Г г дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:1)Білімділігі: Г г дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздегі
орны туралы түсінік беру.Ол арқылы берілген сөздерді
оқу мен жазуға үйрету.
2)Дамытушылығы: Г дыбысына қатысты жаңа сөздер
ойлату, сөйлемдер құрату.Танымдық іс –әрекеттер
арқылы ой – өрісін, тілін дамыту.
3)Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген
сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қомқорлық жасай
білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, Гг әрпінің баспа және жазба түрлері,
тірексызба, слайд.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, дамытпалы, жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың байланысы: математика, дүниетану.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау:
Ү ү дыбысы мен әрпі
А) Сұрақ-жауап
1 – Балалар біз кеше қандай әріппен таныстық? Ү дыбысы мен әрпі
2 – Ү дыбысы қандай дыбыс? дауысты,жіңішке
3 – Ү дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? басында, ортасында
4 – Дыбысты не истейміз? естиміз, айтамыз.
5 – Дыбыстар нешеге бөлінеді? екіге дауысты және дауыссыз
6 – Әріпті не істейміз? (Айтамыз, көреміз).

Ә) Тақтаға екі оқушыны шығарып, күй, үкі сөздерін жазғызу.
Б) Ә. Табылдиевтің «Кім кінәлі?» өлеңін оқытып, мазмұнын сұрау, қорытынды жасату.


ІІІ. Сергіту сәті:
Гүлді білем жайнаған
Құсты білем сайраған
Бар дыбысты білемін
Енді таныс айналам
Біз сүйікті балдырған
Білім отын жандырған

ІV. Жаңа сабақ. Г г дыбысы мен әрпі.

Аналарға сыйлайтын
Аралар бал жинайтын,
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын? (Гүл).

- Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? (Г).

ұяң
дауыссыз тіл арқылы

басында ортасында

Г дыбысы мен әрпін таныстыру, суреттегі заттардың атауын ататып, орнын анықтату, г дыбысының дауыссыз дыбыс екендігіне тоқталып, артикуляциясын түсіндіру, г дыбысы тек қана жіңішке дауыстылармен (ә,е,ү,ө,і) тіркесіп айтылатынына көңіл аударту.

V. Дидактикалық ойын: "Кім шапшаң" ойыны
1. Г дыбысы сөздің басында кездесетін сөзді айтқызу.
2. Г дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөзді айтқызу.

VІ. Оқулықпен жұмыс.
А) Оқулықтағы баған ішіндегі сөздерді жеке – жеке тізбектей оқыту.
Жазу жолындағы сөздер мен сөйлемдерді оқыту
Ә) Сөздерді буынға бөлдіру.

VІІ. Сөздік жұмыс.
1. Егін – астық егілген алқап.
2. Егеу – үй шаруасына қолданылатын құрал.
3. Сегіз – сан.
4. Егіз – екеу,қос.
5. Кереге – киіз үйдің бөлігі.
6. Бетеге – шөптесін өсімдік.
7. Шеге – үй шаруасына пайдаланатын, ағашқа қағатын зат.
8. Неге – сұрақ.
9. Шеңгел – тікенді өсімдік.
10.Мезгіл – уақыт.
"Ақ көгершін" әні
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беріп, мағынасын ашу.
-Көгершін туралы білгендерін айтқызу.
-Көгершін не? Құс
-Қандай құс? Бейбітшілік
Құстарға қамқорлық жасау туралы айтқызу.
Мұғалім: Көгершін – бейбітшілік құсы. Бейбітшілік дегеніміз – біздің күнделікті өміріміз қуанышқа, қызыққа толы, достарымымызбен ойнаймыз, күлеміз, ата – анамыз қасымызда тамағымыз тоқ дегенді білдіреді. Елімізде тыныш, аспанымыз ашық болса бейбітшілік болады.

VIII. Сергіту. "Ақ көгершін" әнін айтқызу.
Ақ көгершін , көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт құсы болсын деп,
Ұшырамын қолымнан.


IX. Дәптермен жұмыс.
1. Г г әрпін ауада жазу. Г г әрпінің элементтерімен таныстыру және жазуды үйрету.
2. Суретті диктант жазу, сегіз, гүл, шеге, егін суретін көрсетіп, сөздерді оқушылардың өздеріне жаздыру.
X. Сабақты бекіту:
1. Сөздерді буынға бөлу. Ше – ге, не – ге.
2. Мақалды жалғастыр. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның ...
3. Жұмбақ шешу. Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады? (Қарлығаш).
XI. Қорыту.
-Гг қандай дыбыс?
- Г г дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

XII. Оқушыларды бағалау, мадақтау. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру