Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 6 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Байгуттина Гулжиян Сабировна
Тақырыбы: Бағдарлау
Мақсаты: Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау- бағдарлау туралы түсінік беру. Көкжиек тұстарын тұсбағар және табиғи белгілерге қарап табу жолдарын үйрету.
Дамытушылығы:Ойлау қабілетін, сөздік қорын, әңгімелей білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Сенімді болуға , тиянақтылыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,проблемалық.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,тұсбағар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Табиғатты зерттеу не үшін қажет?Оны зерттеудің қандай әдістері бар?
(мазмұнын сұрау) Дәптердегі сызбаны тексеру, «Бақылау күнделігін» тексеру
Үй тапсырмасын бекіту
-Антарктидаға ғылыми экспедиция шығып, бақылау жүргізу нәтижесінде нені білді?
-Барлық дәрі-дәрмекті пайдаланар алдында неге тәжірибе жасап көреді?
ІІІ.Жаңа сабақ Д.М.1. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау «Бағдарлау»
Д.М.2 . Кіріспе: көкжиек деген не еді , көкжиек сызығы ше?
Көкжиектің неше тұсы бар еді?
Егер сен туысыңа қонаққа барсаң, үйіне тауып бару үшін саған алдымен не керек болар еді? Елді мекенде көшесінің аты, үйдің реттік саны, жан-жағында орналасқан биік үйлер, ғимараттар ,т.б. арқылы тауып аламыз.
Ал елді мекеннен тыс жерде не істейміз? -Балалар , көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау бағдарлу деп аталады. Көкжиек тұстарын тұсбағар құралымен анықтаймыз. Тұсбағарды көрсетіп ,оны таныстыру.
«Сен білесің бе ?» белгісіндегі тапсырманы оқушыға оқыта отырып, түсінік беру.
Көкжиек тұстарын табиғи белгіге қарап та анықтауға болады. Суреттерін көрсетіп ,көкжиек тұстарының оңтүстік және солтүстік тұстарында ерекше белгілер болатынын ұғындыру.
Д.М.3. Оқулықпен жұмыс
Тізбектей дауыстап оқыту. Суреттер арқылы көкжиек тұстарын бағдарлау.
Д.М.4. Дәптермен жұмыс
Күн ретін, ауа райын жазу.
Жұлдыздардың атын, көкжиек тұстарын жазу
ІҮ. Қорыту
-Балалар, бағдарлау деген не болды?
-Тұсбағардағы көк түс үнемі көкжиектің қай тұсын көрсетеді?
-Табиғи белгіге қарап көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады?
-Тұңғыш тұсбағар қайда пайда болған?
-Тұсбағар қандай жерде ғана дұрыс бағдарлай алады?
Ү. Үйге тапсырма
24,25,26 -беттерді оқу, мазмұны. 27 -беттегі сарамандық жұмысқа берілген тапсырманы орындау.
ҮІ. Бағалау.
- ерасыл
- 6 февраля 2015
- 2754
- 0


