Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 6 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Байгуттина Гулжиян Сабировна
Тақырыбы: Қазақстанның жер бедері
Мақсаты: Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру. Тіл байлығын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Отанын сүюге, табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, физикалық карта.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындығын тексеріп, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Өткен сабақ мазмұнын сұрау.
--Террикондар деген не? Олардың қандай зияны бар? -Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады? -Оба дегегн не?Есік обасы туралы не білесің?
-Мұнай мен газ алынған орынға су толтырудың маңызы бар ма?
ІІІ.Мақсат қою кезеңі:
Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қазақстанның жер бедері
ІҮ. Жаңа сабақ.
Кіріспе.
-Бедер деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Бұл сөзді бұрын естіген бе едіңдер? Сарамандық жұмыс.
Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту.
-Ойпатты ,қыратты жазықтардықалай ажыратамыз?
-Тауларды ше?
-Мұздықтардың шартты белгісі қандай?
Картадан тауып көрсету.
Оқулық бойынша түсінік беру, мазмұнын ашып беру.
Шоқы туралы түсінік беру, шоқыны көргендері болса ,әңгімелету.
Қазақстанның орталық бөлігінде жазықтар мен шоқылардан және аласа таулардан тұратын –Сарыарқа даласы бар. Алатаудың неге солай аталғанына тоқталу.
Картадан Қазақстанның тауларын көрсету,ең биік тауды, оның шыңын таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.
Теріп оқу( шоқы, ойпатты жазық,Қазақстанның орталық бөлігі, биік таулар)
Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу.
Физикалық картадан тапқан таулардың атауларын жазу.
V. Бекіту кезеңі:
-Жер бедері деген не болды?
-Ең биік тау қандай тау?
-Шоқы деген не?
-Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?
-«Алатау» сөзі қандай мағына береді?
-Картадан Сарыарқаны көрсет және жер бедері қандай екенін айт.
Үлестірме тарату.
Үлестірмеде 43-беттегі тест тапсырмасы беріледі.
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі:
40,41,42- беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге 43-беттегі сызбаны орындау.
Бағалау.
- ерасыл
- 6 февраля 2015
- 2242
- 0


