса, бүгін біз
матадан бұйым тігу технологиясын үйренеміз.

V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Құралдарды пайдаланып матадан бұйымдар тігеді. Ол «іс тігу» деп аталады. Матадан қайшы мен иненің көмегі арқылы бұйым тігеді. Ал бұл құралдарды қолданудың өзіне тән ережелері бар. Соны біліп алу керек.

 Құралдарды пайдалану ережелері
VІ. Сергіту сәті:
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты-еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

«Талаппен бастап, талғаммен аяқта»- деген халық мәтелін есте ұстап, жұмысты бастайық, олай болса қазір алдарымыздағы мата қиындыларымен құрақ құрауды үйренейік.Ол үшін бізге құрақ үлгісі, А4 парағы, желім,қайшы керек. Балалар бұл тапсырманы жұп (оқушылар қасында отыратын көршілерімен) болып орындаймыз.

VІІ. Сергіту сәті: «Адасқан құралдарды тап»

Ине -------------------------------- сызады
Мақта ---------------------------- өлшеуіш
Қайшы --------------------------- мата
Сызғыш ------------------------- тігеді
Карандаш ---------------------- қияды

Ойын: «Мені тап» топтық жұмыс. Бірлесе отырып жұмыс жасайды.
Әріптерді тізбектеу арқылы матаға байланысты сөздерді табу керек.
VIІІ. Жаңа сабақты бекіту.

*Іс тігу дегеніміз не?
*Іс тігу үшін қажет құралдарды ата?
*Қайшының ұсыну ережесін айт.
*Ине мен түйреуішті қайда сақтайды?

ІХ. Сабақты қорытындылау.
Балалар бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
(смайликпен көрсету)

Х. Бағалау, мадақтау.
Бүгінгі сабақта жақсы қатысқан оқушыларды және топтарды бағалау және мадақтау.

ХІ. Үйге тапсырма: Ине жіп әкелу. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру